Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2011.01.19 № 08-1-1-1/13 (мемлекеттiк тiркелу күнiнен бастап күшiне енедi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулығын бекiту туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 30 желтоқсанда N 1347 тіркелген, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 2 қазандағы N 08-1/47 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы N 263 бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа:
1) 20 тармақтың 1) тармақшасындағы "басқа мемлекеттің" деген сөздерден кейін "әскери қызметіне," деген сөздерімен толықтырылсын;
2) 26 тармақтағы үшінші абзац алынып тасталсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелу күнiнен бастап күшiне енедi.
Министрдің М.А.