"Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 73 өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 24 мамырдағы N 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1881. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 106 P020106_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Автомашиналар сатып алу: "Қазақстан Республикасының Президенті Іс

 

Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін -

тоғыз "Мерседес-Бенц" Е 200, үш "Мерседес-Бенц" S 320 L; "Қазақстан

Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының Автошаруашылығы"

республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін бір "Мерседес-Бенц" S 320 L және

отыз ГАЗ 3110-411 "Волга".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.