Ресей Федерациясынан "Байқоңыр" кешеніне әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 16 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2125. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Отель Астана" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 923 қаулысына :
      мәтiндегi "Қазақстанның Даму Банкi" деген сөздер "Қазақстан Эксимбанкi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Айт-Отель" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 20 тамыздағы N 927 қаулысына :
      мәтiндегi "Қазақстанның Даму Банкi", "Қазақстанның Даму Банкiне" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Эксимбанкi", "Қазақстан Эксимбанкiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесiнiң департаментi тартқан мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi N 969 қаулысына:
      мәтiндегi "Қазақстанның Даму Банкi" деген сөздер "Қазақстан Эксимбанкi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 8 қазандағы N 1294 қаулысы ;
      2) "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының қызметін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі N 460 қаулысы .
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі