Диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 желтоқсандағы N 923 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2627. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 698 Бұйрығымен.

      "Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының теңгерiмiндегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шұбар" мемлекеттiк саяжайы" объектiсiнiң 1081 трансформаторлық шағын станциясы мен "195 пәтерлiк тұрғын үй кешенi" объектiсiнiң трансформаторлық шағын станциясын республикалық меншiктен Астана қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы Астана қаласы әкiмiнiң ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен трансформаторлық шағын станцияларды қабылдау-беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы