Желілер, штаттар, контингенттер туралы Мәліметтерді түзу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2003 жылғы 31 наурыздағы N 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2254. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткiзу жөнiндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасының Yкiметiнiң 2002 жылғы 19 сәуiрдегi N 451 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      1) жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:

      Шамсутдинов                 - Қазақстан Республикасының
      Ринат Шарафутдинұлы           Әділет вице-министрi

      Рахметов                    - Қазақстан Республикасының
      Нұрлан Құсайынұлы             Қаржы вице-министрi

      Орынбаев                    - Қазақстан Республикасының
      Ербол Тұрмаханұлы             Экономика және бюджеттiк
                                    жоспарлау вице-министрi

      2) көрсетiлген құрамнан Георгий Владимирович Ким, Болат Бидахметұлы Жәмішев, Арман Ғалиасқарұлы Дунаев шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі