Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде N 1942 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 69 "Конкурстық істің және оңалту рәсімдерінің сот

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2206. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 12 бұйрығымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.20. N 1102 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнің ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 440-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерінің ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуінің тәртiбi:
      мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
      "2-3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ақылы бiлiм беру қызмет көрсетуiне, сондай-ақ жоғарғы, жоғарғы оқу орнынан кейiнгi және қосымша кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызмет көрсетуi жатады".
      5-тармақтың үшiншi абзацында:
      "2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында";
      "кәмелетке толған азаматтар" деген сөздерден кейiн "немесе заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын.
      6-тармақтың екiншi абзацындағы "2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі