"2001 жылғы облыстық бюджет туралы" облыстық Мәслихаттың VIII сессиясының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде

Қарағанды облыстық мәслихатының X сессиясының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2001 жылғы 2 мамырда N 265 тіркелді

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 22 ақпанындағы N 206 "Мониторинг өткізуге жатқызылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша жасалған мәмілелер Тізімін бекіту" бұйрығына төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мониторинг өткізуге жатқызылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша жасалған мәмілелер Тізімінде:
      1) 7 жол мынадай редакцияда жазылсын:
        "7. Кен және концентраттар            Темір      2601
                                              Марганец   2602
                                              Хром       2610
                                              Қорғасын   2607
                                              Цинк       2608";
      2) 2, 3 бағандардың атауы "жұмыстар, қызметтер" сөздерімен толықтырылсын;
      3) 11 жолмен толықтырылып және мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. /Жұмыстар, қызметтер/ жоғарыда көрсетілген, тауарлардың экспорты мен импортымен байланысты жұмыстар, қызметтер/".
      2. Осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін Электрондық мониторинг департаменті (Е.Б. Мұқай) қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2001 жылғы 1 қаңтарынан күшіне енеді.

      Министр