Ертіс ауданындағы кейбір селолық округтері елді мекендерінің шекарасын өзгерту туралы

Павлодар облысы әкімінің шешімі 2001 жылғы 20 шілдедегі ІІ сайланған, ХІІІ сессиясы Павлодар облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 13 тамызда N 852 тіркелді

      Ертіс ауданының Мәслихат хатшысымен және әкімімен ұсынылған материалдарды қарап, облыстық Мәслихат пен облыс әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының Z934200_ 2, 3 баптары негізінде үнемі тұрғындардың аз санына, сондай-ақ ауылдардан барлық тұрғындардың көшіп кетуіне байланысты дербес әкімшілік-аумақтық бірлік мәртебесінен айырылған Ертіс ауданының мына елді мекендері есеп мәліметтерден алып тасталсын :
      - Селеті селолық округінің аумағындағы Бұланбай селосы;
      - Қызылқақ селолық округінің аумағындағы Жетіпшен селосы;
      - Панфилов селолық округінің аумағындағы 143 мекен;
      - Абай селолық округіндегі Степное селосы;
      - Солтүстік селолық округінің аумағындағы Жарбұлақ селосы;
      - Қызылжар селолық округінің аумағындағы Целинное селосы.
      2. Тиісті селолық округтердің шекарасын өзгертіп, әкімшілік немесе аумақтық байланысы бар елді мекендердің құрамына мына мекендер енгізілсін:
      - Селеті селолық округінің құрамында болған Бұланбай елді мекені Селеті селолық округіндегі Сладководск селосының әкімшілік-аумақтық құрамына қосылсын;
      - Қызылқақ селолық округінің құрамында болған Жетіпшен елді мекені Қызылқақ селолық округіндегі Қызылқақ селосының әкімшілік-аумақтық құрамына қосылсын;
      - Панфилов селолық округінің құрамында болған 143 мекен Панфилов

селолық округіндегі Панфилов селосының әкімшілік-аумақтық құрамына 
қосылсын;
     - Абай селолық округінің құрамында болған Степное елді мекені Абай 
селолық округіндегі Голубовка селосының әкімшілік-аумақтық құрамына 
қосылсын;
     - Солтүстік селолық округінің құрамында болған Жарбұлақ елді мекені 
Солтүстік селолық округіндегі Северное селосының әкімшілік-аумақтық 
құрамына қосылсын;
     - Қызылжар селолық округінің құрамында болған Целинное елді мекені 
Қызылжар селолық округіндегі Қызылжар селосының әкімшілік-аумақтық 
құрамына қосылсын.
     3. Дербес әкімшілік-аумақтық бірлік мәртебесінен айырылған Ертіс 
ауданындағы: 
     - Қосағаш селолық округіндегі Роте-Фане, Тихоновка елді мекендері; 
     - Ағашорын селолық округіндегі N 1 бөлімше;
     - Ұзынсу селолық округіндегі Алғабас, Молодежное, Соколиновка елді 
мекендері есеп мәліметтерден жойылсын. 
 
     II сайланған облыстық                          Облыс әкімі            
     Мәслихаттың міндетін атқарушы
     ХІІІ сессиясының төрағасы 
                                           
    
     Облыстық Мәслихаттың
     хатшысы 
          
     оқығандар:
                А.Татарков
                В.Подолян