Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 27 шiлдеде N 1589 тiркелген "Республикалық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүліктік жалға (жалдауға) беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мем

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2004 жылғы 12 қаңтардағы N 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2681. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 478 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер"  Кодексіне  (Салық кодексі) сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосының (тізілімінің) нысаны (337.00-нысан) бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер жасайтын жиынтық ведомосы (тізілімі) нысанын толтыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 243  бұйрығының  (тіркеу N 1794) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәтінен күшіне енеді және 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

      Төраға

       Келісілді

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрінің м.а.
      2004 жылғы 10 қаңтар

Қазақстан Республикасында 
тіркелген дипломатиялық  
және оларға теңестірілген 
өкілдіктердің жиынтық   
ведомосына (тiзiлiмiне) 
қосымша         

  Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық
және оларға теңестірілген өкілдіктер жасайтын жиынтық
ведомостарды (тiзiлiмдердi) толтыру
Ережелері
(337.00-нысан)

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің (бұдан әрі - Өкiлдiктер) жиынтық ведомосы (тiзiлiмi) 337.00-нысаннан және Өкiлдiктің қызметкерлерi туралы мәліметтер (Тiзiлiмге қосымша) 337.01-нысаннан (бұдан әрі - 337.01-нысан) тұрады.

      2. 337.01-нысан Өкiлдiктің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерiнің (бұдан әрі - қызметкер) шотына алған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асырғанда толтырылады.

      3. Тiзiлiмдi толтыру кезінде:
      1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
      2) электрондық түрде - магнитті тасығышта, оған Өкiлдiктің уәкілетті тұлғасы қол қойған, қолдан, болмаса баспа құрылғысымен толтырылған, немесе тиісті бағдарламалық қамтамсыз етуді қолданумен принтерде басып шығарған қара-ақ гаммадағы қағаз тасығыштағы Тiзiлiм қоса берiледi.

      4. Тiзiлiмдi толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

      5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Тiзiлiмнің тиісті торкөздері толтырылмайды.

      6. Тiзiлiмге Өкiлдiктің уәкілетті тұлғасы қол қояды және мөрмен куәландырылады.

  2. 337.00-нысанын толтыру

      7. "Өкiлдiк туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде:
      1) салық төлеуші-Өкiлдiктiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      2) 337.00-нысанды толтырылатын кезең. Тоқсан тоқсанның реттік нөміріне сәйкес келетін араб сандарымен көрсетіледі;
      3) Өкiлдiк атауы;
      4) банк деректемелерi, соның iшiнде салық төлеушi-банктiң тiркеу нөмiрi, жеке сәйкестендiру коды (ЖКС) мен банктiң сәйкестендiру коды (БСК) және банк атауы;
      5) жиынтық ведомосының (тiзiлiмнiң) түрі - кезекті немесе қосымша - тиісті торкөзде белгі қойылады.

      8. "Алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша ҚҚС сомасы" бөлiмiнде:
      А бағанында - жолдың рет нөмірі;
      В бағанында - тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізушінің тіркеу нөмірі;
      С бағанында - алу құжатының нөмірі;
      D бағанында - алу құжатының берілген күні;
      E бағанында - төлеу үшін құжатының нөмірі;
      F бағанында - төлеу үшін құжатының күні;
      G бағанында - қосылған құн салығынсыз алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сомасы;
      Н бағанында - қайтаруға көрсетілген қосылған құн салығының сомасы;
      I бағанында - Өкілдіктің шотына қайтаруға тиісті қосылған құн салығының сомасы;
      J бағанында - Өкілдік қызметкерінің шотына қайтаруға тиісті қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

  3. 337.01-нысанын толтыру

      9. 337.01-нысан қосылған құн салығын қайтару оның шотына жүргізілетін Өкілдік қызметкері туралы мәліметтерді көрсетуге арналған.

      10. "Өкiлдiк туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде:
      1) салық төлеуші-Өкiлдiктiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
      2) 337.00-нысанды толтырылатын кезең. Тоқсан тоқсанның реттік нөміріне сәйкес келетін араб сандарымен көрсетіледі;
      3) Өкiлдiктің атауы.

      11. "ҚҚС қайтару жүргізілетін Өкілдік қызметкері туралы мәліметтер" бөлiмiнде:
      А бағанында - жолдың рет нөмірі;
      В бағанында - Өкілдік қызметкерінің (жұмыскерінің) тіркеу нөмірі;
      С бағанында - Өкілдік қызметкерінің (жұмыскерінің) аты-жөні, тегі;
      D бағанында - Өкілдік қызметкеріне (жұмыскеріне) шот ашқан салық төлеушi-банктiң тiркеу нөмiрi;
      E бағанында - Өкілдік қызметкеріне (жұмыскеріне) шот ашқан банктің атауы;
      F бағанында - Өкілдік қызметкеріне (жұмыскеріне) шот ашқан банктiң жеке сәйкестендiру коды;
      G бағанында - Өкілдік қызметкеріне (жұмыскеріне) шот ашқан банктiң сәйкестендiру коды;
      Н бағанында - қайтару тәсілі:
      қайтару, егер Өкілдік қызметкерінің (жұмыскерінің) дербес шотына жүргізілсе - "1" белгісімен белгіленеді;
      қайтару, егер Өкілдік қызметкерінің (жұмыскерінің) дебет карточкасына жүргізілсе - "2" белгісімен белгіленеді;
      I бағанында - Өкілдік қызметкерінің (жұмыскерінің) дербес шот нөмірі немесе дебет карточкасының нөмірі;
      J бағанында - қайтаруға тиісті қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

      12. 337.01-нысанның J бағанының жиынтық шамасы Тізілімнің J бағанына көшіріледі.

Нысан 337.00   

Қазақстан Республикасында тіркелген
дипломатиялық және оларға теңестірілген
өкілдіктердің жиындық ведомосты (тізілім)
(қағаз мәтінді қараңыз)

      

Нысан 337.01 

      Өкілдік персоналы туралы мәліметтер
(Тізілімге қосымша)
(қағаз мәтінді қараңыз)