N 455 болып тiркелген "24 Бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастыру" бухгалтерлiк есеп стандартын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бухгалтерлік есеп және аудит әдiснамасы департаментiнiң 1997 жылғы 31 желтоқсандағы N 455 бұйрығына өзг

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 11 наурыздағы N 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 2 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2225. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне шағын бизнесті қолдау саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілуіне байланысты қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қыркүйектегі N 692 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ережеде:
      12-тармақта "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті