Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан айыпталушыларды құжаттандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 34, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 8, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы N 16, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 10, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 29 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2150. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 138, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 309, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 497 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 63 бірлескен бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қазандағы N 1130 қаулысымен енгізілген "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот ісін жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінен қайтарып алынсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі