Фискальдық жады бар бақылау - касса машиналарды пайдалабай қатаң есептілік құжаттарының нысандарын қолданудың кейбір мәселері

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 491 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 23 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2631. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің   
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ....
      14. "Фискальдық жады бар бақылау - касса машиналарды пайдалабай қатаң есептілік құжаттарының нысандарын қолданудың кейбір мәселері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 491 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2631 болып тіркелді, "Ресми газет" газетінде 2004 жылғы 24 қаңтардағы № 4 жарияланды).
      .........

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) 1-қосымшаға сәйкес фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын пайдаланбай, қатаң есептілік құжаттарының нысандарын бекіту үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетіне құзырлы мемлекеттік орган енгізетін Қорытынды нысанын;
      2) 2-қосымшаға сәйкес фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарынсыз пайдаланатын, қатаң есептілік құжаттарының нысандарын бекіту үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетіне құзырлы мемлекеттік орган енгізетін Қорытындыға талаптар.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы Министрлігінің Салық комитеті Төрағасының орынбасары М.М.Әбдірахмановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

"Фискальдық жады бар бақылау-касса   
машиналарын пайдаланбай қатаң      
есептілік құжаттарының нысандарын   
қолданудың кейбір мәселелері"     
Қазақстан Республикасының       
Қаржы министрлігі          
Салық комитеті Төрағасының       
2003 жылғы 3 желтоқсандағы       
N 491 бұйрығына 1-қосымша       

ҚОРЫТЫНДЫ
____________________________________________________________
қорытынды енгізген құзырлы мемлекеттік органның атауы
______________________________________________________ нысаны
құжаттың аты

фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарынсыз
пайдаланатын, қатаң есептілік құжат ретінде бекіту үшін

      1. Қатаң есептілік құжатты пайдаланудың мақсаттылығын негіздеу
___________________________________________________________________

      2. Қатаң есептілік құжат нысанының сипаттамасы

      3. Қатаң есептілік құжаттар нысанын қолдану және толтыру
туралы нұсқау

      4. Ұсынылған қатаң есептілік құжат нысанында міндетті
реквизиттердің бары (тиісті ұйымға ___ белгілеңдер):
      4.1. мекеменің атауы  ___          4.5. қызмет сипаты ___
      4.2. құжаттың атауы   ___          4.6. қызмет құны   ___
      4.3. құжаттың сериясы
      мен нөмірі            ___          4.7. күні          ___
      4.4. салық төлеушінің СТН-і ___

___________________________________________________________ нысанын
            қатаң есептілік құжаттың атауы

фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарынсыз пайдаланатын,
қатаң есептілік құжат ретінде бекітудің мүмкіншілігі бар деп
санаймыз.

"Фискальдық жады бар бақылау-касса  
машиналарын пайдаланбай қатаң     
есептілік құжаттарының нысандарын   
қолданудың кейбір мәселелері"     
Қазақстан Республикасының       
Қаржы министрлігі          
Салық комитеті Төрағасының       
2003 жылғы 3 желтоқсандағы       
N 491 бұйрығына 2-қосымша       

Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарынсыз
пайдаланатын, қатаң есептілік құжаттарының нысандарын
бекіту үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Салық комитетіне құзырлы мемлекеттік орган енгізетін
қорытындыға
Талаптар

      1. Осы Талаптар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабының 1-тармағына сәйкес құрастырылған.

      2. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын пайдаланбай, қатаң есептілік құжаттар туралы құзырлы мемлекеттік органның Қорытындысында (бұдан соң - Қорытынды) келесі мәліметтер болу керек:
      1) қатаң есептілік құжатты пайдаланудың мақсаттылығын негіздеу. Бұл бөлімде кәсіпкерлік қызмет ортасының қысқа сипаттамасын беру керек, фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын пайдалана алмайтын осы қызметке тән ерекшелігін жазу керек (мекен-жайының ерекшелігі, аймақтың алшақтығы, стационарлық жайы жоқ болуы және т.б.);
      2) қатаң есептілік құжат нысанының сипаттамасы. Бұл бөлімде бекітуге берілген қатаң есептілік құжаттың толық сипаттамасы болу керек (бланктің форматы мен мөлшері, парақтар саны, үзбелі талон немесе түбіршегінің болуы, қағаздың түсі мен сапасы, қорғаныс торының болуы, типографиялық белгісі және сулы таңбасы, бланкте бланк реквизиттерінің болуы және орналасуы және т.б.);
      3) қатаң есептілік құжат нысанын толтыру және қолдану туралы нұсқау. Бұл бөлімде бланкті хаттау талаптары ескерілуі керек (толтырылатын дана саны, реквизиттерді толтыру туралы ұсыныс, бланктің қай бөлімі тұтынушыға (тапсырыс берушіге) берілетіні, қай бөлімі пайда есебі үшін қалатыны жайлы сипаттама және т.б.).

      3. Қорытындыға қосылады:
      1) бекітуге ұсынған фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын пайдаланбай, қатаң есептілік құжаттардың нысаны (бұдан соң - Қатаң есептілік бланкі);
      2) қатаң есептілік құжаттардың есебі, сақтау және тапсыру тәртібі.

      4. Қатаң есептілік бланктің нысанында Қатаң есептілік бланктің атауы, сериясы және/немесе нөмірі және келесі ақпаратты ашатын жолдарының болуы шарт:
      1) қызмет көрсеткен жеке кәсіпкердің аты-жөні немесе мекеменің атауы;
      2) қызмет көрсеткен салық төлеуші жеке кәсіпкердің немесе мекеменің тіркеу нөмірі;
      3) ақы алынатын қызмет түрінің сипаты;
      4) қызмет құны;
      5) Қатаң есептілік бланкті толтыру күні.
      Сонымен бірге қажетті ақпаратты жазуға қосымша реквизиттерді енгізуге болады.

      5. Қорытынды және қосымшалар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетіне қағаз және электронды тасығышта тапсырылады.