Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Қазақстан Республикасының халқына протездiк-ортопедиялық көмек беру тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" 1998 жылғы 2 сәуiрдегi N 88-ө бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 106-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 4 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1910. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі N 236-ө Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 11 шілдедегі N 654 Жарлығы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес:
      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдарды ұсынудың кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 9 ақпандағы N 20
өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдарды ұсыну кестесінде:
     3-бағанның тақырыбындағы ", БҚҰК (келісім бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
     реттік нөмірі 54-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Тоқсан аяқталғаннан кейінгі 25-күн Ұлттық Банк (келісім бойынша)";
     көрсетілген кестеге қосымшада:
     3-бағанның тақырыбындағы ", Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның (келісім бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
     реттік нөмірі 24-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Тоқсан аяқталғаннан кейінгі 25-күн Ұлттық Банк (келісім бойынша)".    

     Премьер-Министр