Жаттықтырушы-оқытушылар құрамына біліктілік санаттарын берудің Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 06-2-2/163 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 24 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1961. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2011.03.05 № 02-02-18/29 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысын іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі туралы Ереженің 12-тармағының 10 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметші болып табылмайтын жаттықтырушы-оқытушылар құрамына біліктілік санаттарын берудің Ережесі бекітілсін.
      2. Ұйымдастыру-құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімі осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен мезеттен бастап күшіне енеді.
      4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның
орынбасары Е.Б.Қанағатовқа жүктелсін.

     Төрағаның
     міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі
агенттігінің       
2002 жылғы 26 шілдедегі 
N 06-2-2/163 бұйрығымен 
бекітілген       

Жаттықтырушы-оқытушылар құрамына
біліктілік санаттарын берудің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мемлекеттік қызметкерлеріне біліктілік санаттарын берудің тәртібін реттейді. Санаттарды беру кәсіби шеберлікті ынталандыру, спортшыларды оқытудағы және тәрбиелеудегі жауапкершілікті арттыру, нарықтық қатынастар жағдайында еңбекке ақы төлеуді саралау жолымен осы санаттағы қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі және елдің дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмысын жетілдіруге, дене шынықтыру және спорт қызметкерлерінің қоғамдағы орны мен беделін арттыруға, оларды жемісті еңбегі үшін моральдық және материалдық ынталандырудың мүмкіндігін кеңейтуге ықпал ететін болады.
      Біліктілік берудің негізгі принциптері еркіндік, ашықтық, алқалылық, жүйелілік болып табылады.

      2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен ұғымдар қолданылады:
      1) біліктілік санаты - белгілі бір күрделі жағдайда қызметкердің кәсіби міндеттерін шешуіне мүмкіндік беретін біліктілік деңгейінің нормативтік талаптарға сәйкестігі;
      2) біліктілік санаттарын беру - дене шынықтыру және спорт саласындағы көрсетілетін қызметтерге жаттықтырушы-оқытушылар құрамының білім деңгейінің сәйкестілігін бақылау мақсатында жүргізілетін ресім.

      3. Біліктілік санаттарын беруге мынадай дене шынықтыру және спорт қызметкерлерінің санаттары жатады:
      1) барлық мамандықтағы жаттықтырушылар;
      2) барлық мамандықтағы әдіскерлер (нұсқаушылар);
      3) нұсқаушы-спортшы.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы" қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) бекітілген мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің лауазымдық тізіліміне сәйкес барлық мамандықтағы жаттықтырушылардың еңбегіне саралап ақы төлеу үшін мынадай біліктілік талаптары белгіленеді:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы-оқытушы;
      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы;
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы-оқытушы.

      5. Қаулымен бекітілген мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің лауазымдық тізіліміне сәйкес барлық мамандықтағы әдіскерлердің (нұсқаушылардың) еңбегіне саралап ақы төлеу үшін мынадай біліктілік талаптары белгіленеді:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер (нұсқаушы);
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер (нұсқаушы);
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер (нұсқаушы);
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ әдіскер (нұсқаушы);
      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер (нұсқаушы);
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер (нұсқаушы);
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер (нұсқаушы);
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ әдіскер (нұсқаушы).

      6. Қаулымен бекітілген мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің лауазымдық тізіліміне сәйкес спортшы - нұсқаушылардың еңбегіне саралап ақы төлеу үшін мынадай біліктілік талаптары белгіленеді:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты спортшы - нұсқаушы;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты спортшы - нұсқаушы;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты спортшы - нұсқаушы.

      7. Педагогикалық жүктемесі бар дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшыларына, олардың орынбасарларына, зейнеткерлерге біліктілік санаттарын белгілеу жалпы негізде жүргізіледі.

      8. Дене шынықтыру және спорт ұйымдары қойылатын талаптарға қызметкерлердің деңгейі мен сапасы жауап бермеген жағдайда, оларға біліктілік санаттарын беру туралы шешімді қайта қарайды. Аталған қызметкерлердің біліктілік санаттарын қайта қарау осы Ереженің негізінде жүзеге асырылады.

2. Біліктілік комиссиясы және оның құрамы

      9. Біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдарда құрылады, олар, Комиссияны өткізудің нақты мерзімін, нысандары мен ресімдерін анықтайды, талапкердің жұмысына талдау жасайды, Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша шешімдер шығарады.

      10. Комиссия мына құрамда құрылады:
      Комиссияның төрағасы - дене шынықтыру және спорт саласындағы атқарушы орган басшысы немесе басшының орынбасары, атқарушы органның жауапты қызметкерлері, заңгер, жетекші жаттықтырушы-оқытушылар, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары.

      11. Қызметшілердің құрамы және Комиссиялардың өкілеттілік мерзімі атқарушы органның бұйрығымен бекітіледі. Атқарушы органның жауапты қызметкерлерінің біріне біліктілік комиссиясының хатшысы міндеті жүктеледі.

      12. Комиссиялар:
      1) дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру үшін - дене шынықтыру және спорт жөніндегі орталық атқару органдарында;
      2) дене және спорт саласының жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық (Алматы және Астана қ. қалалық) атқару органдарында;
      3) дене шынықтыру және спорт саласының жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру үшін дене шынықтыру және спорт саласының қалалық және аудандық органдарында құрылады.

3. Біліктілік санаттарын берудің тәртібі

      13. Санаттарды беру біліктілік деңгейін, кәсіби құзыреттілігін, оның әдістемелік жұмысқа қатысуын талдаудың негізінде өткізіледі.

      14. Комиссия мәлімделген санаттардың талаптарына қызметкердің сәйкестігі туралы өздерінің ұсыныстарын көрсете отырып, біліктілік парағын (N 1, 20 қосымша) рәсімдейді. Санат алушы үміткер кемі он күн ішінде, Комиссияның отырысына дейін қол қоя отырып, біліктілік парағымен танысады. Өзінің жұмысына берілген мінездемемен және оған тиісті санатты белгілеген Комиссияның ұсынысымен келіспеген жағдайда, қызметкер отырысқа 3 күн қалғанға дейін, төрағаның атына дәлелді арыз береді.

      15. Ұйым басшысының бастамасымен немесе қызметкердің арызы бойынша Комиссия оның санатын көтеру мақсатында қызметкердің мерзімінен бұрын біліктілігін айқындайды.

      16. Қызметкерлерге біліктілік санаттарын берудің қорытындылары Комиссия отырысында дауыс берудің нәтижелері бойынша анықталады және хаттама мен біліктілік парағына жазба түрінде рәсімделеді. Хаттамаға және біліктілік парағына төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және Комиссияның мүшелері қол қояды.
      Егер Комиссия отырысына оның 2/3 мүшесі қатысса, онда шешім дұрыс деп есептеледі. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің 3\4-нен көп дауыс берген жағдайда анықталады. Әрбір қызметкер бойынша Комиссия мынадай қорытындының бірін береді:
      мәлімделген санаттың талаптарына сай;
      мәлімделген санаттың талаптарына сай емес.

      17. Қызметкерлерге белгіленген санаттар кезекті біліктілік санатын беруден өткенге дейін сақталады. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерінің санаттары Комиссияның шешімі шыққан мезеттен бастап, 5 жылға белгіленеді.

      18. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлеріне санаттар беру туралы шешімді:
      1) жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметкерлері үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі орталық атқару органының Комиссиясы;
      2) жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты дене шынықтыру және спорт қызметкерлері үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстық (Алматы және Астана қ. қалалық) уәкілетті органдардың Комиссиясы;
      3) жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты дене шынықтыру және спорт қызметкерлердің біліктілігін айқындау үшін дене шынықтыру және спорт саласының қалалық және аудандық уәкілетті органдарының Комиссиясы қабылдайды.

      19. Егер қызметкерге мәлімделген біліктілік санаты берілмесе, онда ол қолданып жүрген біліктілік санатында қалады.

      20. Үміткер Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, сол шешім жөнінде келесі деңгейдегі Комиссияға шағым беруге құқылы. Шағым жазбаша түрде беріледі.

4. Біліктілік комиссиясының шешімдерін іске асыру

      21. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті ұйымдардың басшылары Комиссияның шешімі негізінде қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру туралы бұйрық шығарады.

      22. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлеріне біліктілік берудің нәтижелері бойынша белгіленген үлгідегі (N 3 қосымша) куәлік беріледі. Куәліктің көшірмесі қызметкердің жеке ісінде сақталады. Куәліктерді беру журналға (N 4 қосымша) тіркеліп, беріледі.

      23. Белгіленген тәртіппен рәсімделген дене шынықтыру және спорт қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру туралы куәліктер Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

      24. Бұйрық жаттықтырушы-оқытушылар құрамына біліктілік санаттарын беру туралы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

      25. Біліктілік беруге байланысты туындаған еңбек даулары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралатын болады.

Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі
агенттігінің       
2002 жылғы 26 шілдедегі 
N 06-2-2/163 бұйрығымен 
бекітілген        

Жаттықтырушы-оқытушылар құрамына
біліктілік санаттарын берудің
ережесіне           
N 1 қосымша          

Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның біліктілік
комиссиясының   төрағасы ________________________________ 

                          БІЛІКТІЛІК ПАРАҒЫ ____________________________________________________________________
                              (спорт түрі)
Мен,________________________________________________________________

Туған жылы _____________________ ұлты_______________________________

Спорттық атағы _________________, құрметті атағы____________________

Жұмыс орны, қызметі_________________________________________________

Жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс өтілі_________________________________

Мекен-жайы _________________________________________________________

Маған _______________________________________ беру  туралы мәселені
қарауыңызды сұраймын.

Күні "___"______________200___ж.________________________________
                                        (жеке қолы)

                          ӨНДІРІСТІК МІНЕЗДЕМЕ

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Ұйым басшысының қолы

Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі
агенттігінің       
2002 жылғы 26 шілдедегі 
N 06-2-2/163 бұйрығымен 
бекітілген        

Жаттықтырушы-оқытушылар құрамына
біліктілік санаттарын берудің
ережесіне          
      N 2 қосымша         

Жаттықтырушы-оқытушының даярлаған спортшылары туралы
АНЫҚТАМА

____________________________________________________________________
                               (Аты-жөні)
____________________________________________________________________
N | Даярланған  | Туған |Спортшымен  | Растай.|Спорттық  |Растайтын
   | спортшының  | жылы  | жүргізген  |  тын   |нәтижесі, |  құжат
   |  аты-жөні   |       |  жұмыс     | құжаты |  қайда   |
   |             |       |  өтілі     |        |тіркелді  |
   |             |       |            |        |(жіберілді)
____________________________________________________________________

Басшының қолы

М.О. "____"________________ ж.

Облыстық спорт басқармасы
бастығының қолы

М.О. "_____"_____________ж.

Біліктілік комиссиясының шешімі _________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
__________________
Комиссияның төрағасы _____________________
Төрағаның орынбасары _____________________
Комиссияның хатшысы ______________________
Комиссияның мүшелері _____________________

      Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі
агенттігінің       
2002 жылғы 26 шілдедегі 
N 06-2-2/163 бұйрығымен 
бекітілген        

Жаттықтырушы-оқытушылар құрамына
біліктілік санаттарын берудің
ережесіне         
N 3 қосымша        

Дене шынықтыру және спорт жөніндегі
уәкілетті органның атауы

Біліктілік санаттарын беру туралы

КУӘЛІК N ____

Осы куәлік берілді ________________________________________________
                               (аты-жөні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________

Біліктілік комиссиясының шешімімен, дене шынықтыру және спорт жөніндегі
уәкілетті органның "____"________________ N бұйрығымен ______________
_______________ берілді.

"_____"________________________ ж. қолданылады.

Біліктілік комиссиясының
төрағасы__________________________________________________________
                                 (қолы) (аты-жөні)

Комиссия хатшысы _________________________________________________
                                 (қолы) ( аты-жөні)

МО

Тіркеу нөмірі __________________ "____"___________________
                                         (берілген күні)

Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі
агенттігінің       
2002 жылғы 26 шілдедегі 
N 06-2-2/163 бұйрығымен 
бекітілген        

Жаттықтырушы-оқытушылар құрамына
біліктілік санаттарын берудің
ережесіне           
N 4 қосымша          

Қызметкерлерге біліктілік санаттарының берілгендігі туралы куәліктерді беруді тіркеу
Журналы

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                         (уәкілетті органның атауы)

____________________________________________________________________
N |Қызметкердің|Лауазымның|Комиссия  |Біліктілік |Куәлік. |Куәлікті
   | аты-жөні   |аты және  |шешімінің | санатын   |тің бер | алғаны
   |            | берілген |қорытын.  |беру туралы| ілген  | туралы
   |            |біліктілік| дысы     | бұйрықтың |  күні  | қол қою
   |            | санаты   |          | нөмірі    |        |
   |            |          |          | және күні |        |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________