"Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 71 толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 14 наурыздағы N 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 15 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1796. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің "Картография" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарының өндірісі, сондай-ақ топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді құрастыру, сақтау және пайдалану болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі