Берілген бір жолғы талондардың сомаларын бюджетке есепке алу тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2003 жылғы 16 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2273. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 618 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Грозный қаласында (Шешен Республикасы, Ресей Федерациясы) көп пәтерлік тұрғын үй салу түрінде Ресей Федерациясына ізгілік көмек көрсету туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі:
      1) Ресей Федерациясының Шешен Республикасындағы құрылыс рыногын зерделеу жөніндегі қажетті іс-шараларды жүргізсін;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, 2003 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде Ресей Федерациясына ізгілік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы өкімнің 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген іс-шараларды жүргізу кезінде жәрдем көрсетсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

      Премьер-Министр