Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2001 жылдың 25 наурызындағы N 17-б бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 19 сәуірдегі N 71-б бұйрығы.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 10 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1571. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 311-ө бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2006.12.29 N 311-ө бұйрығымен.

        БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2001 жылдың 25 наурызындағы N 17-б  V011432_ "Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы Нұсқаулықтың":
      29-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ЗТМО аудандық бөлімшелері тоқсанына бір рет ЗТМО облыстық филиалына жіберілетін 1-ПЦЦ есебі жасайды. ЗТМО облыстық филиалында облыс бойынша жинақтама есебі жасалады және республикалық ЗТМО, сондай-ақ облыстық және Астана мен Алматы қалалары бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаменттеріне жіберіледі".
      2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Министр