Ұлттық компанияларға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволық бағыныстыларына жатқызылғандарды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерд

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 23 қазандағы N 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2552. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы N 441 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу мен олардың сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 тамыздағы N 796 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 035 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оның сараптамасы республикалық бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу мен олардың сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың" тiзбесi:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 9-1 және 9-2-жолдармен толықтырылсын:
      "9-1  Ауылдық денсаулық сақтау саласында ұтқыр және
            телемедицинаны дамыту                           28,00
       9-2  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
            бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру                12,00";
            мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi       23-жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi
      23 Щучинск қаласындағы республикалық шаңғы спорт базасы  7,43".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі