Асыл тұқымды мал шаруашылығындағы кейбір мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 5 наурыздағы N 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 27 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2220. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 4 мамырдағы N 285 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне шағын бизнесті қолдау саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілуіне байланысты қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қыркүйектегі N 692 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ережеде:
      12-тармақта "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті