"Iшкi iстер органдарының адрестiк-анықтама жұмысы жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi Iстер Министрiнiң 1995 жылғы 10-шiлдедегi N 169 Бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 5 қарашадағы N 693 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 9 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2078. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 650 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.10 N 685 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының ауыл халқы диспансерлеу мен динамикалық байқауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жекелеген санаттардағы науқастар ауруларының алдын алу және динамикалық медициналық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 27 желтоқсандағы N 853 бұйрығына (бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркеуі 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 1372) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты кешендік медициналық тексеру, диспансерлеу және динамикалық бақылау жөніндегі нұсқаулықтағы (бұдан әрі - Нұсқаулық):

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) ауыл халқының өзге де топтары".
      2. Облыстық денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары Нұсқаулыққа сәйкес ауыл халқын жыл сайынғы медициналық тексеру мен диспансерлеу өткізуді қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 маусымға және 15 қаңтарға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне осы бұйрықтың орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрігінде оны мемлекеттік тіркеуден өткізген күнінен бастап іс-қимылға енгізіледі.

      Министр