Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірлескен шешімі 2001 жылғы 25 наурыздағы N 10-11. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2001 жылғы 16 мамырда N 854 тіркелді

      Алғабас ауылдық округінің Қазақстан ауылы азаматтарының 2000 жылғы 7 қарашадағы жиынның өтінішін, Сырым аудандық мәслихатының 2000 жылғы 28 қарашадағы N 6-2-ші және Сырым ауданы әкімінің "Алғабас ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 28 қарашадағы N 269-шы шешімдерін қарай келе, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-шы бабы 4-ші тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңының 11-ші бабы 3-ші тармағына сәйкес облыстық мәслихат пен облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қазақстан ауылы өзіне тиесілі жерімен бірге Алғабас ауылдық округі құрамынан шығарылып, Талдыбұлақ ауылдық округіне берілсін.

      Сессия төрағасы                   Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат хатшысы