"Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 66 өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 16 наурыздағы N 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1815. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
      "28-1. Үкiметтiң қаулыларын және Премьер-Министрдiң өкiмдерiн тiркеу мен есепке алу Премьер-Министрдiң Кеңсесi анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      Қол қойылған Үкiметтiң қаулыларына және Премьер-Министрдiң өкiмдерiне Кеңсе мыналарды қамтыған тiркеу нөмiрлерiн бередi:
      1) құпия емес қаулылар үшiн - күнтiзбелiк жылдың басынан басталған реттiк нөмiр, өкiмдер үшiн - күнтiзбелiк жылдың басынан басталған реттiк нөмiр, сызықша арқылы "ө" әрпiн көрсете отырып;
      2) құпия немесе өте құпия мәлiметтердi қамтыған қаулылар мен өкiмдер үшiн - құпия емес қаулыларға (өкiмдерге) арналған реттiк нөмiр, құпия мәлiметтердi қамтыған қаулылар (өкiмдер) үшiн реттiк нөмiрдi сызық арқылы көрсетiп, құпия қаулылар (өкiмдер) үшiн - "қ" әрпiн және өте құпиялары үшiн - "өқ" әрiптерiн жаза отырып;
      3) бюджеттiк бағдарламалардың бекiтiлген паспорттарына өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзудi көздейтiн қаулылар үшiн - бастапқы қаулының реттік нөмірі, әлiпби тәртiбiмен берiлетiн әрiп таңбасы жазыла отырып.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi