Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 7 тамыздағы "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүліктерді мүліктік жалға беру ережелерін бекіту туралы" N 48/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2001 ж

Павлодар облысы әкімдігінің 2005 жылғы 24 қыркүйектегі N 208/9 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 7 қазанда N 2068 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 70/4 қаулысымен.

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 70/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 67 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 7 тамыздағы "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүліктерді мүліктік жалға беру ережелерін бекіту туралы" N 48/5 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүліктерді мүліктік жалға беру ережелеріндегі:
      3-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "3. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүліктерді, соның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру, мына жағдайлардан басқа, тендерлік негізде жүзеге асырылады:
      1) облыс әкімдігінің жекелеген қаулылары негізінде жүзеге асырылатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық маңыздағы объектілерін мүліктік жалға беру;
      2) алаңы 100 ш.м., орындарды, баланстық құны төменгі есептік көрсеткішінен 150-еседен аспайтын құралдар мен оқу орындарын, спорттық мекемелерді, мәдени және бос уақытты өткізу ұйымдарын, сондай-ақ ғылыми ұйымдарды мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы  бойынша уәкілетті органның жазбаша келісімімен жүзеге асырылатын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер мен спорттық іс-шаралар өткізу үшін көп дегенде бір ай мерзімге беру."
      мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Жалға алған мүлікті пайдаланғаны үшін ақшалай ақы төленеді.
      Жалдау ақысының есептік мөлшері аймақтық жағдайларды ескере отырып анықталады және уәкілетті органның келісімі бойынша жалға беруші бекітеді."
      6-тармақтың екінші азат жолындағы "уәкілетті органның келісуімен" деген сөздер "мемлекеттік басқару органымен келістіргеннен кейін және уәкілетті органның жазбаша келісімінен кейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Тендерлік комиссия жалға берушінің және уәкілетті органның өкілдерінен құралады. Тендерлік комиссияның құрамына сондай-ақ жалға берушінің мемлекеттік басқару органының өкілдері және өзге де мүдделі ұйымдар қосылуы мүмкін."
      16-тармақтың 2) тармақшасы "және жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі көлемінде (осы Ереженің 3-1 тармағына сәйкес жалға беруші бекіткен есептік көрсеткіштен кем болмайтын);" деген сөздермен толықтырылсын;
      28-тармақ "бір өтінімнен" деген сөздерден кейін "(екінші және кейінгі тендерлерді есепке алмағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      46-тармақта "мен уәкілетті органға" деген сөздер "және мемлекеттік басқару органына" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С. Демеуовке жүктелсін.

      Облыс әкімі Қ. Нұрпейісов