Астықтың санды-сапалы есебiн жүргiзу Ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 19 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1827. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 195 (V053545) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы "Әділет органдары туралы"  Заңының  7 бабына 2002 жылғы 18 наурыздағы, Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы туралы"  Заңының  15-бабына сәйкес, бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 16 наурыздағы 1998 жылғы N  181  "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының сот сарапшыларына біліктілік атағын берудің Ережесін бекіту туралы" келесідей өзгерту енгізілсін: 
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының сарапшыларына біліктілік сот сараптамасы атағын беру тәртібі Ережесі жоғарда аталған бұйрықпен бекітілген.
      Бірінші абзацтың 4 тармағында:
      ", құрамы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бекітіледі" сөзі алып тасталсын;
     екінші абзац келесідей редакцияда жазылсын:
     "Біліктілік комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығы директорының ұсынысымен бекітіледі".     

     Министр