Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 38 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2506. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 578 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Yкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес және заңнамалық кесiмдерде көзделмеген мемлекеттiң кiрiстерiн пайдаланудың бағыттарын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Монетарлық операциялар департаментiнiң шотына түскен саны 12500 трой унциясы сары металды сатсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген сары металды сатудан түсетiн қаражат Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер ретiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеледi деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының орындалуы жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі