Арнайы бiлiм беру ұйымдарының үлгiлерi мен түрлерiнің тiзбесiн, арнайы бiлiм алуға мұқтаж адамдарға арналған бiлiм беру ұйымдарындағы қажеттi орын санын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 787 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2619. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 04 шілдедегі № 258 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 470-104-жолдың 2-бағаны "Шығыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Сәрсен Аманжолов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 470-133-жолдың 2-бағаны "Солтүстiк Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Манаш Қозыбаев атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 470-137-жолдың 2-бағаны "Батыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Махамбет Өтемiсов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 470-155-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 470-170-жолдың 2-бағаны "Батыс Қазақстан" деген сөздердiң алдынан "Жәңгiр хан атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі