Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тәртіптік әскери бөлімінде арнаулы құралдарды қолдану жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және қолданысқа енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 26 тамыздағы N 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 23 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2501. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 655 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Заңнамада белгiленген тәртiппен Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасын (бұдан әрi - жоба) қаржыландыру үшiн 7 000 000 (жетi миллион) ислам динарынан аспайтын сомаға келiсiм (шарт) жасасу нысанында Ислам Даму Банкiнiң (бұдан әрi - Кредит берушi) қарызын тарту жолымен үкiметтiк қарыз алу жүзеге асырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Әдiлбек Рыскелдiұлы Жақсыбековке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Кредит берушiмен қарыз туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Жобаны республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру қосылған құн салығын төлеудi қоса алғанда, 1 863 000 (бiр миллион сегiз жүз алпыс үш мың) АҚШ долларынан аспайды деп белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебiнен тартылатын қарызға қызмет көрсетудi және оны өтеудi қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi тартылатын қарыз қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі