Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң "Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiн бекiту туралы" 2000 жылғы 10 шілдегi N 707 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 393 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1880. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244 (V053627) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 11 шілдедегі N 654 Жарлығы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес:
      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдарды ұсынудың кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 9 ақпандағы N 20
өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдарды ұсыну кестесінде:
     3-бағанның тақырыбындағы ", БҚҰК (келісім бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
     реттік нөмірі 54-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Тоқсан аяқталғаннан кейінгі 25-күн Ұлттық Банк (келісім бойынша)";
     көрсетілген кестеге қосымшада:
     3-бағанның тақырыбындағы ", Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның (келісім бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
     реттік нөмірі 24-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Тоқсан аяқталғаннан кейінгі 25-күн Ұлттық Банк (келісім бойынша)".    

     Премьер-Министр