"Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 61 өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 25 желтоқсандағы N 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1737. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай

толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

     1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері

және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 


P990405_


  қаулысына

(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

     көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

     "Қарағанды облысы" деген бөлім:

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 751-1-жолмен толықтырылсын:

     "751-1 КРГ-000154 "Жеңіс" ААҚ";

     көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

     "Қарағанды облысы" деген бөлімде:

     реттік нөмірі 213-жол алынып тасталсын;

     2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік

пакеттері мен үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды

беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N

659 


P990659_


  қаулысына:

     Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де

мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы

акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерін

тізбесінде:

     "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлімде:

     реттік нөмірі 190-жол алынып тасталсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.