"2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 22/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 13 ақпандағы N 23/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 19 ақпанда N 837 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдеде N 27/10 Шешімімен

      Инженерлiк және техникалық мамандықтар бойынша жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру және ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орнының ғылыми-педагогикалық және зияткерлiк әлеуетiн, материалдық-техникалық базасы мен инновациялық бiлiм беру технологияларын неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі