Салық төлеушінің салық берешегінің есебіне мүлікті иеленуде шектеудің кейбір мәселелері

Мемлекеттік кіріс министрлігі 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1777. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 347 (V042992) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"  K010209_   Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 48-бабын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілгендерді:
      1) Салық төлеушінің салық берешегінің есебіне мүлікті иеленуде шектеу туралы шешім нысанын;
      2) Салық төлеушінің салық берешегінің есебіне мүлікті иеленуде шектелген мүлік тізімдеме актісінің нысанын;
      3) Салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікті иеленуде шектелген мүлік тізімдеме актісін жасау ережесін.
      2. Заң департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы   
N 104 бұйрығымен бекiтiлген  

Салық төлеушiнiң салық берешегiнiң есебiне
мүлiктi иеленуде шектеу туралы
ШЕШIМ

     200_ жылғы "___" ________                        N ____ 

     "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер
туралы"  K010209_   Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi)
48-бабына сәйкес___________________________________________ атынан
(Төрағаның немесе Төраға орынбасарының тегi, аты, әкесiнiң аты)
________________________________________ бойынша Салық комитетi
       (облысы, қала, аудан) 

     200_ жылғы "____" _______ N ___ мерзiмiнде орындалмаған салық
мiндеттемесiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде қабылданатын
шаралар туралы хабардар етудiң негiзiнде салық төлеушiнiң билiк
ету мүлкiн _______________________________________________________
          (салық төлеушiнiң атауы, заңды мекен-жайы, СТН)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________                       (санмен және жазумен)
сомаға салық берешегiнiң есебiне шектеудi ШЕШТI,оның iшiнде:
1 ______________________  ______________  ____________ _____________
(төлемнiң коды, атауы)    (төлем сомасы)  (өсiмақы      (айыпұл
                                           сомасы)       сомасы)
2 ______________________  ______________  ____________ ____________
(төлемнiң коды, атауы)  (төлем сомасы)     (өсiмақы     (айыпұл
                                             сомасы)      сомасы) 
3 ______________________  ______________  ____________ ____________
  (төлемнiң коды, атауы)  (төлем сомасы)   (өсiмақы     (айыпұл 
                                            сомасы)      сомасы)
4 ______________________  ______________  ____________ _____________
(төлемнiң коды, атауы)  (төлем сомасы)     (өсiмақы     (айыпұл
                                            сомасы)       сомасы)
5 ______________________  ______________  ____________ ____________
  (төлемнiң коды, атауы)  (төлем сомасы)  (өсiмақы      (айыпұл 
                                           сомасы)       сомасы)

________________________________________
     (салық органының қолы, мөрi)    

Шешiмдi алды ___________________________________________
              (салық төлеушiнiң қолы, (мөрi) және күнi)

Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы  
N 104 бұйрығымен      
бекiтiлген         

Салық төлеушiнiң салық берешегінiң есебiне
билiк етуi шектелген мүлiк тiзiмдемесiнің
АКТIСI

     200_ жылғы "___" ________                      N ____ 

___________________________________________ бойынша Салық комитетi
            (облыс, қала, аудан)
__________________________________________________________ атынан
    (салық органы лауазымды тұлғасының аты-жөнi)
200 жылғы "___" ________ N ____ салық төлеушiнiң билiк ету мүлкiн 
салық берешегiнiң есебiне шектеу туралы ШЕШІМНІҢ негiзiнде
____________________________________________________________________
           (салық төлеушi лауазымды тұлғаларының аты-жөнi)
________________________________________________________ қатысуымен
(салық төлеушiнің аты-жөнi немесе атауы, заңды мекен-жайы)
салық төлеушiге тиесiлi мүлiктiң тiзiмдемесiн жүргiздi.
Тiзiмдемеде мынадай мүлiк қозғалады:
____________________________________________________________________
Толық сапалы    ! Саны  ! Бухгалтерлiк     ! Тәуелсiз        ! Жиыны
сипаттамасымен  !       ! деректердiң      ! бағалаудың      !
мүлiктiң атауы  !       ! негiзiнде бағасы ! бағасы          !
                !       ! (әрқайсысының)   ! (әрқайсысының)  !
____________________________________________________________________

     Сипатталған мүлiк құнының жиыны:
___________________________________________________ теңгенi құрайды
                (санмен және жазумен)
     Осы 200 жылғы "____"_________ N ____ Салық төлеушiнiң салық
актiде айтылған барлық негiзгi құралдарды салық органы мен салық
төлеушiнiң лауазымды тұлғалары заттай түрде және менiң (бiздiң)
қатысуыммен тексердi және тiзiмдемеге енгiзiлдi, осыған байланысты
түгендеуге талабым жоқ. 
      Тiзiмдеме актiсiнде санамаланған негiзгi құралдар менiң (бiздiң)
жауапты сақтауымда (-ызда).
      Билiк етуi шектелген тiзiмдемеде келтiрiлген мүлiктi шығындағаны,
иелiктен шығарғаны немесе заңсыз бергенi үшiн Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексiнiң   K970167_   357-бабы бойынша қылмыстық
жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.
     Негiзгi құралдардың сақталуына жауапты тұлға (-лар):
_____________________  ______________________ _____________________
(лауазымы)               (қолы)           (қолының толық жазылуы)
____________________  ___________________ _________________________
(лауазымы)               (қолы)           (қолының толық жазылуы)

      Осы Тізімдеме актісінде көрсетілген деректер мен есептеулерді 
тексерді:
_____________________  ______________ ______________________________
(салық төлеуші)          (қолы)           (қолының толық жазылуы)

      Тізімдеме актісін жасады
____________________________________________________________________
        (салық органы лауазымды тұлғасының аты-жөні, қолы)

      Тізімдеме актісімен таныстым және бір данасын алдым:
____________________________________________________________________
     (салық төлеуші лауазымды тұлғасының аты-жөні, қолы)

     Ескерту.
     Тізімдеме жүргізген тұлға және салық төлеушінің лауазымды 
тұлғасы Тізімдеме актісінің әрбір бетіне қол қояды.

Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы  
N 104 бұйрығымен     
бекiтiлген        

Салық төлеушiнiң салық берешегiнiң есебiне
билiк етуi шектелген мүлiк тiзiмдемесiнiң
актiсiн жасаудың тәртiбi

      Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"  K010209_ Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 48-бабына сәйкес әзiрлендi және Салық төлеушiнiң салық берешегiнiң есебiне билiк етуi шектелген мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн жасаудың тәртiбiн айқындайды. 
      1. Билiк етуi шектелген мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсi Салық кодексiнiң 48-бабына сәйкес салық органы шығарған билiк етуi шектелген мүлiктi салық берешегiнiң есебiне шектеу туралы шешiмдi салық төлеушiге тапсырғаннан кейiн жасалады. 
      2. Салық төлеушінiң лауазымды тұлғасы салық органына Мүлiктiң тiзiмдеме актiсiн жасау үшiн тиiстi бухгалтерлiк құжаттарды ұсынады. Салық берешегi есебiне Билiк етуi шектелген мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн жасаған кезде салық органы мүлiктi бухгалтерлiк есеп деректерiмен оның бастапқы құны мен тозу деңгейiн ескеретiн сипатталатын мүлiктiң нақты болуы мен сапасының сәйкестiгiне түгендеу жүргiзедi. Сипаттауды өткiзгеннен кейiн салық органы бухгалтерлiк есеп деректерiнiң немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамалық кесiмдерiне сәйкес келтiрiлген тәуелсiз бағалаудың негiзiнде айқындалатын бағаны көрсетедi. 
      3. Тiзiмдемелерге тез бұзылатын тауарларды қоспағанда, кез келген мүлiк кiредi. 
      4. Билiк етуi шектелген мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсi 2 данада жасалады. Бұл ретте Билiк ету мүлкiн салық берешегiнiң есебiне шектеу туралы шешiмдi және Салық төлеушiнiң салық берешегiнiң есебiне билiк етуi шектелген мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн салық органында тiркеу бiр нөмiрмен жүргiзiледi.
      Тiзiмдеме актiсiне оны жасаған тұлға, сондай-ақ заңды тұлға-салық төлеушiнiң лауазымды тұлғасы қол қояды.
      Тiзiмдеме актiсiнiң бiр данасы заңды тұлға-салық төлеушiнiң лауазымды тұлғасына табыс етiледi, екiншi данасы салық органында қалдырылады.
      5. Тiзiмдеме актiсi өзiнiң негiзiнде ол жасалған салық берешегi есебiне билiк етуi шектелген мүлкi туралы шешiм жойылғанмен бiр мезгiлде күшiн жояды.