Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде N 2017 тiркелген "Азық-түлiк рыногын құру, ұстау және пайдалануға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 464 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2392. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 578 бұйрығымен.

      Қазақстан-қытай шекарасындағы Қорғас өзенi бойында су тасқынынан туындаған өңірлік төтенше жағдайдың зардаптарын жою үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Алматы облысының әкiмiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Қорғас өзенi бойында шұғыл авариялық-қайта қалпына келтiру, жағалауларды бекiту жұмыстарын жүргiзуге және өзен арнасының түбiн тазартуға 80 (сексен) миллион теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Алматы облысының әкiмi 2003 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Pecпубликасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігіне орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі