Атқару өндірісінің заңдылығын прокурорлық қадағалау туралы

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2169. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығымен.

      Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 46-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру шараларының жоспары" деген 6-тармақ кестесінің "Бағдарламаны іске асыру шаралары (шағ.бағ.)" деген 5-бағанында:
      "Хирургиялық сүйекті жинақ - 1" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Операция үстелі - 2" деген сөздерден кейін "Электронды СО2 - эндофлактор жиынтығы - 1; Стационарлық хирургиялық жарықшам - 5; Аутокон - 1; Спирометр - 1; Урологиялық үстел - 1; Колонофиброскоп - 1; Портативті дефибриллятор - 1; Көлденең бу стерилизаторы - 3; Құрғақ қыздырғыш стерилизатор - 3" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі