"Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 26 қыркүйекте N 2019 тіркелген N 4 бұйрығына N 3 толықтырулар енгі

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 5 маусымдағы N 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2382. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 172 бұйрығымен.

  -----------Бұйрықтан үзінді-----------

      "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелуiне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң мынадай бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын:
      4) тiркелген N 2382, "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйекте N 2019 тiркелген N 4 бұйрығына N 3 толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 5 маусымдағы N 96...

      Министрдің
      міндетін атқарушы
-----------------------------

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы  Заңына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі N 2019 тіркелген N 4  бұйрығына  (N 2021 тіркелген 2003 жылғы 12 наурыздағы N 44, N 2019 тіркелген 2003 жылғы 4 мамырдағы N 76) мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
      134 "Мүліктік заттарды, басқа да киім нысанын және арнаулы киім-кешектер сатып алу, тігу және жөндеу" ерекшелігі бойынша "Анықтама" бағанында "сот приставтары" деген сөздерден кейін "сот орындаушылары" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті (Б.Т.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Е.Е.Исаев) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр