"Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары мен алушыларын олардың зейнетақы жинақтарының жайы жөнiнде ақпараттау тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiту" туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы аге

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 12 ақпандағы N 20-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 15 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1798. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 267 қаулысымен.

"КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының Еңбек және
      халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі
      2002 жылғы 22 ақпан

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының  27 бабындағы 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес салымшылар мен алушылардың мүддесiн қамтамасыз ету мақсатында, Бұйырамын:
      1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларымен салымшылар және алушыларды олардың зейнетақы жинақтарының жайы туралы ақпараттау тәртiбi туралы Нұсқаулық" бекiтiлсiн деген Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 171-Ө бұйрығына  төмендегi өзгерту енгiзiлсiн:
      аталған Бұйрықпен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларымен салымшылар және алушыларды олардың зейнетақы жинақтарының жайы туралы ақпараттау тәртібі туралы Нұсқаулыққа:
      7 тармақ келесі мазмұнда берілсін:
      "7. Жыл сайынғы міндетті ақпараттың мерзімі - ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап 2 айдың ішінде".
      2. Заң бөлімі (Валиева Р.С.) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап күшіне енеді.

      Төраға