Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 389 тіркелген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының, биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 415 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 19 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2622. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 (V043400) қаулысымен (Қолданысқа ену тәртібін қаулының 2-тармағынан қараңыз).

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Астана қаласының аумағындағы тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) иелерi немесе өкiлдiгi азаматтық заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген олардың заңды өкiлдерi 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен Алматы қаласынан Астана қаласына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттігін көшiру үшiн оларды сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) берушілер болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi:
      1) тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) сатып алу үшiн бөлiнген қаражатты оңтайлы әрi тиiмдi жұмсау қағидатының сақталуын, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабы 3, 4-тармақтарының орындалуын қамтамасыз етсiн;
      2) заңнамада белгiленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі