"Қазақстан Республикасының орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдаудың Үлгi ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 707 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2232. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244 (V053627) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі орынбасарларының шекті саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 шілдедегі N 985  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "Атырау" деген жолдағы "Оның ішінде әкімнің орынбасарлары (бірлік)" деген бағанда "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
      "Жиыны" деген жолдағы "Оның ішінде әкімнің орынбасарлары (бірлік)" деген бағанда "65" деген сан "66" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі