Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы

Ескерту: Бұйрықтың қолданылу күші тоқтатылды - ҚР Әділет министрінің 2003 жылғы 16 қазандағы N 218 бұйрығымен. Әділет министрінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 133 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2406. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі N 256 бұйрығымен.

        Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі   N 256   бұйрығымен .
----------------------------------

----------------------------------             

      Извлечение из приказа
Министра юстиции Республики Казахстан
от 16.10.2003г. N 218

      В соответствии со  статьей 7  Закона Республики Казахстан "Об органах юстиции" приказываю:
      1. Приостановить действие Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 3 июля 2003 года N 133 "Об утверждении Правил ведения мониторинга нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов", зарегистрированного в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 июля 2003 года N 2406.
      2. Настоящий Приказ вводится в действие с момента его подписания.

      Министр юстиции
---------------------------------        

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7-бабына сәйкес, нормашығармашылық процесті жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-Министрі Ж.Асановқа жүктелсін.
      3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

№"Орталық және жергілікті   
мемлекеттік органдардың   
нормативтік құқықтық    
актілеріне мониторинг   
жүргізу ережесі туралы"   
Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің     
2003 жылғы 3 шілдедегі  
N 133 бұйрығымен     
бекітілген        

  Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың
нормативтік құқықтық актілеріне
мониторинг жүргізу ережесі

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қабылданған, өзгертілген және/немесе толықтырылған, тіркелген, бас тартылған, тоқтатылған сондай-ақ күшін жойған және жойылған нормативтік құқықтық актілері туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау тәртібін белгілейді.

      2. Осы ереженің күші Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына қатысты мәліметтерді қамтитын нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.

      3. Ереже Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) қолдануы үшін міндетті.

      4. Мониторингтің негізгі міндеттері:
      1) қабылданған, өзгертілген және/немесе толықтырылған, тіркелген, бас тартылған, тоқтатылған, сондай-ақ күшін жойған және жойылған нормативтік құқықтық актілерді есепке алу, тіркеу;
      2) мемлекеттік органдарда нормашығармашылық қызметтің деңгейін арттыру болып табылады.

      5. Мониторинг деген ұғым осы Ережеде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қабылданған, өзгертілген және/немесе толықтырылған, тіркелген, бас тартылған, тоқтатылған, сондай-ақ күшін жойған және жойылған нормативтік құқықтық актілері туралы ақпаратты жинауды, есепке алуды және сақтауды білдіреді.

      6. Нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат міндетті түрде Мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілер тіркеліміне (бұдан әрі - Тіркелім) енгізіледі.
      Тіркелім нысаны осы Ережеге қосымшаға сай нысанға сәйкес келтірілуге тиіс.
      Нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан, толықтырулар және/немесе өзгерістер енгізілгеннен, мемлекеттік тіркеу жүргізілгеннен, мемлекеттік тіркеуден бас тартылғаннан, тоқтатылғаннан, мемлекеттік тіркеу қалпына келтірілгеннен, сондай-ақ күші жойылғаннан және жойылғаннан кейін мемлекеттік органдар көрсетілген ақпаратты Тіркелімге енгізуге тиіс.

      7. Мониторинг жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіруді мемлекеттік органдардың заң қызметтері жүзеге асырады.

  2-тарау. Мониторинг жүргізу тәртібі

      8. Қабылданған нормативтік құқықтық актілердің мониторингі заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген (қол қойылған) нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты есепке алуды қамтиды.
      Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік органның бірінші басшысы (не оның міндеттерін атқарушы тұлға) бекіткеннен кейін осы акт туралы ақпарат осы Ережеде белгіленген тәртіппен Тіркелімнің "Нормативтік құқықтық актінің атауы, нормативтік құқықтық актіні қабылдау күні және нөмірі" деген бағанына енгізіледі.

      9. Өзгертілген және/немесе толықтырылған нормативтік құқықтық актілердің мониторингі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы өзгерістер мен толықтыруларды енгізген нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты есепке алуды қамтиды.
      Нормативтік құқықтық актіге өзгеріс және/немесе толықтыру енгізілгеннен кейін осы нормативтік құқықтық акт туралы, сондай-ақ осы Ережеде белгіленген тәртіппен тиісті өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген нормативтік құқықтық акт туралы ақпарат Тіркелімнің "Өзгерістер мен толықтырулар" деген бағанына енгізіледі.
      Нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, сонымен бір уақытта негізгі нормативтік құқықтық акт көрсетілген тіркелім бетінде өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізетін нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы жазуды енгізе отырып, "өзгерістер мен толықтырулар" деген бағанда өзгерісті және/немесе толықтыруды қамтитын нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      10. Тіркелген нормативтік құқықтық актілердің мониторингі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркелген және заңды күшіне енген актілер туралы ақпаратты қамтиды.
      Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін осы нормативтік құқықтық акт туралы ақпарат Тіркелімнің "Нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркелген нөмірі" және "Нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркелген күні" деген бағандарына енгізіледі.
      Тіркелімнің "Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы мәліметтер (нқа күшін жою)" деген бағанына мынадай жағдайларда:
      1) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырушы уәкілетті орган нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркелуін жою туралы қорытынды шығарғанда;
      2) осы актіні қабылдаған немесе оған уәкілетті өзге де орган нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танығанда;
      3) нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес еместігі туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде тіркелген нормативтік құқықтық актілер бойынша тиісті жазулар енгізілуі мүмкін.

      11. Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілердің мониторингі Қазақстан Республикасының Әділет органдары заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеусіз қайтарған нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты есепке алуды қамтиды.
      Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартылғаннан кейін осы актіні жою туралы ақпарат Тіркелімнің "Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы мәліметтер (нқа күшін жою)" деген бағанына енгізіледі.
      Бұл ретте, осы бағанға әділет органдарының заңды күшіне енбеген ретінде нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тарту жөніндегі хаты туралы ақпарат (нөмірі, күні) енгізіледі.

      12. Тоқтатылған нормативтік құқықтық актілердің мониторингі күші немесе жекелеген нормаларының күші белгілі бір мерзімге тоқтатылған нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты қамтиды. Бұл ретте, нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының күшін тоқтату жекелеген нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады.
      Нормативтік құқықтық актінің немесе жекелеген нормасының (нормаларының) күші жекелеген нормативтік құқықтық актімен тоқтатылғаннан кейін нормативтік құқықтық актілер деректері туралы ақпарат Тіркелімнің "Нормативтік құқықтық актінің күшін тоқтату және қалпына келтіру туралы мәліметтер" деген бағанына енгізіледі.

      13. Күші жойылған және жойылған нормативтік құқықтық актілер мониторингі күші жойылған нормативтік құқықтық актілер туралы, сондай-ақ қабылданған, мемлекеттік тіркелуге тиіс және күші жойылған нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты есепке алуды қамтиды.
      Нормативтік құқықтық актінің күші жойылғаннан, сондай-ақ жойылғаннан кейін осы нормативтік құқықтық акт туралы ақпарат нормативтік құқықтық акт күші жойылған (жойылған) деп танылған негіздемелері мен күнін көрсете отырып, Тіркелімнің "Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану (нормативтік құқықтық актінің күшін жою) туралы мәліметтер" деген бағанына енгізіледі.

      14. Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген жағдайда осы нормативтік құқықтық акт заңдарда белгіленген тәртіппен жариялануға тиіс.
      Нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау туралы ақпарат Тіркелімнің "Ресми жарияланған күні және басылымның атауы" деген бағанына енгізіледі.

  3-тарау. Тіркелімді жүргізу тәртібі

      15. Мемлекеттік органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелерінде Тіркелімді жүргізуге және оны дұрыс толтыруға жауапты адам тағайындалады.

      16. Тіркелімді жүргізуге жауапты адамды мемлекеттік орган басшысы, ал аумақтық органдарда - тиісті аумақтық органның басшысы тағайындайды.

      17. Тіркелім құжаттық нұсқада (қағаз жазбада) қатталып тігілуге, нөмірленуге, жауапты адамның қолы қойылуға және тиісті мемлекеттік органның мөрімен бекітілуге тиіс журналды қамтиды.
      Журнал бөгде адамдарды жіберуді шектейтін арнайы белгіленген жерде қатаң есептегі және тұрақты сақталатын құжат болып табылады.

      18. Тіркелімде түзетулердің, қосып жазудың, өшірудің болуына, парақтардың болмауына жол берілмейді.

      19. Тіркелімнің мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

      20. Журналдың бір бетіне тек бір нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер енгізіледі. Бір бетке екі және одан аса нормативтік құқықтық актілер туралы жазуларды енгізуге жол берілмейді.

      21. Тіркелімнің нөмірленуі толассыз болуға тиіс.
      22. Тіркелім мәтіні анық және түсінікті болуға тиіс.
      23. Тіркелімге жазулар анық, түсінікті жазумен қара түсті сиямен енгізіледі. Қарындашпен жазуға, шимайлауға, қосып жазуға, өшіруге, түзетуге, парақтардың болмауына жол берілмейді.
      24. Тіркелім қосымша электронды тәсілмен жүргізілуі мүмкін.

      

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің     
2003 жылғы 3 шілдедегі  
N 133 бұйрығымен     
бекітілген        
Орталық және жергілікті  
мемлекеттік органдардың  
нормативтік құқықтық   
актілеріне мониторинг  
жүргізу ережесіне   
қосымша        

200__ жылғы ________ нормативтік құқықтық
актілердің тіркелімі

___________________________________________________________________
N| Норма.|  Нқа  | Нқа   | Нқа    | Норма. |  Мемле. |Өзгерістер
 |тивтік |мемле. |мемле. |күшін   |тивтік  | кеттік  |   мен
 | құқық.|кеттік |кеттік |тоқтату |құқықтық|  тірке. | толықты.
 |  тық  |тіркел.|тіркел.| және   |актінің |  лімін  |  рулар
 |актінің|  ген  |  ген  |қалпына | күші   |жою және |
 | атауы,|  күні | нөмірі|келтіру |жойылды | қалпына |
 |  нқа  |       |       | туралы | (нқа   | келтіру |
 | қабыл.|       |       |мәлімет.| күшін  | туралы  |
 | данған|       |       |  тер   |жою) деп|  мәлі.  |
 |  күні |       |       |        |  тану  |  меттер |
 |  және |       |       |        | туралы |         |
 | нөмірі|       |       |        |мәлімет.|         |
 |       |       |       |        |  тер   |         |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
_____________________________
Жариялан.|  Ресми    |Беттер
ған күні |жарияланған| саны
мен орны | күні және |
         |басылымның |
         |  атауы    |
______________________________
______________________________