Қолма-қол ақшаны салық берешегiн өтеу есебiне алу туралы акт нысанын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы N 1464 бұйрығы.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 4 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1692. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 637 Бұйрығымен.

      Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарды одан әрі дамытуды ынталандыру, олардың бәсекелестік қабілетін арттыру, материалдық-техникалық базасын жетілдіру үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарға қоғамның таза кірісінің 10 пайызын 2000-2003 жылдар кезеңіне дивидендтер төлеуге бағыттауға рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:
     1) мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдардың иелігінде қалатын таза кірістің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамыту мен жетілдіруге бағыттауды қамтамасыз етсін;
     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке жүктелсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі