"2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 22 желтоқсандағы 14/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 22/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 16 қаңтарда N 805 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдеде N 27/10 Шешімімен

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.30 N 635 Бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    Б. Жәмішев

                                         Қазақстан Республикасы
                                            Қаржы министрінің
                                       2008 жылғы 30 желтоқсандағы
                                             N 635 бұйрығына
                                                 2-қосымша

Қазақстан Республикасының күшi жойылған кейбiр
нормативтік құқықтық актілерінің тiзбесi

      1. ...
      2. "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" 1991 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 Бұйрығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2002 ж. 25 желтоқсандағы N 895 бұйрығы, (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2108 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық орындаушы және басқа мемлекеттік органдарының Нормативтік-құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жылы N 11, 813 б. жарияланған).
      ........
      25. ...

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" (2002 жылдың 2 қазанында 1991 нөмірмен тіркелген, "Официальная газета" 19.10.02 жылы N 42, "Ресми газетте" 19.10.02 жылы N 95 жарияланған) Бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген Бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімі, келесі мазмұндағы жолмен, реттік нөмірі 54 толықтырылсын:
      "54. Фронт-офистік филиалдық Cashier System (9.6 DD нұсқа) қосымшамен Equation DBA БКЖ (3.4 нұсқа)".
      2. Салықтық бақылау басқармасы (А.Борамбаева) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Салық комитеті Төрағасының орынбасары Ә.Базарбаеваға жүктелсін.
      4. Осы Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Төраға