ҚР Әділет министрлігінде 986 номірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 24 қарашадағы N А

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2268. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығымен

      Ескерту. Жарлықтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 696 Жарлығымен.

      Республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға  
тиіс         

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2001 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 702 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы болып Қазақ гуманитарлық-заң университетінің ректоры Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы;
      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып:
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Рогов Игорь Иванович, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы міндетін атқарудан босатыла отырып;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрі Жұмабеков Оңалсын Исламұлы;
      Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы, Қазақстан Республикасы судьялар одағының төрағасы Тұрғараев Бекет тағайындалсын;
      Ким Г.В. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамынан шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті