РҚАО-ның ескертуі: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 қаулысына сәйкес 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаулының күші жойылады (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) .
________________________________________
Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылау мәселесi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды ұйымдастыру жөнiнде нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2001 жылғы 10 қазандағы N 1409 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқару 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2002 жылғы 31 шiлдедегi N 1409 бұйрығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықтың 7-бөлiмi және 7, 8, 15 және 16-қосымшалары қолданысқа енгiзiлсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс вице-Министрi Н.Қ.Рахметовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық, 2-тармағын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
"Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы"
2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343 қаулысына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Валюталық бақылау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 343 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2001 жылғы 10 қазандағы N 1409 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықтың 7-бөлiмi және N 7, 8, 15 және 16 қосымшалары 2002 жылғы 31 шiлдеден бастап күшiне енгiзiлсiн.
3. Осы қаулының 2-тармағынан басқасы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
4. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мүдделi аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігімен
келісілді
Вице-Министр
2002 жылғы 15 шілде
"Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының "Қазақстан
Республикасында экспорт-импорт
валюта бақылауын ұйымдастыру
туралы нұсқаулықты бекіту туралы"
2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343
қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 3 маусыдағы
N 203 қаулысына
"Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
"Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулықты
бекіту туралы" 2001 жылғы 10
қазандағы N 1409 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы" Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2002 жылғы 17 маусымдағы
N 574 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
"Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы"
2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343 қаулысына
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің
"Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы"
2001 жылғы 10 қазандағы N 1409 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар
"Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343 қаулысына және "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 10 қазандағы N 1409 V011669_ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қаулының 4 тармағындағы "1 шілдеде" деген сөздер "31 шілдеде" деген сөздермен ауыстырылсын;
Көрсетілген қаулымен және бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықтың (бұдан әрі - Нұсқаулық):
3-тармағының үшінші азатжолындағы "осы Нұсқаулықта" деген сөздер "валюта заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы:
екінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауар валюта заңдарында белгіленген мерзімде жеткізілмеген жағдайда импортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алу үшін шаралар қабылдауға міндетті. Мұндайда келісім-шартта көзделген талаптар бойынша резидент еместің импортер алдындағы міндеттемелерін нақты орындау күні жеткізу күні болып саналады.";
үшінші азатжолдағы "импорт күнінен бастап" деген сөздер "резидент еместің импортер алдындағы міндеттемелерін нақты орындау күнінен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың екінші азатжолындағы "тіркелген заңды тұлға" деген сөздерден кейін "(оның ішінде оның филиалы)" деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақтың 5), 6) тармақшаларындағы "расталған" деген сөз алынып тасталсын;
33-тармақтағы:
"экспорт жөніндегі мәміле паспортында" деген сөздерден кейін (осы Нұсқаулықтың N 1 қосымшасындағы "Соңғы күн" бағаны) деген сөздермен толықтырылсын;
"оны толық көлемде алу үшін шаралар қолдануға және" деген сөздер алынып тасталсын;
"үш" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
34-тармақтағы:
"импорт жөніндегі мәміле паспортында" деген сөздерден кейін (осы Нұсқаулықтың N 2 қосымшасындағы "Соңғы күн" бағаны) деген сөздермен толықтырылсын;
"тауарды толық көлемде алу үшін не тауар импортына төлем жасауға аударылған ақшаны қайтару үшін барлық шараларды қолдануға және" деген сөздер алынып тасталсын;
"үш" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
38-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің атына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бірлесіп қарауы үшін тиiстi ақпарат" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санкциялар қолдану үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің атына тиiстi ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармақтағы:
"кеден заңдарының" деген сөздерден кейін "экспорт-импорт валюта бақылауы бөлігінің" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен бірлесіп қарауы үшін" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санкциялар қолдану үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің атына" деген сөздермен ауыстырылсын;
40-тармақтағы:
"нақты жеткізілетін" деген сөздер "кедендік ресімдеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
"Экспортердің/импортердің тіркелген орны бойынша кеден органының мөрімен куәландырылған мәміле паспортының көшірмесі тауар ресімдеу орны бойынша кеден органына жіберіледі. Кеден органы тауар ресімдеу орны бойынша валюталық бақылау мақсатында экспорт/импорт бойынша тауардың жылжуы туралы ақпаратты мәміле паспортын ресімдеген кеден органына жіберуге міндетті.";
43-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осындай өзгерістерді әділет органдарында тіркеген күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей мәміле паспорты валюталық бақылауға қабылданған экспортерлерге/импортерлерге уәкілетті банктің жаңа деректемелерін мәміле паспорттарының "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде көрсету үшін банкке мәміле паспортының бірінші данасын ұсыну қажеттігі туралы хабарлауға;";
45-тармақтағы "экспортерге/импортерге алдағы уақытта қызмет көрсететін басқа банк не кеден органы" деген сөздер "экспортерге/импортерге алдағы уақытта қызмет көрсететін басқа банк, сондай-ақ кеден органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
46-тармақтағы "Сонымен қатар" деген сөздер "Қажет болған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;
47-тармақтағы:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша міндеттемелердің толық орындалуы;";
9) тармақшадағы "әділет органдарының экспортердің/импортердің заңды тұлға ретінде тіркелген орны бойынша болмау фактісін растауы не" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) кеден органы тарапынан мәміле паспорты бойынша тауардың нақты жылжуының болмауы туралы растау болған кезде, сонымен бір уақытта келісім-шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін 1 ай ішінде мәміле паспорты бойынша ақша мен тауар жылжуының болмауы, уәкілетті банк тарапынан мәміле паспорты бойынша тауардың нақты жылжуының және осы келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы экспортердің/импортердің уәкілетті банкке және кеден органына жазбаша хабарламасының болмауы туралы
растау";
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) мәміле паспортының соңғы күні өткеннен кейін тараптардың
сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша жиырма айлық есептік көрсеткіштен
аспайтын сомаға орындалмаған міндеттемелерінің болуы
экспортердің/импортердің келісімі болған кезде;";
53-тармақтың 2) тармақшасындағы "5-нен" деген сөз "8-нен" деген
сөзбен ауыстырылсын;
54-тармақтың 3) тармақшасындағы "екі" деген сөз "бір" деген сөзбен
ауыстырылсын;
58-тармақтың:
2) тармақшасындағы "20" саны "15" санымен ауыстырылсын;
3) тармақшасындағы "15" саны "20" санымен ауыстырылсын;
63-тармақтағы:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және банктер жүзеге асыратын қолма-қол ақшаны ауыстырған кезде;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және банктер қымбат металдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде;";
мынадай мазмұндағы 70-1-тармақпен толықтырылсын:
"70-1. Ақша төлемі және/немесе аударымы жүзеге асырылатын тұлға және үшінші резидент тұлғалар арасында тиісті шарт болған жағдайда ғана жоғарыда көрсетілген үшінші резидент тұлғалардың сыртқы сауда келісім-шарттарына ақы төлеуіне рұқсат етіледі.";
мынадай мазмұндағы 71-1-тармақпен толықтырылсын:
"71-1. Егер импорт келісім-шартына ақы төлеуді үшінші тұлғаның бірі жүзеге асыратын болса, онда мәміле паспортына қосымша парақтар ресімделмей-ақ "Үшінші тұлғаның деректемелері" бөлімі толтырылып, мәміле паспортын бес дана етіп (тараптарға бір-бірден - импортерге, импортердің банкіне, кеден органына, үшінші тұлғаға және үшінші тұлғаның банкіне) ресімдеуге рұқсат етіледі.
Мұндай жағдайда импорт бойынша мәміле паспорты осы Нұқсаулықтың 71-тармағында көзделген тәртіппен үшінші тұлғаның қатысуымен ресімделуге ұсынылады.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Есеп айырысу аккредитивтік нысанда болса не банктік кепілдік орындалған жағдайда уәкілетті банктің кеден органдарына хабарламасы осы Нұсқаулықтың 58-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде нақты төлем жүзеге асырылған кезде жіберіледі.
Егер орындаушы өзге банк болса, ол уәкілетті банкке есеп айырысудың аккредитивтік нысанда болуын не банктік кепілдіктің орындалуын көздейтін сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша төлемнің және/немесе ақша аударымының жүзеге асырылғанын растайтын төлем құжатының көшірмесін уәкілетті банкке жіберуге тиіс.";
мынадай мазмұндағы 72-1-тармақпен толықтырылсын:
"72-1. Егер сыртқы сауда келісім-шартында экспортердің/импортердің тарапынан банктік кепілдік болуы көзделсе, онда мәміле паспортының "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөліміне банктік кепілдіктің бар екендігі белгіленеді.
Кепілдік шығарған банк сыртқы сауда келісім-шарты бойынша төлемді жүзеге асырған жағдайда, мұндай банк уәкілетті банкке резидент еместің пайдасына төлем жасағанын растайтын төлем құжатын бергеннен кейін ғана мәміле паспорты жабылады.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Экспортер/импортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, капитал қозғалысымен байланысты операцияларды лицензиялауды жүзеге асыру үшін мынадай жағдайларда тиісті шаралар қабылдауға міндетті:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тауардың кедендік ресімделген күнінен бастап 120 күнтізбелік күннен асатын мерзімде экспорт ақша түсімінің түспеуі;
2) аванстық төлем жүзеге асырылған, оның ішінде вексель бойынша төлем жасалған күннен бастап 120 күнтізбелік күннен асатын мерзімде импорт келісім-шарты бойынша тауардың жеткізілмеуі.";
мынадай мазмұндағы 77-1-тармақпен толықтырылсын:
"77. Экспортер/импортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, капитал қозғалысымен байланысты операцияларды тіркеуді жүзеге асыру үшін мынадай жағдайларда тиісті шаралар қабылдауға міндетті:
1) экспорт ақша түсімі түскен, оның ішінде вексель бойынша төлем жасалған күннен бастап 120 күнтізбелік күннен асатын мерзімде Қазақстан Республикасының аумағында тауардың кедендік ресімделуінің жүзеге асырылмауы;
2) импорт келісім-шарты бойынша тауар жеткізілген күннен бастап 120 күнтізбелік күннен асатын мерзімде төлем жасалмауы.";
N 19 қосымша алынып тасталсын;
Нұсқаулықтың NN 1, 2, 3, 4, 5, 6, 14, 15, 16, 17 және 18 қосымшалары мынадай редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы
5 қыркүйектегі N 343 қаулысымен
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2001 жылғы 10 қазандағы N 1409
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 1 қосымша
Экспорт жөніндегі мәміле паспорты N 11 (12) __________
___________________ ж.
ЭКСПОРТЕР БАНКТІҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Атауы ____________________________________________________________________
Филиалы __________________________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________________
Салық тіркеу нөмірі (СТН) ________________________________________________
Банктің (банк филиалының) ОКПО коды ______________________________________
ЭКСПОРТЕРДІҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Атауы ____________________________________________________________________
ОКПО коды ________________________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________________
Банктік есепшотының нөмірі _______________________________________________
Салық тіркеу нөмірі (СТН) ________________________________________________
Салық органының мекен-жайы _______________________________________________
ҮШІНШІ ТҰЛҒАНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

ШЕТЕЛДІК САТЫП АЛУШЫНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Атауы ____________________________________________________________________
Ел ______________________________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________________
Сатып алушының банктік деректері _________________________________________
ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ТАЛАПТАРЫ
Нөмірі ____________________________ Соңғы күн___________________________
Күні _______________________________ Төлем валютасы______________________
Контракт сомасы_____________________ Төлем валютасының коды______________
Тауар_______________________________ Есеп айырысу нысаны ________________
Келісім-шарт бойынша валюта_________
Келісім-шарт бойынша валюта коды____
Валюталық ескертпе__________________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЛИЦЕНЗИЯСЫ
Лицензияның нөмірі ______________________ Күні _________________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТІРКЕУ КУӘЛІГІ
Тіркеу куәлігінің нөмірі ______________________ Күні _________________
УӘКІЛЕТТІ АДАМДАРДЫҢ ҚОЛЫ:
Банктің атынан Экспортердің атынан Кеден органы Үшінші тұлға
лауазымы __________ лауазымы __________ атынан атынан
аты-жөні (қолы)____ аты-жөні (қолы)____ лауазымы ____ лауазымы ______
М.о. М.о. аты-жөні (қолы)__ аты-жөні (қолы)
күні ______________ күні ____________ М.о. ______
күні _____________ М.о.
күні ________
Үшінші тұлғаның банкі атынан
лауазымы ___________
аты-жөні (қолы)_____
М.о.
күні _______________
БАНКТІҢ, КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мәміле паспортын ресімдеу
ЕРЕЖЕ
"Экспорт жөніндегі мәміле паспорты" - қисық сызықпен белгіленген төрт бөліктен тұратын мәміле паспортының күрделі коды көрсетіледі:
бірінші бөлігі екі араб санынан тұрады, оның "1" деген бірінші саны осы экспорт жөніндегі мәміле паспортының тауар экспортынан келіп түскен валюта түсіміне валюталық бақылау жасауға арналған, ал "1" деген екінші саны мәміленің осы паспорты бойынша алдын ала төлем жасайтын орны немесе "2" - тауардың кедендік ресімделгенін білдіреді,
екінші бөлігі жүк кедендік ресімдеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілермен белгіленген кеден органының кодын құрайтын сегіз саннан тұрады,
үшінші бөлігі үш саннан тұрады, оған ағымдағы жылдың соңғы үш саны қойылады;
төртінші бөлігі нүктесі бар нольден тұрады, одан кейін журналға сәйкес осы экспорт жөніндегі мәміле паспортының рет нөмірі қойылады (мысалы, 11/00000000/000/0,12).
"Экспорт жөніндегі мәміле паспорты" бағанының астына кеден органы экспорт жөніндегі "шығыс" журналының бағанына оның тіркелу күнін көрсетеді (N 3 қосымша).
"Экспортер банктің деректемелері" бөлімі мынадай түрде толтырылады.
"Атауы" деген бағанға осы экспорт жөніндегі мәміле паспортына қол қойған банктің атауы толық көрсетіледі.
"Филиал" деген бағанға экспортердің есепшоты жүргізілетін филиалдың толық аты көрсетіледі, бұдан әріде экспорт жөніндегі мәміле паспортының "есепшот нөмірі" бағанында көрсетіледі. Көрсетілген есепшот банк филиалында жүргізілген жағдайда ғана толтырылады.
"Мекен-жайы" деген бағанға экспортер шотын жүргізуші банктің (немесе экспортердің есепшоты банк филиалында жүргізілсе, банк филиалының) толық почталық мекен-жайы көрсетіледі.
"СТН" бағанында Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес экспортердің банкіне (банктің филиалына) берілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
"ОКПО коды" деген бағанда мемлекеттік статистика органдары берген экспортер банктің сегіз таңбалы коды не "филиал" деген бағанда көрсетілген банк филиалының он екі таңбалы коды көрсетіледі.
"Экспортердің деректемелері" бөлімі мынадай түрде толтырылады:
"Атауы" деген бағанда мәміле паспортына қол қойған экспортердің толық ресми атауы көрсетіледі.
"ОКПО коды" деген бағанда мәміле паспортына қол қойған экспортер банктің мемлекеттік статистика органдары берген сегіз таңбалы коды көрсетіледі.
"Мекен-жайы" деген бағанда экспорт жөніндегі мәміле паспортына қол қойған экспортердің толық почталық мекен-жайы көрсетіледі.
"Банк есепшотының нөмірі" деген бағанда мәміле паспортына қол қойған экспортердің осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша валюталық түсім түсуі тиіс валюталық есепшотының нөмірі көрсетіледі.
СТН бағанында Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес экспортерге берілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
"Салық органының мекен-жайы" деген бағанда экспортердің тіркелген жері бойынша салық органдарының мекен-жайы көрсетіледі.
"Үшінші тұлғаның деректемелері" бөлімі үшінші тұлға төлеуші-резиденттің қатысуымен мәміле паспорты (мәміле паспортына қосымша парақ) ресімделген жағдайда "Экспортердің деректемелері" бөлімі сияқты толтырылады:
"Шетелдік сатып алушының деректемелері" бөлімі мынадай түрде толтырылады:
"Атауы" деген бағанда осы мәміле паспорты негізінде жасалған келісім-шартта көрсетілген түрде экспортталатын тауарларды шетелдік сатып алушының атауы көрсетіледі.
"Ел" деген бағанда осы мәміле паспорты негізінде жасалған келісім-шарттарға сәйкес сатып алушы тұратын елдің атауы көрсетіледі.
"Мекен-жайы" деген бағанда осы экспорт жөніндегі мәміле паспорты негізінде келісім-шарттың талаптарына сәйкес шет ел сатып алушысының заңды мекен-жайы көрсетіледі.
"Сатып алушы банктің деректемелері" деген бағанда шет ел сатып алушысына қызмет көрсететін шетелдік банктің мекен-жайы мен деректемелері көрсетіледі.
Осы бағанда көрсетілетін мәліметтер шетелдік тараптың өзге банктік деректемелері арқылы ресімделген мәміле паспорты бойынша ақшалай қаражатты аударған кезде төлемді бірегейлендіруден бас тартуға негіз бола алмайды.
"Келісім-шарттың деректемелері мен шарттары" бөлімі мынадай түрде толтырылады:
"Нөмірі" деген бағанда осы экспорт жөніндегі мәміле паспорты негізінде жасалған келісім-шарттың нөмірі көрсетіледі.
"Күні" деген бағанда келісім-шартқа қол қойылған күні көрсетіледі.
"Келісім-шарт сомасы" деген бағанда осы келісім-шартқа сәйкес экспортталатын тауарлардың жалпы құны көрсетіледі. Егер келісім-шарт бойынша бағдарлы бағасы белгіленген тауарды жеткізу көзделсе, онда мәміле паспортында белгіленген жеткізілім көлемін бағдарлы бағасына көбейту арқылы есептелген келісім-шарт сомасы, сонымен бірге "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде бағдарлы бағалар мен келісім-шарттың нақты сомасы мәміле паспортында көрсетілген сомадан асып кетуі не кем болуы мүмкін екендігі көрсетіледі.
"Тауар" деген бағанда келісім-шарт бойынша тауардың аты көрсетіледі. Тауардың бірнеше атауы атап көрсетілгенде оларды үтір арқылы бөліп, не мәміле паспортын рәсімдеу үшін көзделген тәртіпке сәйкес тауарға тізбесімен қоса көрсету керек.
"Келісім-шарт бойынша валюта" деген бағанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы" нұсқаулығы негізінде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт сомасы белгіленген валюта атауы көрсетіледі.
"Келісім-шарт бойынша валюта коды" деген бағанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы" нұсқаулығы негізінде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт бойынша валюта коды көрсетіледі.
"Валюталық ескертпе" деген бағанда келісім-шарт бойынша валюта төлеміне валюта бағамын есептеу тәсілі көрсетіледі ("Келісім-шарт бойынша валюта" мен "Төлем валютасы" сәйкес келмегенде ғана толтырылады).
"Соңғы күн" деген бағанда осы экспорт бойынша мәміле паспорты негізінде жасалған келісім-шарт бойынша соңғы төлем экспортердің валюта есепшотына келіп түскен есеп айырысу күні көрсетіледі. "Соңғы күнді" экспортер келісім-шарт талаптары бойынша тауарды тиеудің рұқсат етілген болжанған соңғы кедендік ресімдеу күніне келісім-шарт шартына сәйкес тауар экспортының күніне есептелген экспорт түсімінің келіп түскен күнін қосу арқылы өз бетінше есептейді. Егер келісім-шартта оның қолданылу мерзімінің аяқталу күні тікелей көрсетілсе, онда бұл бағанда келісім-шарттың қолданылу мерзімнен ұзақтау мерзім көрсетілуі мүмкін.
"Төлем валютасы" деген бағанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы" нұсқаулығы негізінде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес экспортталатын тауардың төлемі жасалатын валютаның аты көрсетіледі.
"Төлем валютасының коды" деген бағанда Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Кедендік жүк
декларациясын толтыру тәртібі туралы" нұсқаулығы негізінде республикалық
кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес төлем валютасының
коды көрсетіледі.
"Есеп айырысу нысаны" деген бағанда келісім-шарттағы талаптарға
сәйкес (төменде келтірілген жіктеушіге сай) экспортталатын тауар үшін
қолданылатын есеп айырысу нысанының коды көрсетіледі:
Есеп айырысу нысаны Коды
Аванстық төлем
(алдын ала төлеу) 00
аккредетив 10
инкассо 20
аударым 30
басқалары 40
Есеп айырысудың аралас нысаны қолданылуы мүмкін, онда бағанға екі код
жазылады.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы" бөлімі экспортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензияларын алған кезде толтырылады.
"Нөмірі" бағанына экспортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензияның нөмірі көрсетіледі.
"Күні" бағанына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензияда көрсетілген, берген күні көрсетіледі.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі" бөлімі экспортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркеу куәлігін алған кезде мынадай түрде толтырылады:
"Нөмірі" бағанына экспортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетіледі.
"Күні" бағанына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігінде көрсетілген берілген күні көрсетіледі.
"Уәкілетті адамдардың қолдары" бөлімі мынадай түрде толтырылады:
Экспорт жөніндегі мәміле паспортының үш данасы (лауазымы, аты-жөні көрсетіліп):
кеден органының атынан - кеден органының атынан мәміле паспортына қол қоюға және валюталық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өзге де іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адам;
банктің атынан - мәміле паспортын ресімдеуді жүзеге асыратын банктің жауапты қызметкері;
экспортердің атынан - экспортердің басшысы;
үшінші тұлғаның атынан - үшінші тұлғаның басшысы.
Экспорт бойынша мәміле паспортының барлық даналары кеден органының, банктің, экспортердің және қажет болған жағдайда үшінші тұлғаның мөрлерімен бекітіледі.
"Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде
Мәміле паспортының бағандарында көрсетілмеген, бірақ осы Нұсқаулықта көзделген немесе валюталық бақылау органдарының және агенттерінің жұмысын жеңілдететін мәліметтер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы
5 қыркүйектегі N 343 қаулысымен
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2001 жылғы 10 қазандағы
N 1409 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 2 қосымша
Импорт жөніндегі МӘМІЛЕ ПАСПОРТЫ N 21, (22) __________
___________________ ж.
БАНКТІҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Атауы __________________________________________________________________
Филиалы ________________________________________________________________
Мекен-жайы _____________________________________________________________
Салық тіркеу нөмірі (СТН)_______________________________________________
Банктің (банк филиалының) ОКПО коды ____________________________________
ИМПОРТЕРДІҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Атауы __________________________________________________________________
ОКПО коды ______________________________________________________________
Мекен-жайы _____________________________________________________________
Банктік есепшотының нөмірі _____________________________________________
Салық тіркеу нөмірі (СТН) ______________________________________________
Салық органының мекен-жайы _____________________________________________

ШЕТЕЛДІК ӘРІПТЕСТІҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Атауы __________________________________________________________________
Ел _____________________________________________________________________
Мекен-жайы _____________________________________________________________
Шетелдік әріптестің банкінің деректері _________________________________
ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ТАЛАПТАРЫ
Нөмірі ______________________________ Соңғы күн _______________________
Күні ________________________________ Төлем валютасы __________________
Контракт сомасы______________________ Төлем валютасының коды __________
Тауар________________________________ Есеп айырысу нысаны _____________
Келісім-шарт бойынша валюта__________
Келісім-шарт бойынша валюта коды_____
Валюталық ескертпе___________________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЛИЦЕНЗИЯСЫ
Лицензияның нөмірі ______________________ Күні _________________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТІРКЕУ КУӘЛІГІ
Тіркеу куәлігінің нөмірі ______________________ Күні _________________
УӘКІЛЕТТІ АДАМДАРДЫҢ ҚОЛЫ:
Банктің атынан Экспортердің атынан Кеден органы Үшінші тұлға
лауазымы __________ лауазымы __________ атынан атынан
аты-жөні (қолы)____ аты-жөні (қолы)____ лауазымы ____ лауазымы ______
М.о. М.о. аты-жөні (қолы)__ аты-жөні (қолы)
күні ______________ күні ____________ М.о. ______
күні _____________ М.о.
күні ________
Үшінші тұлғаның банкі атынан
лауазымы ___________
аты-жөні (қолы)_____
М.о.
күні _______________
БАНКТІҢ, КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Импорт жөніндегі мәміле паспортын ресімдеу
ЕРЕЖЕ
"Импорт жөніндегі мәміле паспорты" бағанына - қисық сызықпен белгіленген төрт бөліктен тұратын мәміле паспортының күрделі коды көрсетіледі:
бірінші бөлігі екі араб санынан тұрады, оның "2" деген бірінші саны осы импорт жөніндегі мәміле паспортының тауар импортынан келіп түскен валюта түсіміне валюталық бақылау жасауға арналған, ал "1" деген екінші саны мәміленің осы паспорты бойынша алдын ала төлем жасайтын орны немесе "2" - тауардың кедендік ресімделгенін білдіреді;
екінші бөлігі жүк кедендік ресімдеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілермен белгіленген кеден органының кодын құрайтын сегіз саннан тұрады;
үшінші бөлігі үш саннан тұрады, оған ағымдағы жылдың соңғы үш саны қойылады;
төртінші бөлігі нүктесі бар нольден тұрады, одан кейін журналға сәйкес осы импорт жөніндегі мәміле паспортының рет нөмірі қойылады (мысалы, 21/00000000/000/0.12).
"Импорт жөніндегі мәміле паспорты" бағанының астына кеден органы импорт жөніндегі "шығыс" журналының бағанына оның тіркелу күнін көрсетеді (N 4 қосымша).
"Банктің деректемелері" бөлімі мынадай түрде толтырылады.
"Атауы" деген бағанға осы импорт жөніндегі мәміле паспортына қол қойған банктің атауы толық көрсетіледі.
"Филиал" деген бағанға импортердің есепшоты жүргізілетін филиалдың толық аты көрсетіледі, бұдан әріде импорт жөніндегі мәміле паспортының "банктік есепшот нөмірі" бағанында көрсетіледі. Көрсетілген есепшот банк филиалында жүргізілген жағдайда ғана толтырылады.
"Мекен-жайы" деген бағанға импортер шотын жүргізуші банктің (немесе импортердің есепшоты банк филиалында жүргізілсе, банк филиалының) толық почталық мекен-жайы көрсетіледі.
"СТН" бағанында Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес банкке (банктің филиалына) берілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. "ОКПО коды" деген бағанда мемлекеттік статистика органдары берген импортер банктің сегіз таңбалы коды не "филиал" деген бағанда көрсетілген банк филиалының он екі таңбалы коды көрсетіледі.
"Импортердің деректемелері" бөлімі мынадай түрде толтырылады:
"Атауы" деген бағанда мәміле паспортына қол қойған импортердің толық ресми атауы көрсетіледі.
"ОКПО коды" деген бағанда импорт жөніндегі мәміле паспортына қол қойған импортердің мемлекеттік статистика органдары берген сегіз таңбалы коды көрсетіледі.
"Мекен-жайы" деген бағанда импорт жөніндегі мәміле паспортына қол қойған импортердің толық почталық мекен-жайы көрсетіледі.
"Банк есепшотының нөмірі" деген бағанда мәміле паспортына қол қойған импортердің осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша валюталық түсім түсуі тиіс валюталық есепшотының нөмірі көрсетіледі.
СТН бағанында Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес импортерге берілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
"Салық органының мекен-жайы" деген бағанда импортердің тіркелген жері бойынша салық органдарының мекен-жайы көрсетіледі.
"Үшінші тұлғаның деректемелері" бөлімі "Импортердің деректемелері" бөлімі сияқты толтырылады:
"Шетелдік әріптестің деректемелері" бөлімі мынадай түрде толтырылады:
"Атауы" деген бағанда осы мәміле паспорты негізінде жасалған келісім-шартта көрсетілген түрде импортталатын тауарларды шетелдік сатып алушының атауы көрсетіледі.
"Ел" деген бағанда осы мәміле паспорты негізінде жасалған келісім-шарттарға сәйкес сатушы тұратын елдің атауы көрсетіледі.
"Мекен-жайы" деген бағанда осы импорт жөніндегі мәміле паспорты негізінде келісім-шарттың талаптарына сәйкес шет ел сатып алушысының заңды мекен-жайы көрсетіледі.
"Шетелдік әріптестің банкінің деректемелері" деген бағанда шет елдік әріптеске қызмет көрсететін шетелдік банктің мекен-жайы мен деректемелері көрсетіледі. Бұл баған осы деректемелер келісім-шартта көрсетілген жағдайда толтырылады. Осы бағанда көрсетілетін мәліметтер шетелдік тараптың өзге банктік деректемелері арқылы ресімделген мәміле паспорты бойынша ақшалай қаражатты аударған кезде төлемді бірегейлендіруден бас тартуға негіз бола алмайды.
"Келісім-шарттың деректемелері мен шарттары" бөлімі мынадай түрде толтырылады:
"Нөмірі" деген бағанда осы импорт жөніндегі мәміле паспорты негізінде жасалған келісім-шарттың нөмірі көрсетіледі.
"Күні" деген бағанда келісім-шартқа қол қойылған күні көрсетіледі.
"Келісім-шарт сомасы" деген бағанда осы келісім-шартқа сәйкес импортталатын тауарлардың жалпы құны көрсетіледі. Егер келісім-шарт бойынша бағдарлы бағасы белгіленген тауарды жеткізу көзделсе, онда мәміле паспортында белгіленген жеткізілім көлемін бағдарлы бағасына көбейту арқылы есептелген келісім-шарт сомасы, сонымен бірге "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде бағдарлы бағалар мен келісім-шарттың нақты сомасы мәміле паспортында көрсетілген сомадан асып кетуі не кем болуы мүмкін екендігі көрсетіледі.
"Тауар" деген бағанда келісім-шарт бойынша тауардың аты көрсетіледі.
Тауардың бірнеше атауы атап көрсетілгенде оларды үтір арқылы бөліп, не мәміле паспортын рәсімдеу үшін көзделген тәртіпке сәйкес тауарға тізбесімен қоса көрсету керек.
"Келісім-шарт бойынша валюта" деген бағанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы" нұсқаулығы негізінде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт сомасы белгіленген валюта атауы көрсетіледі.
"Келісім-шарт бойынша валюта коды" деген бағанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы" нұсқаулығы негізінде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт бойынша валюта коды көрсетіледі.
"Валюталық ескертпе" деген бағанда келісім-шарт бойынша валюта төлеміне валюта бағамын есептеу тәсілі көрсетіледі ("Келісім-шарт бойынша валюта" мен "Төлем валютасы" сәйкес келмегенде ғана толтырылады).
"Соңғы күн" деген бағанда осы импорт бойынша мәміле паспорты негізінде жасалған келісім-шарт бойынша соңғы төлем импортердің валюта есепшотына келіп түскен есеп айырысу күні көрсетіледі. "Соңғы күнді" импортер келісім-шарт шарттары бойынша тауарды тиеудің рұқсат етілген болжанған соңғы кедендік ресімдеу күніне келісім-шарт талабына сәйкес тауар импортының күніне есептелген импорт түсімінің келіп түскен күнін қосу арқылы өз бетінше есептейді. Егер келісім-шартта оның қолданылу мерзімінің аяқталу күні тікелей көрсетілсе, онда бұл бағанда келісім-шарттың қолданылу мерзімінен ұзақтау мерзім көрсетілуі мүмкін.
"Төлем валютасы" деген бағанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы" нұсқаулығы негізінде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес импортталатын тауардың төлемі жасалатын валютаның аты көрсетіледі.
"Төлем валютасының коды" деген бағанда Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Кедендік жүк
декларациясын толтыру тәртібі туралы" нұсқаулығы негізінде республикалық
кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес төлем валютасының
коды көрсетіледі.
"Есеп айырысу нысаны" деген бағанда келісім-шарттағы талаптарға
сәйкес (төменде келтірілген жіктеушіге сай) импортталатын тауар үшін
қолданылатын есеп айырысу нысанының коды көрсетіледі:
Есеп айырысу нысаны Коды
Аванстық төлем
(алдын ала төлеу) 00
аккредетив 10
инкассо 20
аударым 30
басқалары 40
Есеп айырысудың аралас нысаны қолданылуы мүмкін, онда бағанға екі код
жазылады.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы" бөлімі импортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензияларын алған кезде мынадай түрде толтырылады:
"Нөмірі" бағанына импортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензияның нөмірі көрсетіледі.
"Күні" бағанына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензияда көрсетілген, берген күні көрсетіледі.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі" бөлімі импортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркеу куәлігін алған кезде мынадай түрде толтырылады:
"Нөмірі" бағанына импортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетіледі.
"Күні" бағанына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігінде көрсетілген берілген күні көрсетіледі.
"Уәкілетті адамдардың қолдары" бөлімі мынадай түрде толтырылады:
Импорт жөніндегі мәміле паспортының үш данасына (лауазымы, аты-жөні көрсетіліп) мыналар қол қояды:
кеден органының атынан - кеден органының атынан мәміле паспортына қол қоюға және валюталық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өзге де іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адам;
банктің атынан - мәміле паспортын ресімдеуді жүзеге асыратын банктің жауапты қызметкері;
импортердің атынан - импортердің басшысы;
үшінші тұлғаның атынан - үшінші тұлғаның басшысы.
Импорт бойынша мәміле паспортының үш данасы кеден органының, банктің, импортердің мөрлерімен бекітіледі.
Үшінші тұлға болған жағдайда осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес импорт жөніндегі мәміле паспортына бес данада қосымша парақ ресімделеді және (лауазымы, аты-жөні көрсетіліп) мыналар қосымша қол қояды:
үшінші тұлғаның атынан - үшінші тұлғаның басшысы;
үшінші тұлғаның банкі атынан - банктің жауапты қызметкері.
Импорт жөніндегі мәміле паспортына бес данадағы қосымша парақ кеден органының, импортер банктің, импортердің, үшінші тұлғаның және үшінші тұлғаның банкінің мөрлерімен бекітіледі.
"Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде
Мәміле паспортының бағандарында көрсетілмеген, бірақ осы Нұсқаулықта көзделген немесе валюталық бақылау органдарының және агенттерінің жұмысын жеңілдететін мәліметтер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы
5 қыркүйектегі N 343 қаулысымен
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2001 жылғы 10 қазандағы
N 1409 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 3 қосымша
"БАНК, КЕДЕН ОРГАНЫ" ____________________________________________________
(банктiң немесе оның филиалының, кеден органының толық атауы)
20__жылғы экспорт жөнiндегi валюта бақылауының келіп түскен және
жіберілген құжаттарын есепке алу
ЖУРНАЛЫ
Басталуы _________________ (көрсетiлген күнтiзбелiк жылда журналда бiрiншi
тiркелген құжаттың тiркеу күнi көрсетiледi)
Аяқталуы _________________ (көрсетiлген күнтiзбелiк жылда журналда соңғы
тiркелген құжаттың тiркеу күнi көрсетiледi)
Бланк
1. Банктiң/кеден органының тiркеу номерi
2. Құжаттың атауы
3. Номерi және күнi
Келіп түскендері
4. түскен күнi
5. Корреспондент
Жіберілгендері
6. Жiберiлген күнi
7. Корреспондент
8. Құжатты алған адамның қолы
Валюта бақылауының келіп түскен және жіберілген құжаттарын есепке алу
журналы әр күнтiзбелiк жылға жасалады (бiрiншi құжаттың келiп түскен
күнiнен бастап). Журнал аяқталғанда банктiң бас бухгалтерi, кеден
органының лауазымды адамы қол қояды және архивке сақтауға өткiзiледi.
Архивте сақтау мерзiмi - журнал аяқталған күннен бастап 10 жыл.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы
5 қыркүйектегі N 343 қаулысымен
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2001 жылғы 10 қазандағы
N 1409 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 4 қосымша
"БАНК, КЕДЕН ОРГАНЫ" ____________________________________________________
(банктiң немесе оның филиалының, кеден органының толық атауы)
20__жылғы импорт жөнiндегi валюта бақылауының келіп түскен және
жіберілген құжаттарын есепке алу
ЖУРНАЛЫ
Басталуы _________________ (көрсетiлген күнтiзбелiк жылда журналда бiрiншi
тiркелген құжаттың тiркеу күнi көрсетiледi)
Аяқталуы ________________ (көрсетiлген күнтiзбелiк жылда журналда соңғы
тiркелген құжаттың тiркеу күнi көрсетiледi)
Бланк
1. Банктiң/кеден органының тiркеу номерi
2. Құжаттың атауы
3. Номерi және күнi
Келіп түскендері
4. Түскен күнi
5. Корреспондент
Жіберілгендері
6. Жiберiлген күнi
7. Корреспондент
8. Құжатты алған адамның қолы
Импорт жөнiндегi валюта бақылауының келіп түскен және жіберілген
құжаттарын есепке алу журналы әр күнтiзбелiк жылға жасалады (бiрiншi
құжаттың келiп түскен күнiнен бастап). Журнал аяқталғанда банктiң бас
бухгалтерi, кеден органының лауазымды адамы қол қояды және архивке
сақтауға өткiзiледi. Архивте сақтау мерзiмi - журнал аяқталған күннен
бастап 10 жыл.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы
5 қыркүйектегі N 343 қаулысымен
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2001 жылғы 10 қазандағы
N 1409 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 5 қосымша
200__ жылғы ________ айы үшін экспорт мәмілелері бойынша
тауарлардың нақты қозғалысы туралы ақпарат
---------------------------------------------------------------------------
Уәкілетті! Мәміле ! Мәміле !Экспортердің!Экспортердің!Жүк кеден!ЖКД-ын
банктің !паспортының!паспортын! атауы !ОКПО коды/ !деклара. !ресім.
ОКПО коды! (МП) N !ресімдеу ! !СТН !циясының !деу кү.
! ! күні ! ! !N (ЖКД) !ні (та.
! ! ! ! ! !уардың
! ! ! ! ! !жібер.
! ! ! ! ! !ілген
! ! ! ! ! !күні)
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
---------------------------------------------------------------------------
Валюта бағамы!Жіберілген!Қайтарылған!Валюта коды!Шетелдік әріптес!Ескерту
!тауар құны!тауар құны ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы
5 қыркүйектегі N 343 қаулысымен
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2001 жылғы 10 қазандағы
N 1409 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 6 қосымша
200__ жылғы ________ айы үшін импорт мәмілелері бойынша
тауарлардың нақты қозғалысы туралы ақпарат
---------------------------------------------------------------------------
Уәкілетті! Мәміле ! Мәміле !Импортердің !Импортердің !Жүк кеден!ЖКД-ын
банктің !паспортының!паспортын! атауы !ОКПО коды/ !деклара. !ресім.
ОКПО коды! (МП) N !ресімдеу ! !СТН !циясының !деу кү.
! ! күні ! ! !N (ЖКД) !ні (та.
! ! ! ! ! !уардың
! ! ! ! ! !жібер.
! ! ! ! ! !ілген
! ! ! ! ! !күні)
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
---------------------------------------------------------------------------
Валюта бағамы! Түскен !Қайтарылған!Валюта коды!Шетелдік әріптес!Ескерту
!тауар құны!тауар құны ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы
5 қыркүйектегі N 343 қаулысымен
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2001 жылғы 10 қазандағы
N 1409 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 14 қосымша
200__ж. _____________ экспорт-импорт
валюта бақылауының
нәтижелері туралы ақпарат
мың АҚШ доллары
___________________________________________________________________________
Көрсеткіштер Жол Экспорт Импорт
коды
____________________________________________
Барлығы Оның Барлығы Оның
ішінде ішінде
теңгемен теңгемен
төлемдер төлемдер
___________________________________________________________________________
Есепті кезеңде ресімделген
мәміле паспортының саны
(дана) 01
Есепті кезеңде ресімделген
мәміле паспортының жалпы
сомасы 02
Есепті кезеңнің аяғында
алынуға/төленуге тиісті
барлық төлемдер (есеп
айырысудың құжаттамалық
нысандары бойынша
төлемдерді қосқанда) 03
Есепті кезеңде нақты
төленген/алынған төлемдер 05
1) аванстық төлемдер
(алдын ала төлеу) 06
оның ішінде:
есепті кезеңнің аяғына
дейін таурларды жеткізу
жүзеге асырылмаған
аванстық төлемдер 07
2) тауарларды тиегеннен
кейінгі төлемдер, 08
оның ішінде:
өткен есепті кезеңдерде
тауар жеткізіліміне қарай 09
жасалған төлемдер
ағымдағы есепті кезеңде
тауар жеткізіліміне қарай 10
жасалған төлемдер
3) бұрын аударылған ақшаны
қайтару 11
4) өзге түсімдер 12
Есепті кезеңде есеп
айырысудың құжаттамалық
нысандары бойынша нақты
төленген/алынған төлемдер 13
Есепті кезеңнің аяғында
мерзімі өткен барлық
төлемдер 14
___________________________________________________________________________
Банктің атауы
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы
5 қыркүйектегі N 343 қаулысымен
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2001 жылғы 10 қазандағы
N 1409 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 15 қосымша
200__ жылғы ________ жағдай бойынша N 00000000/0000/___ экспорт
жөнінде банктерді бақылаудың жеке карточкасы
1-бөлік. Бірегейлендірілген мәліметтер
---------------------------------------------------------------------------
1.1. Экспортер туралы мәліметтер
---------------------------------------------------------------------------
Ұйымдастыру- !атауы!ОКПО коды/СТН!заңды мекен-жайы! банктік !кеден орган.
құқықтық нысаны! ! ! !есепшот N! ының коды
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
2-бөлік. Жеке карточка бойынша мәміле туралы мәліметтер
---------------------------------------------------------------------------
2.1. Келісім-шарт туралы мәліметтер
---------------------------------------------------------------------------
Мәміле паспортының (МП)!
деректемелері МП-на ! Келісім-шарт
қосымша парақ !
---------------------------------------------------------------------------
МП N! МП-на !МП/МП-на!Келісім!Келісім!Келісім!Келісім !Төлем!Соңғы!МП-на
! қосымша !ҚП ре. !-шарт N!-шарт !-шарт !-шарттың!валю.! күн !ҚП-қа
! парақ !сімдел. ! !жасал. !бойынша!сомасы !тасы ! !басқа
!(МП-на !ген күн ! !ған күн!валюта ! ! ! !да өз.
! ҚП) ! ! ! !коды ! ! ! !геріс.
! ! ! ! ! ! ! ! !тер
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
---------------------------------------------------------------------------
Шетелдік әріптес ! Үшінші тұлға
---------------------------------------------------------------------------
Атауы! Шыққан елі !шетелдік әріптес банктің !атауы!шыққан елі!үшінші тұлға
! ! атауы ! ! ! банкінің
! ! ! ! ! атауы
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
2.2. Капитал қозғалысымен байланысты операцияларды жасауға берілген
рұқсаттар туралы мәліметтер
---------------------------------------------------------------------------
ҚРҰБ-нің лицензиясы ! Тіркеу куәлігі
---------------------------------------------------------------------------
Лицензияның! Берілген !Лицензия! Міндеттемелерді !куәліктің N ! куәліктің
N ! күні ! сомасы ! орындаудың шекті! ! сомасы
! ! ! мерзімі ! !
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
3-бөлік. Жеке карточка бойынша жүргізілген операциялар туралы мәліметтер
---------------------------------------------------------------------------
3.1. Келісім-шарт бойынша операциялар туралы мәліметтер
---------------------------------------------------------------------------
Тауар жеткізу Төлемдер
---------------------------------------------------------------------------
Тауардың жіберілген/!Жіберілген!Қайтарылған!Төлем! Экспорт ! Қайтарылған
қайтарылған күні ! тауардың ! тауардың !күні !түсімінің! аванстық төлем
! құны ! құны ! ! сомасы ! сомасы
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
------------------------------
------------------------------
Экспорт түсімінен ! Ескерту
белгіленген мерзімде!
түспеген сома !
------------------------------
------------------------------
4-бөлік. Экспорт бойынша мәміле паспортының жабылған күні
______/_______/_______ ж.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы
5 қыркүйектегі N 343 қаулысымен
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2001 жылғы 10 қазандағы
N 1409 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 16 қосымша
20__ жылғы ________ жағдай бойынша N 00000000/0000/___ импорт
жөнінде банктерді бақылаудың жеке карточкасы
1-бөлік. Бірегейлендірілген мәліметтер
---------------------------------------------------------------------------
Ұйымдастыру- !атауы!ОКПО коды/СТН!заңды мекен-жайы! банктік !кеден орган.
құқықтық нысаны! ! ! !есепшот N! ының коды
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
2-бөлік. Жеке карточка бойынша мәміле туралы мәліметтер
---------------------------------------------------------------------------
2.1. Келісім-шарт туралы мәліметтер
---------------------------------------------------------------------------
Мәміле паспортының (МП)!
деректемелері МП-на ! Келісім-шарт
қосымша парақ !
---------------------------------------------------------------------------
МП N! МП-на !МП/МП-на!Келісім!Келісім!Келісім!Келісім !Төлем!Соңғы!МП-на
! қосымша !ҚП ре. !-шарт N!-шарт !-шарт !-шарттың!валю.! күн !ҚП-қа
! парақ !сімдел. ! !жасал. !тың !сомасы !тасы ! !басқа
!(МП-на !ген күн ! !ған күн!валюта ! ! ! !да өз.
! ҚП) ! ! ! !коды ! ! ! !геріс.
! ! ! ! ! ! ! ! !тер
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
---------------------------------------------------------------------------
Шетелдік әріптес ! Үшінші тұлға
---------------------------------------------------------------------------
Атауы! Шыққан елі !шетелдік әріптес банктің !атауы!шыққан елі!үшінші тұлға
! ! атауы ! ! ! банкінің
! ! ! ! ! атауы
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
2.2. Капитал қозғалысымен байланысты операцияларды жасауға берілген
рұқсаттар туралы мәліметтер
---------------------------------------------------------------------------
ҚРҰБ-нің лицензиясы ! Тіркеу куәлігі
---------------------------------------------------------------------------
Лицензияның! Берілген !Лицензия! Міндеттемелерді !куәліктің N ! куәліктің
N ! күні ! сомасы ! орындаудың шекті! ! сомасы
! ! ! мерзімі ! !
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
3-бөлік. Жеке карточка бойынша жүргізілген операциялар туралы мәліметтер
---------------------------------------------------------------------------
Төлемдер Тауар жеткізу
---------------------------------------------------------------------------
Төлем ! Жасалған ! Қайтарылған ! Тауардың ! Түскен ! Қайтарылған
күні ! төлем ! аванстық төлем ! түсу/ ! тауардың ! тауардың
! сомасы ! сомасы ! қайтарылу ! құны ! құны
! ! ! күні ! !
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
------------------------------
------------------------------
Белгіленген мерзімде! Ескерту
түспеген тауар !
сомасы !
------------------------------
------------------------------
4-бөлік. Импорт бойынша мәміле паспортының жабылған күні
______/_______/_______ ж.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы
5 қыркүйектегі N 343 қаулысымен
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2001 жылғы 10 қазандағы
N 1409 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 17 қосымша
200__ жылғы ________ айы үшін
балама сомасы бес мың АҚШ долларына дейінгі экспорт
мәмілелері бойынша түсімнің келіп түсуі туралы ақпарат
--------------------------------------------------------------------
NN! Экспортер !Келісім!Төлем!Экспорт ! Аванс !
!---------------------------------!-шарт ! күні!түсімнің!төлемін!
!Ұйымдастыру-!Атауы!ОКПО коды/СТН*! ! !сомасы !қайтару!
! құқықтық ! ! ! ! ! !сомасы !
! нысаны ! ! ! ! ! ! !
--------------------------------------------------------------------
1.
2.
--------------------------------------------------------------------
Банктің атауы
таблицаның жалғасы
-------------------------------------------------
Шетелдік әріптес ! Валюта коды ! Ескерту !
------------------------! ! !
Ұйымдастыру- ! Атауы ! ! !
құқықтық нысаны ! ! ! !
------------------------------------------------!
------------------------------------------------!
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы
5 қыркүйектегі N 343 қаулысымен
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2001 жылғы 10 қазандағы
N 1409 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 18 қосымша
200__ жылғы ________ айы үшін
балама сомасы бес мың АҚШ долларына дейінгі импорт
мәмілелері бойынша түсімнің келіп түсуі туралы ақпарат
--------------------------------------------------------------------
NN! Импортер !Келісім!Төлем!Экспорт ! Аванс !
!---------------------------------!-шарт ! күні!түсімнің!төлемін!
!Ұйымдастыру-!Атауы!ОКПО коды/СТН*! ! !сомасы !қайтару!
! құқықтық ! ! ! ! ! !сомасы !
! нысаны ! ! ! ! ! ! !
--------------------------------------------------------------------
1.
2.
--------------------------------------------------------------------
Банктің атауы
таблицаның жалғасы
-------------------------------------------------
Шетелдік әріптес ! Валюта коды ! Ескерту !
------------------------! ! !
Ұйымдастыру- ! Атауы ! ! !
құқықтық нысаны ! ! ! !
------------------------------------------------!
------------------------------------------------!
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева А.Ж.