II-сайланған Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XХIII-сессиясында 2002 жылғы 28 желтоқсанда бекiтiлген "Aлматы қаласы бойынша жер салығының төлемдерiнiң мөлшерлемелерiн бекiту туралы" шешiмiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы (Алматы қаласы

ІІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ІV сессиясының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 22 шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 31 желтоқсанда N 575 тіркелді. Күші жойылды - IІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XІХ сессиясының 2005 жылғы 18 қарашадағы N 193 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"  Кодексiнiң  333 бабының 1-шi тармағы, 338 бабының 1-шi тармағы мен Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысына сәйкес III-сайланған Алматы қаласы Мәслихаты  ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :
      1. Алматы қаласы Мәслихатының II-сайланған кезектен тыс XХIII-сессиясында 2001 жылғы 28 желтоқсандағы "Алматы қаласы бойынша жер салығының төлемдерiнiң мөлшерлемелерiн бекiту туралы"  шешiмiнiң  N 1, N 2 қосымшаларына келесі өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) N 1 қосымшада "30%" саны "40%" санына, "34,64" саны "40,53" санына өзгертiлсiн;
      2) N 2 қосымшада "3" саны "5,00" санына өзгертiлсiн.
      2. Бұл шешiм 2004 жылғы қаңтардың 1-нен бастап күшiне енеді.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясы (А.И.Шелипанов) және Алматы қаласы бойынша салық комитетiнiң төрағасы Қ.Е.Баедiловке жүктелсiн.

       ІІІ-сайланған Алматы
      қаласының Мәслихатының
      ІV-сессиясының төрағасы

      ІІІ-сайланған Алматы
      қаласының Мәслихатының
      хатшысы

III-сайланған Алматы
қаласы Мәслихатының
2003 жылғы 24 желтоқсандағы
IV-сессиясы N 22 шешiмiне
N 1 қосымша

Алматы қаласының жерлерiнiң аудандастыру (сұлбалары) жобасының негiзiнде базалық салық
мөлшерлемелерiнiң түзетiлiмi

  

Ең төменг i  мөлшерлемес i

Базалық мөлшерлеме

Ең жоғарғы мөлшерлеме

2004 жылы 40% қосылып  10% шегерiлiп теңгемен бекiтiлген жер салығының сараланған мөлшерлемесi

26 ,06

28,95

40,53

 
       ІІІ-сайланған Алматы
      қаласының Мәслихатының
      ІV-сессиясының төрағасы

      ІІІ-сайланған Алматы
      қаласының Мәслихатының
      хатшысы

III-сайланған Алматы
қаласы Мәслихатының
2003 жылғы 24 желтоқсандағы
IV-сессиясы N 22 шешiмiне
N 2 қосымша

Үй төңірегіндегі жер төлемдерінің
базалық салық мөлшерлемелері

  

100 шаршы метрден  асатын   жер
тел i мдер i  бойынша

1000 шаршы метрден  асатын  жер тел i мдер i  салығының мөлшерлемес i

бiр шаршы метр үшiн 5,00 теңге

      
       ІІІ-сайланған Алматы
      қаласының Мәслихатының
      ІV-сессиясының төрағасы

      ІІІ-сайланған Алматы
      қаласының Мәслихатының
      хатшысы