Коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы объектілерді, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға)

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 11 қарашадағы N 394 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2002 жылдың 9 желтоқсанда N 739 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 70 Қаулысымен 

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына сәйкес, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметтік ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және  жабдықтау функцияларын орындау Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп:
      1) Кәсіпорын жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2002 жылғы 2 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі