Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 5 тамыздағы N 210-ө Бұйрығынан үзінді:
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына және "Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi N 750 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсiлген "Мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк-құқықтық актiлердi iске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi мiндетiн атқарушының 2002 жылғы 1 тамыздағы N 174-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1937 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк-құқықтық актiлерi бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, N 34, 675-құжат);
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 наурыздағы Заңының 1-бабын және "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 желтоқсандағы N 1668 қаулысын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектiктi куәландырудың, оның себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтаудың ережесi бекiтiлсiн.
2. Әлеуметтiк қамсыздандыру және бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру департаментi директорының мiндетiн атқарушы (Баймұханов М.Х.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы департаменттерiне жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Х.М.Өтеулинаға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 28 маусымнан бастап туындаған қатынастарға
қолданылады.
Министрдiң мiндетiн атқарушы
Келiсiлген:
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрiнiң
мiндетiн атқарушы
2002 ж. 2 тамыз
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы N 174-ө
бұйрығымен бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың, оның себептерiн,
топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту
дәрежесiн анықтаудың
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мүгедектiктi куәландырудың, оның себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтаудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 наурыздағы
Заңына
және "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 21 желтоқсандағы N 1668
қаулысына
, "Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексіне
, "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес әзiрлендi және мүгедектiктi куәландырудың, себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтаудың тәртiбiн реттейдi.
Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
2. Мүгедектік топтарын, "мүгедек бала" санатын, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуді, олардың себептерін, мерзімдерін, басталу уақытын, қосымша көмек түрлеріне, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілуге мұқтаждығын айқындауды, сондай-ақ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеуді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) жүргізу жолымен жүзеге асырады.
Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
медициналық-әлеуметтiк сараптама - куәландырылатын адамның оңалтуды қоса алғанда ағзаның тұрақты бұзылуынан туындаған тiршiлiк әрекетiнiң шектелуiн бағалау негiзiнде әлеуметтiк қорғау шараларына мұқтаждығын белгiленген тәртiппен анықтау.
Медициналық-әлеуметтiк сараптама куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiптiк және психологиялық деректерiн осы Ережеде әзiрленген жiктемелер мен өлшемдердi пайдалана отырып талдау негiзiнде оның ағзасының жай-күйiн кешендi бағалауға сүйене отырып жүзеге асырылады;
куәландыру - медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу, оның басты мақсаты адам ағзасы функцияларының бұзылуынан тiршiлiк әрекетiнiң шектелуiн, денсаулығының өзгеруiн клиникалық-функционалдық және еңбек етуге қабiлетiн болжай отырып, сондай-ақ оңалту және әлеуметтiк қорғау шараларын анықтай отырып бағалау болып табылады;
тiршiлiк әрекетiнiң шектелуi - адамның өзiне өзi қызмет етуiн, өз бетiмен жүрiп-тұруын, бағдар алуын, қарым-қатынас жасауын, өзiнiң мiнез-құлқын бақылауын жүзеге асыру, оқу және/немесе еңбек қызметімен айналысу мүмкiндiгiн толық немесе iшiнара жоғалтуы;
мүгедек - дене немесе ақыл-ой кемiстiгiнiң болуы салдарынан тiршілік әрекетiнiң шектелуiне байланысты әлеуметтiк көмек пен қорғауды қажет ететiн адам;
мүгедек бала - дене немесе ақыл-ой кемістігі болуы салдарынан тіршілік әрекетінің шектелуіне байланысты әлеуметтік көмекке және қорғауға мұқтаж 16 жасқа дейінгі бала;
мүгедектердi оңалту - ағза функциясының тұрақты бұзылуынан тiршiлiк әрекетiнiң шектелуiн жоюға немесе олардың орнын барынша толығырақ толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтiк және кәсiптiк iс-шаралар жүйесi;
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрi - ОЖБ) - оңалту шараларының нақты көлемiн, түрлерiн және мерзiмдерiн, сондай-ақ тиiстi меншiк нысандары мен шаруашылық жүргiзу тәсілдерiне қарамастан мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар атқаруға мiндеттi болып табылатын әлеуметтiк көмектiң түрлерiн айқындайтын құжат;
біліктілік - қызметкердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, онда белгілі бір дәрежедегі күрделі жұмысты орындауға қажетті білімінің, машықтары мен дағдыларының болуы;
ағза функцияларының бұзылуы - ағза функцияларында немесе құрылымдарында пайда болатын, нормадан әжептәуір ауытқу деп қаралатын проблемалар;
куәландырылатын адам - оған қатысты оңалту және әлеуметтік қорғау шаралары белгілене отырып, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізілетін адам;
жалпы еңбек ету қабілеті - адамның кез келген (біліктілікті қажет етпейтін) жұмысты орындау, қызметтер көрсету қабілеті;
кәсіптік еңбек ету қабілеті - адамның нақты жағдайларда белгілі бір біліктілік деңгейдегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындау қабілеті;
кәсіп - арнайы даярлық пен жұмыс тәжірибесі нәтижесінде ие болған арнайы теориялық білімдер мен практикалық дағдылар кешенін меңгерген адамның еңбек қызметінің (кәсібінің) бағыты;
зардап шегуші - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін атқарумен байланысты жарақат немесе өзге де денсаулық зақымдарын алған адам;
оңалту әлеуеті - ағзаның бұзылған функцияларының және мүгедектің қабілетін іс жүзінде қалпына келтірудің медициналық, психологиялық және әлеуметтік факторларды талдау негізіндегі мүмкіндіктерінің көрсеткіші;
оңалту болжамы - оңалту әлеуетінің іске асырылуының болжамды мүмкіндігі және мүгедектің қоғамға кірігуінің мүмкін деңгейі;
(жалпы) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі - адамның жоғалтқан еңбек ету қабілетіне пайыздық қатынаспен көрсетілген еңбек қызметін (кез келген біліктілікті қажет етпейтін қызметті) атқару қабілетінен ауытқу шамасы;
кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі - адамның нақты өндірістік жағдайларда белгілі бір біліктілік деңгейдегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындау қабілетінен ауытқу шамасы;
ағза функциялары - ағза жүйелерінің физиологиялық (оның ішінде психикалықты қоса) функциялары.
Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
2. Аумақтық бөлiмшенiң мүгедектiктi куәландыру, оның себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтау жөнiндегi негiзгi мiндеттерi мен функциялары
4. Негiзгi мiндеттерi:
1) азаматтарға мүгедектiк тобын, оның себептерiн, мүгедектiктiң басталған уақытын, еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеу, 16 жасқа дейiнгi балаларға мүгедектiк белгiлеу;
2) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасын айқындау, әлеуметтiк көмектi, медициналық-әлеуметтiк оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарда оңалту iс-шараларын жүзеге асыруға жәрдемдесу және осы iс-шаралардың орындалуын, олардың тиiмділігiн бақылау;
3) мүгедектiктiң алдын алу медициналық-әлеуметтiк сараптама, мүгедектердi оңалту және әлеуметтiк қорғау саласында кешендi бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
4) аумақтық бөлiмшеде куәландырылған мүгедектердiң мемлекеттiк статистикалық есебiн жүргiзу үшiн деректер қалыптастыру, мүгедектiк жай-күйiн, динамикасын және себептерiн талдау.
5. Негiзгi функциялары:
1) мүгедектiк себептерiн, топтарын белгілеу, 16 жасқа дейiнгi балалардың мүгедектiгiн ағзаның бұзылған қызметi дәрежесiнiң және тiршiлiк ету әрекетiнiң, еңбекке қабiлетiнiң шектелуi негiзiнде белгiлеу;
2) еңбек мiндеттерiн атқарумен байланысты жарақат алған, кәсiби ауруға шалдыққан, не денсаулығына өзге де зақым келген адамдардың кәсiби еңбекке қабiлетiн жоғалту деңгейiн және әлеуметтiк қорғаудың қосымша шараларын жүзеге асырудың қажеттiгiн анықтау;
3) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емделуге, қосымша тамақтануға, күтiмге, соның iшiнде арнайы медициналық күтiмге, дәрi-дәрмектердi сатып алуға, науқас адамға күтiм жасау заттарына протез жасатуға, жүрiп-тұру құралдарына және басқа да көмек түрлерiне мұқтаж екендiгi туралы зардап шегушiлерге қорытындылар беру;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, қайтыс болған адамның отбасына әлеуметтiк төлемдер жүргiзу үшiн қайтыс болған адамның өлiмiнiң жарақат алуымен, кәсiби ауруға шалдығуымен және басқа да жағдайлармен себептi байланысын анықтау;
5) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын қалыптастыру және түзету, медициналық, әлеуметтiк және кәсiби оңалту жөнiндегi iс-шаралардың түрлерiн, нысандарын, мерзiмдерiн және көлемiн белгiлеу, оңалту iс-шараларының орындалуына мерзiмдiк бақылау, динамикалық қадағалау жүргiзу, осы iс-шаралардың тиiмдiлiгiн анықтау;
6) уақытша еңбекке жарамсыздық мерзiмiн қалпына келтiрiп емдеу кезеңiне ұзарту;
7) әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылатын жастағы адамдарды мүгедек деп танудың барлық жағдайлары туралы әскери комиссариаттарға мәлiметтер ұсыну;
8) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрiгерлерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама және мүгедектердi оңалту жөнiндегi түрлi мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету, олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде iс-шаралар өткiзуге қатысу;
9) медициналық-әлеуметтiк сараптаманың осы заманғы, ғылыми қағидаттары мен тәсiлдерiн жұмыс практикасына енгiзу, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама жөнiндегi озық тәжiрибенi тарату және әдiстемелiк оқулықтар әзiрлеу.
Ескерту: 3-бөлімнің атауы өзгертіліп, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө бұйрығымен .
6. Ағза қызметтері тұрақты бұзылған, тіршілік әрекетінің шектелуіне әкеп соғатын, ағза функцияларының тұрақты бұзылуы бар, оның ішінде аурудың, жарақаттың немесе кемістік салдарынан еңбек ету қабілеті шектелген адамдар, оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар МӘС жіберілуі тиіс.
7. Денсаулық сақтау мекемесі айғақтамалар болған кезде адамдарды, оның ішінде 16 жасқа дейінгі балаларды қажетті диагностикалық, емдеу және оңалту шаралары жүргізілгеннен кейін, 4 айдан кешіктірмей медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді.
8. Медициналық зерттеудің сапасы, адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберудің уақытылылығы мен негізділігі үшін жауапкершілік тиісті денсаулық сақтау ұйымының басшысына жүктеледі.
9. МӘС-ға жолдама тиісінше емес, сапасыз рәсімделген кезде аумақтық бөлімше оны денсаулық сақтау мекемесіне пысықтауға қайтарады.
10. Адамға медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тұрғылықты тұратын жеріндегі тиісті денсаулық сақтау мекемесінің жолдамасы бойынша куәландырылатын адам мынадай құжаттарын:
1) рәсімдеу күнінен бастап 1 айдан кешіктірмей медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаманы (088у нысаны);
2) жеке басының куәлігін;
3) тұратын жері туралы мәліметтерді;
4) емханалық картаны;
5) еңбек қызметі туралы мәліметтерді ұсынғанда жүргізіледі.
Куәландырылатын адам қажет болған жағдайда мынадай құжаттарды ұсынады:
еңбекке жарамсыздық парағы;
еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезіндегі жазатайым оқиға немесе адам денсаулығының өзге де зақымдануы туралы Н-1 нысанындағы акті (бұдан әрі - Н-1 нысанындағы акті);
уәкілетті органның аурудың, жарақаттың немесе мертігудің (жараланудың, контузияның) себебі туралы қорытындысы;
Ұлттық еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар орталығының немесе кәсіптік аурулар клиникасының мерзімі 2 жылдан аспаған қорытындысы;
куәландырылатын адамның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісін растайтын құжат;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
11. Егер адам денсаулық жағдайына байланысты МӘС-ға келе алмаса, онда оны куәландыру дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде үйде, стационарда жүргізіледі немесе оның келісімімен немесе ата-анасының, заңды өкілінің, оның ішінде 16 жасқа дейінгі баланың қамқоршысының, қорғаншысының келісімімен ерекше жағдайларда ғана ұсынылған құжаттар негізінде сырттай жүргізіледі.
12. МӘС ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және өзге де деректерді) қарау, куәландырылатын адамды тексеру, ағза функцияларының бұзылуы және тіршілік әрекетінің, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесін бағалау жолымен аумақтық бөлімше бастығының және кемінде 2 бас маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі.
13. Аумақтық бөлімшелер сараптама қорытындысын медициналық айғақтамалар, негізгі ағза функциялары бұзылушылықтарының және тіршілік әрекетінің шектелуінің жіктемесі негізінде денсаулық жағдайының және тіршілік әрекетінің, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесінің кешенді бағаламасына қарай шығарады (1-2 қосымшалар).
14. Ағза функцияларының бұзылуы және тіршілік әрекетінің, сондай-ақ еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесіне қарай, мүгедек деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік, ал 16 жасқа дейінгі балаға "мүгедек бала" санаты белгіленеді. Еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі пайызбен белгіленеді.
15. Зардап шегушілердің қосымша көмек түрлеріне және арнайы жүріп-тұру құралдарына мұқтаждығы денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы негізінде айқындалады.
16. Аумақтық бөлімшелер мүгедектіктің мынадай себептерін айқындайды:
1) жалпы ауру;
2) еңбек жарақаты;
3) кәсіби ауру;
4) бала кезінен мүгедек;
5) әскери іс-қимылдарға қатысуына байланысты, әскери қызметін өткеру кезінде, әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алған, әскери қызмет міндеттерін атқарумен байланысты емес жазатайым оқиға нәтижесінде жаралану, контузия алу, жарақаттану, мертігу, ауру, егер уәкілетті орган олардың себеп-салдарын анықтаған жағдайда;
6) төтенше экологиялық жағдайлар, соның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтарды өткізу кезінде радиация әсеріне шалдығу нәтижесінде және/немесе олардың салдарынан алған жарақат, ауру, уәкілетті орган олардың себеп-салдарын анықтаған жағдайда.
17. Мүгедектік және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі: 6 айға, 1, 2 жыл мерзімге немесе қайта куәландыру мерзімінсіз болып белгіленеді.
Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі: 6 айға, 1, 2 жылға немесе міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысы жасы бойынша зейнетақы алуға құқық беретін жасқа толғанға дейін белгіленеді.
16 жасқа дейінгі балаларға "мүгедек бала" санаты бойынша мүгедектік: 6 айға, 1, 2, 5 жыл мерзімге және 16 жасқа толғанға дейін белгіленеді.
Мүгедектік мерзімі мен еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі оңалту әлеуетіне сәйкес жеке белгіленеді.
18. Қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік:
1) қалпына келтірілмейтін анатомиялық (6-қосымша);
2) аумақтық бөлімшелер ағза функцияларында тұрақты, қалпына келтірілмейтін өзгерістер мен бұзылушылықтар болған кезде, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз болғанда аумақтық бөлімшелер бірінші топтағы мүгедекті - кемінде 4 жыл, екінші топтағы мүгедекті - кемінде 6 жыл бақылағаннан кейін, зейнеткерлік жасындағы адамдарға - оңалту болжамы жағымсыз болған кезде белгіленеді.
19. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толғанға дейін жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі:
1) қалпына келтірілмейтін анатомиялық кемістіктері бар адамдарға (6-қосымша);
2) ағза функцияларында тұрақты, қалпына келтірілмейтін өзгерістер мен бұзылушылықтары бар, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз болғанда аумақтық бөлімшелер жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 80-нен 100 пайызға дейінгі адамдарды кемінде 4 жыл, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 30-дан 80 пайызға дейінгі адамдарды кемінде 6 жыл бақылағаннан кейін белгіленеді.
20. Қайта куәландыру мерзімі көрсетілместен кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі:
1) қалпына келтірілмейтін анатомиялық кемістіктері бар адамдарға (6-қосымша);
2) ағза функияларында тұрақты, қалпына келтірілмейтін өзгерістер мен бұзылушылықтары бар, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз болғанда аумақтық бөлімшелер жалпы кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 80-нен 100 пайызға дейінгі адамдарды кемінде 4 жыл, ал кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 5-тен 80 пайызға дейінгі адамдарды кемінде 6 жыл бақылағаннан кейін белгіленеді.
21. Аумақтық бөлімшенің сараптама қорытындысы куәландырылатын адамның қажетті құжаттары түскен күннен бастап 15 күннен кешіктірілмей шығарылады.
Сараптама қорытындысының деректері аумақтық бөлімшенің бастығы, бас мамандары қол қоятын МӘС актісіне және хаттамалар журналына енгізіледі және мөртаңбамен расталады.
21-1. Адам мүгедек болып танылған жағдайда аумақтық бөлімше куәландыру күнінен бастап 15 күн ішінде оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлейді.
21-2. Мүгедектікті, еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесін анықтау күні болып адамды куәландыруға қажетті құжаттардың аумақтық бөлімшеге келіп түскен күні есептеледі.
Мүгедектік тобы және оны анықтау күні еңбекке жарамсыздық парағында немесе еңбекке жарамсыздық парағы берілмейтін жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын анықтамада көрсетіледі.
21-3. Сараптама қорытындысын шығару қиын болған күрделі жағдайларда куәландырылатын адам және/немесе оның құжаттары куәландыру немесе консультациялық көмек көрсету үшін құжаттар берілген күннен кейін 3 күннің ішінде аумақтық органға жіберіледі.
21-4. Мүгедектік және еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі анықталғанда:
1) мүгедектік туралы анықтама;
2) "Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан" көшірме;
3) еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі туралы анықтама;
4) медициналық айғақтамалар болғанда қосымша көмек түрлері туралы анықтама;
5) медициналық айғақтамалар болғанда арнаулы жүріп-тұру құралдарына мұқтаждығы туралы анықтама.
21-5. Мүгедектік туралы, еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі туралы анықтамадан көшірме үзінділер мен өзге де құжаттар сараптама қорытындысы шығарылған күннен бастап 3 күндік мерзімде әлеуметтік және басқа да төлемдерді тағайындайтын және төлейтін, оңалту шараларын жүзеге асыратын органдарға жіберіледі.
21-6. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізген кезде сараптық, құқықтық және басқа да мәселелерді шешу үшін оларға әкімшілік шығыстарда көзделген қаражат есебінен ақы төленетін консультанттар (педиатр, психолог, заң қызметкері және басқа мамандар), сондай-ақ қажет болғанда жұмыс берушінің, сақтандыру компанияларының және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
21-7. Азаматтардың, мүгедектердің, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен материалдық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады.
3-1. Мүгедектік топтарын анықтау критерийлері
Ескерту: 3-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
21-8. Адамды мүгедек деп тану үшін:
1) денсаулықтың ағза функцияларының тұрақты ауытқуы бар бұзылуы;
2) тіршілік әрекетінің шектелуі (адамның өзі-өзіне қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас құру, мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметін жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтуы);
3) әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіз болып табылады.
Ағзадағы жас мөлшеріне қарай пайда болатын өзгерістер мүгедектік тобын анықтауға негіз болмайды.
21-9. Тіршілік әрекетінің төмендегі санаттары бірінің айқын білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурудан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын ағза функцияларының тұрақты білініп немесе кенеттен бұзылуы бірінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін критерий болып табылады:
үшінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
үшінші дәрежедегі жүріп-тұру қабілеті;
үшінші дәрежедегі айналасын бағдарлау қабілеті;
үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау қабілеті;
үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті.
21-10. Тіршілік ету әрекетінің төмендегі санаттарының бірінің білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурудан, жарақаттар немесе кемшіндіктер салдарынан болатын ағза функцияларының тұрақты білініп бұзылуы екінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін критерий болып табылады:
екінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
екінші дәрежедегі жүріп-тұру қабілеті;
екінші, үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек етуге қабілеті);
екінші, үшінші дәрежедегі оқуға қабілеті;
екінші дәрежедегі айналасын бағдарлау қабілеті;
екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау қабілеті;
екінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті.
21-11. Тіршілік ету әрекетінің төмендегі санаттарының бірінің шамалы білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурудан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын ағза функцияларының шамалы бұзылуы үшінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін критерий болып табылады:
бірінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
бірінші дәрежедегі жүріп-тұру қабілеті;
бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек етуге қабілеті);
бірінші дәрежедегі оқуға қабілеті;
бірінші дәрежедегі айналасын бағдарлау қабілеті;
бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау қабілеті;
бірінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті.
3-2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне
қатысушының жалпы еңбек ету қабылетін жоғалту
дәрежесін анықтау критерийлері
Ескерту: 3-2-бөліммен толықтырылды - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө бұйрығымен .
21-12. Жалпы еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі (бұдан әрі - ЖЕҚЖ) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына еңбек ету қабілетін жоғалтуына әкеп соққан оқиға (әлеуметтік қатер) орын алғанда анықталады.
21-13. Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы орын алғанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына ЖЕҚЖ дәрежесі 30-дан 100 пайызға дейін белгіленеді.
21-14. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына ЖЕЖ еңбек ету қабілетінің шектелуіне әкеп соққан ағза функцияларының бұзылу дәрежесіне қарай (2-қосымша) мынадай жағдайларда:
1) ағза функциялары еңбек ету қабілетінің шамалы білінетін тұрақты шектелуіне әкеп соғатындай тұрақты бұзылғанда 30-дан 60 пайызға дейін;
2) ағза функциялары еңбек ету қабілетінің білініп шектелуіне әкеп соғатындай тұрақты бұзылғанда 60-тан 80 пайызға дейін;
3) ағза функциялары еңбек ету қабілетінің қатты білініп шектелуіне немесе оны жоғалтуға әкеп соғып әжептәуір немесе күрт білініп тұрақты бұзылғанда 80-нен 100 (қоса санағанда) пайызға дейін белгіленеді.
21-15. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының куәландыруға уақытында өтініш жасамаған жағдайда, ЖЕҚЖ оның куәландыру сәтіндегі денсаулық жағдайына қарай, өткізіп алған, бірақ 3 жылдан аспайтын уақытты есепке ала отырып белгіленеді. Бұл ретте, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушысының ЖЕҚЖ белгілеу мерзіміндегі денсаулық жағдайын сипаттайтын денсаулық сақтау мекемелерінің деректері ескеріледі.
3-3. Еңбек (қызмет) міндеттерін атқарумен байланысты
жарақат алған, кәсіби ауруға шалдыққан,
не денсаулығына өзге де зақым келген адамдардың
кәсіптік еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесін
анықтау критерийлері
Ескерту: 3-3-бөліммен толықтырылды - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө бұйрығымен .
21-16. Еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарумен байланысты жарақат алған, кәсіби ауруға шалдыққан, не денсаулығына өзге де зақым келген адамдардың (бұдан әрі - зардап шегуші) кәсіптік еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі (КЕҚЖ).
21-17. Н-1 нысандағы актімен расталған кәсіптік еңбек ету қабілетін жоғалту орын алғанда, еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарумен байланысты жарақат алған, кәсіби ауруға шалдыққан, не денсаулығына өзге де зақым келген адамға КЕҚЖ 5-тен 100 пайызға дейін белгіленеді.
21-18. Зардап шегушіге еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкеп соққан ағза функцияларының бұзылу дәрежесі бойынша (2-қосымша) КЕҚЖ төмендегідей жағдайларда белгіленеді:
1) егер зардап шегуші өзінің кәсіби қызметін біліктілігінің біркелкі немесе шамалы төмендеуімен, не атқаратын жұмысы ауқымының шамалы азайтылуымен, немесе кәсіптік қызметін орындау бұрынғыдан көп күш қажет ететін болса, кәсіптік еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі 5-тен 30 пайызға дейін белгіленеді;
2) егер зардап шегуші өндірістегі жазатайым оқиға және кәсіби ауру салдарынан өз кәсібі бойынша жұмысты әдеттегі өндірістік жағдайларда біліктілігінің айқын төмендеуімен не атқаратын жұмыс ауқымының әжептәуір азаюымен атқара алса немесе өзінің кәсіби қызметін ағза функцияларының біркелкі бұзушылықтары салдарынан жалғастыру қабілетінен айрылған, бірақ біліктілігі едәуір төмен кәсіби қызметін әдеттегі өндірістік жағдайларда орындаған жағдайда кәсіптік еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі 30-дан 60 пайызға дейін белгіленеді;
3) егер зардап шегуші өз кәсіби қызметін ағза функцияларының айқын бұзылуымен тек арнайы жасалған жағдайларда атқара алса, еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі 60-тан 90 пайызға дейін белгіленеді;
4) егер кез келген кәсіптік қызмет түрін арнайы жағдайларда да атқаруға нақты қарсы айғақтамалары болып, зардап шегуші ағза функцияларының айқын бұзушылықтары салдарынан кәсіби еңбек ету қабілетін толық жоғалтқан жағдайда, оған кәсіптік еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі 100 пайыз болып белгіленеді.
21-19. Егер зардап шегушінің бірнеше кәсібі болса, КЕҚЖ оны атқару кезінде денсаулығына зақым келтірілген кәсіпке сәйкес белгіленеді.
21-20. Егер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарумен байланысты алған жарақат не денсаулығына келтірілген өзге де зақым зардап шегушінің бұрыннан бар ауруының ағымын нашарлатып жіберген жағдайда, КЕҚЖ ағза функциялары бұзылуының және еңбек ету қабілетінің шектелуінің білінуі дәрежесіне сәйкес келетін көлем шамасында белгіленеді.
21-21. Бір немесе әртүрлі жұмыс берушіде алған жарақат немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдары кезінде КЕҚЖ ағза функцияларының айқын бұзушылықтары мен еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне сәйкес келетін көлем шегінде белгіленеді.
21-22. Зардап шегуші куәландыруға уақытында келмеген кезде, КЕҚЖ куәландыру сәтіндегі оның денсаулық жағдайына қарай, өткізіп алған, бірақ 3 жылдан аспайтын уақытын есепке ала отырып белгіленеді. Бұл ретте, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының КЕҚЖ белгілеу мерзіміндегі денсаулық жағдайын сипаттайтын денсаулық сақтау мекемелерінің деректері есепке алынады.
Ескерту: 4-бөлімнің атауы өзгертіліп, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө бұйрығымен .
22. Мүгедектерді және еңбек ету қабілетін жоғалтқан адамдарды қайта куәландыру қорытындысының мерзімі аяқталысымен денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы (088/у нысаны) бойынша жүргізіледі.
22-1. Мүгедектерді және еңбек ету қабілетін жоғалтқан адамдарды, сондай-ақ, оларға мүгедектік немесе еңбек ету қабілетін жоғалту қайта куәландыру мерзімінсіз немесе жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толғанға дейін белгіленген адамдарды мерзімнен бұрын куәландыру денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша мынадай жағдайларда:
денсаулығында өзгеріс пайда болғанда, ауруының (жарақат) себебі өзгергенде;
куәландырылатын адамның өтініші негізінде, бірақ белгіленген мерзімнің аяқталуына екі ай қалғанда;
аумақтық бөлімшенің қорытындысына шағым жасалғанда;
аумақтық бөлімше шешімінің дұрыстығына бақылау жүргізу кезінде;
жалған құжаттардың берілуі, сараптама қорытындысын негізсіз шығару фактілері анықталғанда жүргізіледі.
Аумақтық бөлімшенің сараптамалық шешімінің куәландыру сәтінен бастап бір ай өтпестен өзгертілген жағдайда, жаңа қорытынды мүгедектікті, еңбек ету қабілетін жоғалтуын анықтау сәтінен, ал бір ай өткен соң - қайта куәландыру сәтінен бастап белгіленеді.
23. Аумақтық бөлiмшенiң сараптық қорытындысына азамат немесе оның заңды өкiлi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасай алады.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы
N 174-ө бұйрығымен бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың,
оның себептерiн, топтарын
және еңбекке қабiлетiн жоғалту
дәрежесiн анықтаудың ережесiне
1-қосымша
Баланы 16 жасқа дейiн мүгедек ден танитын
медициналық айғақтамалар
1. 6 айға, 1 немесе 2 жылға дейiн мүгедектiк белгiленетiн функционалдық өзгерiстер мен патологиялық күй:
1) операциядан кейiнгi кезеңде ұзақ мерзiмде қалпына келтiру және оңалту (6 айдан аса) iс-шараларын талап ететiн күй;
2) бүйрек функциясының айқын бiлiнетiн тұрақты бұзылуы, бүйрек тiнiндегi патологиялық процесс белсендiлiгiнiң жоғарғы дәрежесi;
3) ұзақтығы 2 айдан асатын гемаррогиялық васкулит кезiнде пайда болатын патологиялық жағдай (екi және одан көп синдромдардың қосарлануы);
4) процестiң 3 айдан асатын жоғары белсендiлiктегi дәнекер болатын тiннiң диффуздық зақымдануынан туындаған патологиялық күйі;
5) баланың ұзақ терапевтикалық түзеудi талап ететiн өмiршеңдiк көрсеткiштерi бойынша (зат алмасу, иммундық, қан тамырларының зақымдануы, қан формуласының өзгеруi және т.б.) қолданылған әсерi күштi препараттарды ұзақ (3 айдан аса) уақыт пайдалаудан туындаған патологиялық жағдайы;
6) орта дәрежедегi қант диабетi;
7) коагулопатия және тромбоцитопатияға байланысты жатырдан дисфункциялық қан кетуi;
8) тұрақты әлеуметтiк дезадаптацияға соқтыратын орталық жүйке жүйесiнiң туа бiткен немесе пайда болған резидуалдық-органикалық зақымдануы;
9) бас сүйегiнiң-миының жарақаттануынан, нейроинфекциядан кейiн пайда болатын психикалық, қозғалыс, сөйлеу қабiлеттерiнiң біркелкі айқын бұзылуы;
10) сөзiнiң, көруiнiң, естуiнiң немесе оларсыз жүрiс-тұрысының біркелкі айқын бiлiнетiн бұзылуы (аяқтың, қолдың немесе бірнешеуі, шала сал болуы, плегиялары, тұрақты гиперкинездер, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы және т.б.);
11) сөйлеу қабiлетiнiң тұрақты бұзылуы (аллалия, афазияның түзеуге келмейтiн түрi), дизартрия мен кекештенудiң ауыр дәрежесi;
12) тұрақты әлеуметтiк дезадаптацияға әкелетiн мiнез-құлқының патологиясы, эмоционалдық-жiгер аясының бұзылуы;
13) тұрақты терапевтикалық резистенттiк эпилептиформалық жағдайлар (айына 1 және одан да көп ұстамасы болатын), жиі болатын шағын және тырыспасыз болатын ұстамалар (аптасына 2-3 рет);
14) ұзақтығы 6 айға және одан да ұзаққа созылатын созылмалы психопатиялық жағдай;
15) есту, көру, сөйлеу қабiлеттерiнiң, жүрiп-түру аппаратының, басқа органдар немесе жүйелер функцияларының айқын бұзылуымен және мiнез-құлқының патологиялық түрiмен қоса болатын ақыл-ой кемiстiгi;
16) 4 дәрежедегi май басу;
17) көбірек көретін көздің көру қабілеттілігінің (түзетуге болатын) 0,2 дейін төмендеп кетуі немесе көбірек көретін көздің көру аумағы бір нүктеден барлық бағыттарда 25 градусқа дейін тарылуы;
18) 3-4 дәрежедегi кереңділік;
19) туа бiткен немесе пайда болған кеңiрдек, көмекей ауруларының салдарында трахеотомикалық түтiкшесiз өз еркiмен дем ала алмауы;
20) жылына 6 және одан да көп ұстама болатын және ұстама болғаннан кейiн асқынуы түзеуге жататын бронхиалдық астма;
21) iшек-қарын жолы, бауырдың және өт шығу жолдарының дамуының кемiстiгi немесе кеселдерi кезiндегi тамақ қорыту органдары функцияларының айқын бiлiнетiн бұзылуы;
22) белгiлi бiр жасқа дейiн операция жасауға болмайтын жүрек ақаулары мен iрi-қан тамырларының даму ақауларының жүрек-тамыр жұмысының 1-2 дәрежедегi кемiстiгi;
23) 1-2 дәрежедегi iркiлген жүрек жетiспеушілігi, созылмалы айқын бiлiнетiн гипоксемия, жүрек функцияларымен байланысты, соның iшiнде кардиостимулятор имплантация жасалғаннан кейiнгi синкопалдық жағдай;
24) дене қозғалысының айқын шектелуiне және әлеуметтiк дезадаптацияға әкелетiн терi қабығының және/немесе шырышты қабықтың көлемдi зақымдануы (жара болу, эритродермия, айқын қышыну, тыртық өзгерiстерi, папилломатоз және басқалар);
25) туа бiткен немесе тұқым қуалаған қан ауруларына байланысты гемоглобиннiң 100 г/л аз төмендейтiн, жылына бiр реттен артық болатын анемиялық криздер;
26) қатерсiз iсiктiң нәтижесiнде орган функцияларының айқын бұзылуы және/немесе косметикалық кемiстiк;
27) зәр мен үлкен дәреттiң тұрақты тоқтамауы, хирургиялық түзеуге келмейтiн немесе мерзiмi бойынша хирургиялық емдеуге жатпайтын iшек, қуық және қуық-жыныстық терең жаралар;
28) аяқ функцияларының орташа білініп бұзылуы мен жамбас пен сан буындарының туа болған немесе кейіннен шығып кетуі;
29) ағза функцияларының орташа білініп бұзылуымен ішкі органдардың, өзге органдардың немесе жүйелердің туберкулезі.
Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
2. Мүгедектiк 5 жылға дейiнгi мерзiмге белгiленетiн функционалдық өзгерiстер мен патологиялық жағдайлар:
1) арнаулы диета сақтауды талап ететiн, туа бiткен тұқым қуалаған зат алмасуының аурулары (фенилкетонурия, целиакция және басқасы) бiрқалыпты тұрақтануына дейiн;
2) тiршiлiк етудiң бұзылуына және әлеуметтiк дезадаптацияға әкеп соқтыратын туа бiткен, тұқым қуалаған аурулар мен синдромдар;
3) өткiр лейкоз, лимфогрануломатоз;
4) даму сатысы, орныққан орнына қарамастан хирургиялық және басқаша емделген қатерлi iсiктер;
5) гипертензиялық синдромды гидроцефалия, операция жасалған гидроцефалия;
6) сүйек тiнiнiң кең тараған айқын бiлінетiн деструкциялары (остеопороз, шемiршек қосындылары), бұлшық еттердiң патологиялық өзгерiстерi (миофибр, диффузды кальциноз) сүйектердiң, буындардың, бұлшық еттердiң қисаюына, қайталама патологиялық сынуына, аяқ-қол функцияларының 2-3 дәрежеде бұзылуына соқтыруы;
7) омыртқа мен кеуде қуысының, бiр немесе бiрнеше аяқ-қол буындарының тартылып бiтуi мен шор болып бiтуi, iрi сүйектерiнiң жалған буындарының 3-4 дәрежедегi қисаюы нәтижесiнде жүрiп-тұру аппараты фунциясының бұзылуы;
8) аяқ-қолдың немесе олардың сегменттерiнiң туа бiткен кемiстiгi салдарынан функцияларының айқын бiлiнетiн бұзылуы (мутиляция, тартылып бiтуi, синдактилия, артропатия және басқасы);
9) туа бiткен бет органдарының толық немесе iшiнара аплазиясы, бет скелетiнiң және жұмсақ тiнiнiң кейiннен пайда болған кемiстiгiне немесе қисаюына байланысты дем алу, шайнау, жұтыну, сөйлеу функцияларының айқын бiлiнетiн бұзылуы.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
3. 16 жасқа жеткенге дейiнгi мерзiмге мүгедектiк белгiленетiн функционалдық өзгерiстер мен патологиялық жағдайлар:
1) аяқтың, қолдың бір немесе бірнеше соңғы буындарының орташа білінетін және білінетін шала сал болуы немесе терең парезі, тұрақты жайылған гиперкинезі (қос атетоз, хореатетоз), қозғалыс үйлесімінің орташа білініп және айқын білініп бұзылуы;
2) екi және одан да көп жылдар бойы болатын терапевтiк резистенттi тырыспалар;
3) кереңдiк, керең-мылқаулық;
4) көздің көру өткірлігінің түзетумен 0,03 дейін төмендеуі немесе көру өрісінің көру өткірлігіне қарамастан 10 градусқа дейін тарылуы, бір көздің немесе екі көздің де көрмеуі;
5) туа бiткен немесе жүре пайда болған орталық жүйке жүйесiнiң тұрақты әлеуметтiк бейiмсiздiкке әкеп соқтыратын резидуалдық-органикалық бұзылуы;
6) имбецилдық немесе идиоттық сатыдағы ақыл-ой кемiстiгi;
7) жұлынның зақымдануына байланысы жамбас органдары функцияларының тұрақты бұзылуы, түзетуге жатпайтын iшек және қуық-жыныс терең жаралары;
8) демалу функциясы айқын бiлiнетiн, туа бiткен және тұқым қуалаған кеңiрдек-өкпе жүйесiнiң зақымдануы (муковисцидоз, асқынған альвеолиттер және өкпенiң басқа да жайылмалы аурулары);
9) туа бiткен және пайда болған созылмалы кеңiрдек-өкпе ауруларының 2 және одан да жоғары дәрежесiндегi тұрақты тыныс алу кемiстiгi, астмалық ұстама қалыптасуына және жүрек-тамыр, орталық жүйке жүйесiнiң бұзылына, бүйрек бездерiнiң созылмалы жетiспеушiлiгiне әкеп соқтыратын асқынған гармондарға тәуелдi бронхиалдық астма;
10) асқынған жүрек ауруларының 2-3 дәрежедегi iркiлген жүрек кемiстiгi;
11) туа бiткен, тұқым қуалаған, пайда болған ауруларға байланысты бауыр функциясының қайтымсыз айқын бұзылуы;
12) бүйрек функциясының созылмалы кемiстiгi, қатерлi гипертания, бүйректiң асқынған қантсыз диабетi;
13) асқынған, емдеуге жатпайтын қатерлi iсiктер;
14) орган функциясы бұзылған жағдайда хирургиялық әдiспен емдеуге келмейтiн қатерсiз iсiктер;
15) ағза функцияларының айқын бұзылуына әкеп соқтыратын маңызды органдар мен жүйелердiң болмауы (туа бiткен немесе пайда болған) немесе дамуы айқын жетiлмеген кезде пайда болатын патологиялық жағдай;
16) аяқ-қолдың бiрiнiң және бiрнешеуiнiң деңгейiне қарамастан келте болуы;
17) аяқ-қолдың скелет сүйектерiнiң жүйелi зақымдануына және кемiс болып дамуына байланысты шор болып, тартылып бiтуi, патологиялық сынуы, скелеттiң қисаюы себебiнен өз еркiмен жүру немесе және өз өзiне қызмет көрсету мүмкiндiгiнiң айқын кемуi;
18) ағза функцияларының бұзылуы айқын бiлiнетiн дәрежедегi iшкi секреция функциясының жетiспеушiлiгi: қант диабетi (басқа жүйелер мен органдардың асқынуы байқалатын инсулинге тәуелдi түрi), қантсыз диабет (питуитрин-резистенттiк түрi), Иценко-Кушинга ауруы (асқынған түрi), бүйрек безiнiң созылмалы жеткiлiксiздiгi (Аддисон ауруы, адреналэктомиядан кейiнгi жағдай, бүйрек безiнiң туа бiткен дисфункциясы), гипофиздi нанизм, туа бiткен немесе пайда болған гипотиреоз, гипопаратиреоз;
19) созылмалы лейкоз, гистиоцитоз;
20) орташа және ауыр дәрежедегi қанның туа бiткен немесе пайда болған гипо-апластикалық жағдайы (гемоглобин 100 г/л төмен, тромбоциттер 1 куб.мм. 100 мыңнан төмен, лейкоциттер 1 куб.мм. 4 мыңнан төмен);
21) коагулопатия мен тромбопатияның ауыр түрлерi, ауыр геморрогиялық криздарды үздiксiз қайталанып отыратын созылмалы тромбоцитопеникалық пурпура (тромбоциттер саны 1 куб.мм. 50 мың және одан да төмен);
22) туа бiткен иммуннодефициттiк жағдай. Ауыр аралас иммундық жетiспеушiлiк, агамма (гипогамма) глобулинемия, лимфа байланыстарының, өкпенiң, бауырдың, басқа да органдардың бактериямен зақымдалуын тудыратын септикалық гранулемотоз;
23) қан сывороткасындағы E иммуноглобулиннiң 1000 КЕД/л артық концентрациясы мен терiнiң, астындағы клетчаткалардың, өкпенiң, бауырдың және басқа да органдардың көбiнесе "салқын" абсцестерiн тудыратын E гипериммуноглобулинемия синдромы;
24) пайда болған иммунитет тапшылығы жағдайы, АҚТҚ-инфекциясының айқын көрiнiсi.
Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы
N 174-ө бұйрығымен бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың,
оның себептерiн, топтарын
және еңбекке қабiлетiн жоғалту
дәрежесiн анықтаудың ережесiне
2-қосымша
Ағзаның негiзгi функцияларының бұзылуын және тiршiлiк
әрекетiнiң шектелуiн жiктеу
1. Адам ағзасының негiзгi функцияларының бұзылуын жiктеу:
1) бірінші дәреже - функциялардың шамалы білініп бұзылуы;
2) екінші дәреже - функциялардың орташа білініп бұзылуы;
3) статодинамикалық функцияларының бұзылуы;
4) қан айналымы, дем алу, ас қорыту, бөлiну, зат алмасуы мен iшкi секреция энергиясы функцияларының бұзылуы.
2. Ағза функциялары бұзылуының айқын көрiну дәрежесiне қарай жiктеу:
1) бiрiншi дәреже - функциялардың шамалы бұзылуы;
2) екiншi дәреже - функциялардың орташа бұзылуы;
3) үшiншi дәреже - функциялардың айқын бұзылуы;
4) төртiншi дәреже - функциялардың едәуiр немесе қатты айқын бұзылуы.
Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
3. Тiршiлiк әрекетiнiң негiзгi санаттарын жiктеу:
1) өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгi - негiзгi физиологиялық қажеттiктерiн өз бетiмен қанағаттандыра алу, күнделiктi тұрмыстық әрекет жасау және жеке гигиена дағдыларын орындай алу қабiлеттiлiгi;
2) өз бетiмен жүрiп-тұруға қабiлеттiлiгi - кеңiстiкте өз бетiмен қозғала алу, кедергiлерден өту, өзi орындайтын тұрмыстық, қоғамдық, кәсiптiк қызметтер шегiнде денесiн тепе-тең қалпында ұстай бiлу қабiлеттiлiгi;
3) оқуға қабiлеттiлiгi - бiлiмдi қабылдап, түсiне алуға (бiлiмдiлiк, кәсiптiк және т.б.) дағдылар мен машықтарды игеруге (әлеуметтiк, мәдени және тұрмыстық) қабiлеттiлiгi;
4) еңбек қызметіне қабілеті (еңбек ету қабілеті) - жұмысты орындау, мазмұнына, көлемiне және шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес iс-әрекетiн жүзеге асыру қабiлеттiлiгi;
5) бағдарлай бiлу қабiлеттiлiгi - уақытты және кеңiстiктi бағдарлай бiлу қабiлеттілiгi,
6) қарым-қатынас жасауға қабiлеттiлiгi - ақпараттарды қабылдау, зерделеу және беру арқылы адамдар арасында қатынас орнатуға қабілеттiлiгi;
7) өзiнің мiнез-құлқын бақылауға қабiлеттiлiгi - өзiн сезiне бiлуге және әлеуметтiк құқықтық нормаларды ескере отырып, бара-бар мiнез-құлыққа қабiлеттігi.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
4. Тiршілік әрекетiнiң шектелуiн көрiну дәрежесiне қарай жiктеу:
1) өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттілiгiнiң шектелуi:
бiрiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалана отырып, өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгі;
екіншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалана отырып және (немесе) басқа адамдардың көмегiмен өзiне өзi қызмет көрсетуге қабiлеттiлiгi;
үшіншi дәреже - өзiне өзi қызмет көрсетуге қабiлетсiздiгі және басқа адамдарға толығынан тәуелдi болу;
2) өз бетiмен жүрiп-тұру қабілеттілiгiнiң шектелуi:
бiріншi дәреже - тым көп уақыт жұмсап және қашықтықты қысқарту арқылы өз бетiмен жүріп-тұруға қабiлеттiлiгi;
екiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалана отырып және (немесе) басқа адамдардың көмегімен өз бетiмен жүрiп-тұруға қабiлеттілігi;
үшiншi дәреже - өз бетiмен жүріп-тұруға қабiлетсiздiгi және толығынан басқа адамдарға тәуелдi болу;
3) оқуға қабiлеттiлігінің шектелуi:
бiрiншi дәреже - арнайы оқу процесiнiң күн тәртiбiн сақтай отырып, және (немесе) қосымша құралдарды пайдаланып, және (немесе) басқа адамдардың көмегiн пайдалана отырып, жалпы үлгiдегi оқу орындарында оқу қабiлеттілiгi;
екiншi дәреже - арнайы оқу орындарында ғана немесе үйде арнайы бағдарлама бойынша оқуға қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - оқуға қабiлетсiздiгi;
4) еңбек қызметіне қабілетінің (еңбек ету қабілеті) шектелуi:
бiрiншi дәреже - бiлiктiлiгін төмендеткен немесе өндiрiс қызметiнiң көлемiн азайтқан жағдайда, еңбек қызметiн орындауға қабiлеттiлiгi, өз мамандығы бойынша жұмысты орындау мүмкiндiгiнiң жоқтығы;
екiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдаланып, арнайы жасалған жағдайларда және (немесе) арнайы жабдықталған жұмыс орындарында және (немесе) басқа адамдардың көмегiмен еңбек қызметiн орындауға қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - еңбекке араласуға қабiлетсiздiгi;
5) айналасын бағдарлауға қабiлетiнiң шектелуi;
бiрiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалану арқылы айналаны бағдарлауға қабілеттiлiгi;
екiншi дәреже - өзге адамдардың көмегiмен айналаны бағдарлауға қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - айналаны бағдарлау қабiлетсiздiгi (дезориентация);
6) қарым-қатынас жасау қабiлеттiлiгiнiң шектелуi:
бiрiншi дәреже - ақпаратты ұғыну, қабылдау және беру жылдамдығының азаюымен, көлемiнiң төмендеуiмен сипатталатын қарым-қатынас жасау қабiлеттiлiгi;
екiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдаланып және (немесе) басқа адамдардың көмегiмен қарым-қатынас жасау қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - қарым-қатынас жасауға қабiлетсiздiгi;
7) өзiнің мiнез-құлқын бақылау қабiлеттілiгiнің шектелуi:
бiрiншi дәреже - өзiнiң мiнез-құлқын өз бетiмен бақылау қабілеттiлiгiнiң ішінара төмендеуi;
екiншi дәреже - өзiнiң мiнез-құлқын тек қана басқа адамдардың көмегiмен iшiнара немесе толық бақылау қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - өзiнiң мiнез-құлқын бақылауға қабiлетсiздiгi.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы
N 174-ө бұйрығымен бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың,
оның себептерiн, топтарын
және еңбекке қабiлетiн жоғалту
дәрежесiн анықтаудың ережесiне
3-қосымша
Ескерту: 3-қосымша алынып тасталды- ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө бұйрығымен .
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы
N 174-ө бұйрығымен бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың,
оның себептерiн, топтарын
және еңбекке қабiлетiн жоғалту
дәрежесiн анықтаудың ережесiне
4-қосымша
Ескерту: 4-қосымша алынып тасталды- ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө бұйрығымен .
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы
N 174-ө бұйрығымен бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың,
оның себептерiн, топтарын
және еңбекке қабiлетiн жоғалту
дәрежесiн анықтаудың ережесiне
5-қосымша
Мүгедектердi жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету
үшiн берiлетiн медициналық айғақтамалардың тiзбесi
1. Бөлмеде жүрiп-тұратын кресло-арба:
1) Созылмалы қан айналымы жетiспеушiлiгінiң үшiншi дәрежесi;
2) өкпе-жүрек жетiспеушiлiгінiң үшiншi дәрежесi;
3) гемиплегия, гимипарездiң айқындалған түрi;
4) параплегия, төменгі парапарездiң айқындалған түрi;
5) триплегия, трипарездiң айқындалған түрi;
6) тетраплегия, тетрапарездiң айқындалған түрi;
7) аса айқындалған атаксия, гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
8) екi балтырдан немесе одан да жоғарырақ жерден келте болуы;
9) аяқ буындары функцияларының IV дәрежедегі бұзылуы;
10) аяқтардың туа бiткен кемiстiгiнен жүрiп-тұрудың айқын түрде бұзылуы;
11) Паркинсонизм, акинеттiк-регидтiк түрi.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
2. Серуендеуге арналған кресло-арба:
1) гимеплегия, гемипарездiң айқындалған түрi;
2) параплегия, төменгі парапарездiң айқындалған түрi;
3) триплегия, трипарездiң айқындалған түрi;
4) тетраплегия, тетрапарездiң айқындалған түрi;
5) екi балтырдан немесе одан да жоғарырақ жерден келте болуы;
6) аяқ буындары функцияларының IV дәрежеде бұзылуы;
7) аяқтардың туа бiткен кемiстiгінен жүрiп-тұрудың айқын түрде бұзылуы.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
3. Мүгедектерге арналған автокөлiк;
1) өкпе-жүрек жетiспеушiлiгінiң екiншi дәрежесi;
2) бiр аяқтың сал болуы немесе айқын шала сал болуы;
3) параплегия, аяқ парапарезiнiң айқындалған түрi;
4) гемиплегия, гемипарездiң айқындалған түрi;
5) аяқтардың тромбо-облитерация ауруларының күре тамырларының созылмалы жетiспеушiлiгiнiң 2 және одан да жоғары дәрежесi;
6) аяқтардың көк тамыр ауруларының созылмалы көк тамыр жетiспеушiлiгiнiң 2-3 дәрежесi;
7) бiр аяқтың немесе екi бiрдей аяқтың кемiнде екi iрi буынының қозғалмай шор болып немесе қолайсыз бiтуi;
8) Шарп әдiсi бойынша екi табанның бiрдей келтелiлiгi (табан сүйектерiнiң басын кесiп тастау) және екi табанның жоғарырақ жерiнен келте болуы;
9) аяқтың балтырдан келте болуы немесе мейiлiнше жоғары келте болуы;
10) жамбас пен сан буындарының кейiннен пайда болған шығуы;
11) жамбас пен санның немесе тiзенiң жансыз болып қалған буындары;
12) жамбас пен сан буынының шор болып бiтуi немесе айқын көрiнетiн қолайсыз бiтуi (қозғалу көлемi 10 градустан кем);
13) тiзе буынының 150 градустан кем және 170 градустан артық шор болып бiтуi немесе айқын көрiнетiн функционалды қолайсыз болып бiтуi;
14) екi аяқтың да сирақ буындарының шор болып қатып қалуы немесе айқын көрiнетiн қолайсыз болып бiтуi;
15) екi сан немесе екi балтыр сүйектерiнiң 170 градустан кем болып дұрыс бiтпеген сынықтары;
16) аяқтардың екi және одан да көп сүйектерiнiң созылмалы iрiңдеп-қабынуы (2 жылдан астам), жарықшақтанып шiруi, терең жара болуы;
17) жалған буын немесе ортан жiлiк, балтырдың екi бiрдей сүйегінiң көлемдi кемiстiгi (сүйектiң көлденең немесе шет жағынан бастап жартысынан астам бүлiнуi) немесе балтырдың жiлiгінiң жоғарыда айтылған ақауы мен жiлiнiшiгiнiң 170 градустан кем болып қолайсыз бiтуi;
18) бiр аяқтың 10 сантиметрге және одан да көп кем болуы;
19) жарақаттанудың салдарынан ұзақ уақыт бойы жазылмайтын (6 айдан астам) немесе жиi қайталанатын балтырдағы 20 шаршы сантиметр, табанның үстiңгi жағындағы 10 шаршы сантиметр, табандағы кемiнде 2 шаршы сантиметр және одан да көп көлемдi трофикалық жаралар;
20) омыртқа сүйектерiнiң 4-дәрежеде қисайып функцияларының айқын бұзылуы.
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау
Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы
N 174-ө бұйрығымен бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың,
оның себептерiн, топтарын
және еңбекке қабiлетiн жоғалту
дәрежесiн анықтаудың ережесiне
6-қосымша
Қайта куәландыру мерзiмi көрсетiлместен
үшiншi топтағы мүгедектiк белгiленетiн анатомиялық
кемiстiктердiң тiзбесi
1. Қолдың кемiстiктерi мен ақаулары:
1) алақанның және қолдың жоғарырақ жерiнен келте болуының мейлiнше жоғары деңгейi;
2) бұлшық еттiң тартылуы (буынның 10 градусқа дейiн мөлшерде қозғалуы) немесе шынтақ буынының қолайсыз бiтуi (кемiнде 60 немесе 150 градустан астам) немесе бiлектiң алақанға төмен қаратылып немесе жоғары қаратылып бiтуi;
3) кескеннен кейiн жансыз болып қалған иық және шынтақ буындары;
4) операция жасауға жатпайтын, иықтың немесе бiлектiң екi сүйегiнiң жалған буындары;
5) алақанның бiрiншi саусақты қоспағанда төрт саусағының барлық буындарының болмауы;
6) алақанның бiрiншi саусақты қосқанда үш саусағының барлық буындарының болмауы;
7) алақанның бiрiншi саусақты қоспағанда төрт саусағының
немесе бiрiншi саусақты қосқанда үш саусағының шор болып бiтуi немесе айқын көрiнетiн функционалды қолайсыз (қозғалтудың 5-8 градусқа шектелуi) болып бiтуi;
8) алақанның бiрiншi және екiншi саусақтарының алақан сүйектерiмен қоса болмауы;
9) екi алақанның да бiрiншi саусақтарының болмауы.
2. Аяқтың кемiстiктерi мен ақаулары:
1) саннан немесе балтырдан келте болу;
2) Шопар буынының ақаулы келтелiлiгi, Пироговтiң әдiсi бойынша кесiлген табанның келтелiгi;
3) Шарп әдiсi бойынша екi табанның табан сүйектерiнiң басын кесiп тастағаннан келте болып қалуы;
4) сирақ буынының шор болып немесе айқын бiлiнетiн қолайсыз бiтуiне байланысты табанның қисаюы немесе екi сирақ буындарының шор болып бiтуi;
5) операция жасауға жатпайтын санның немесе балтырдың екi сүйегінiң де жалған буыны;
6) кескеннен кейiн жамбас пен санның жансыз болып қалған буыны;
7) жамбас пен сан буынының шор болып немесе функционалды
қолайсыз болып бiтуi (170 градустан астам және 150 градустан кем);
8) жамбас пен сан буындарының туа болған немесе кейiннен пайда болған шығуы;
9) аяқтың 10 сантиметрге және одан да жоғары қысқа болуы.
3. IV дәрежедегі кифосколиоз, қабырғалардың айқын қисаюымен IV дәрежедегі сколиоз.
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
4. Алақанның немесе қолдың, аяқтың сал болуы, қолдың немесе аяқтың трофикалық өзгерiстерi бар айқын көрiнетiн шала сал болуы.
5. Жақтың және таңдайдың кемiстiгi, егер протездеу шайнау мүмкiндiгiн қамтамасыз етпейтiн болса.
6. Гипофизарлық ергежейлiлiк, остехондропатия, аласа бойлылықпен ұштасқан остехондродистрофия.
7. IV дәрежедегі екі құлақтың да кереңдігі, екі жақты саңыраулық, мылқаулық.
Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
8. Көмекейдiң болмауынан үнемi канюлемен демалу.
9. Асқазанды сылып тастау.
10. Тыныс алу жетіспеушілігі кезіндегі пульмонэктомия; тыныс алу жетіспеушілігі кезінде 5 және одан да артық қабырға кесілетін торокопластика.
Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.
11. Бір көздің көру өткірлігінің түзетумен 0,03 дейін төмендеуі, бір көздің көрмеуі немесе бір көздің болмауы.
Ескерту: 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө
бұйрығымен
.