ҚР Қаржы полициясы агенттiгiнiң Қаржы полициясы академиясына қабылдау Ережелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2001 жылғы 6 маусымдағы N 80 бұйрығы.  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 3 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1562. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясының) Төрағасының 2006 жылдың 28 маусымындағы N 108 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясының) Төрағасының 2006 жылдың 28»маусымындағы  N 108  бұйрығымен.
_________________________________

      Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2001 жылғы 18 мамырындағы N 366  V011514_  бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына қабылдаудың бiртектi Ережелерiне сәйкес Бұйырамын: 
      1. Қосымша берiлген Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгiнiң Қаржы полициясы академиясына қабылдау Ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Қаржы полициясы агенттiгiнiң кадр аппараттары осы бұйрықты зерделеудi және оқуға түсушiлерге дер кезiнде мәлiметтер берудi ұйымдастырсын.
      3. Қаржы полициясы академиясының бастығы оқуға түсуге үмiткерлердi қабылдауды бекiтiлген Ережелерге сәйкес қамтамасыз етсiн.
      4. Салық полициясы комитетiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы N 51  бұйрығының  күшi жойылды деп саналсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы полициясы агенттiгiнiң кадрлар басқармасының бастығы Қ.Т. Әбiлдинге және Қаржы полициясы академиясының бастығы (М.Ш. Қоғамовқа) жүктелсiн.

       Төраға
      генерал-майор

Қаржы полициясы агенттiгi төрағасының
2001 жылғы 6 маусымдағы N 80    
бұйрығымен бекiтiлген       

Қаржы полициясы агенттiгi
Қаржы полициясы академиясына қабылдау
ережесі

1. Жалпы ереже

      1. Қазақстан Республикасы Ғылым және бiлiм министрлiгiнiң 2001 жылғы 18 мамырындағы N 366  бұйрығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Ғылым және бiлiм министрлiгiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 247 "Бiртектi ережелерiн бекiту жөнiндегi"  бұйрығына  қосымшалар мен өзгертулер енгiзуге байланысты осы ереже дайындалды. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгi Қаржы полициясы академиясының (бұдан әрi - Академия ) күндiзгi оқыту бөлiмiне жалпы орта және жоғарғы кәсiптiк бiлiмi бар қаржы полициясы мен кеден қызметкерлерiне қойылатын талаптарға жауап беретiн қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. 
      3. Академияның тыңдаушылар құрамын қалыптастыру мамандарды дайындаудың мемлекеттiк сұранысына орай iске асырылады. 
      4. Академияның күндiзгi оқыту бөлiмiне түсетiн азаматтар кешендi тест түрiнде түсу емтихандарын тапсырады. 
      5. Қазақстан Республикасы Ғылым және бiлiм министрлiгiнiң мемлекеттiк бiлiм стандарты және тесттен өткiзу ұлттық орталығының технологиясы бойынша (бұдан әрi - МБО және ТӨҰО) кешендi тесттен өткен азаматтарға мемлекеттiк сертификат берiледi. 
      6. Академияға азаматтарды қабылдау, бекiтiлген реттiк 3 кезеңмен жүзеге асырылады: 
      бiрiншi кезеңде - медицина, дене тәрбиесi және психологиялық көрсеткiштерi бойынша аумақтық мамандар даярлау талабын есепке ала отырып, Академияның қабылдау комиссиясы талапкерлер құрамын қалыптастырады; 
      екiншi кезеңде - Академия мемлекеттiк бiлiм стандарты және тест өткiзу ұлттық орталығы әзiрлеген технологияға сәйкес кешендi тестiлеу түрiнде түсу емтихандарын өткiзедi;
      үшiншi кезеңде - Академияның мандаттық комиссиясы тыңдаушылар қатарына қабылдауды өткiзедi.
      7. Талапкерлердiң талабы бойынша қазақша немесе орыс тiлдерiнде орта жалпы бiлiм беретiн мектептердiң бағдарламасына сай төрт пән бойынша кешендi тестер өткiзiледi. Тесттен өткiзудiң мiндеттi пәндерi болып табылатындар:
      1) 021600 "Құқықтану" мамандығы бойынша
      Жалпы тарих - басымды пән
      Математика
      Қазақстан тарихы
      Қазақ немесе орыс тiлi
      2) 080100 "Кеден iсi" мамандығы бойынша
      Жағрафия - басымды пән
      Математика
      Қазақстан тарихы
      Қазақ немесе орыс тiлi
      8. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 30. Әрбiр тест тапсырмаларының дұрыс жауабы бiр ұпаймен бағаланады.
      9. Кешендi тестке үш астрономиялық сағат бөлiнедi.
      10. Тестi қайтадан тапсыруға рұқсат берiлмейдi.
      11. Сырттай оқыту бөлiмiне кәсiптiк орта бiлiмi немесе жоғарғы кәсiптiк бiлiмi бар азаматтар қабылданады, қысқартылған бiлiмдiк бағдарламасы бойынша екiншi жоғарғы бiлiм алу ақылы негiзде жүргiзiледi. 
      12. МБО және ТӨҰО технологиясы бойынша әзiрленген мемлекеттiк құпиямен жұмыс iстеудi талап етпейтiн мамандықтарға кешендi тест өткiзу арқылы Академияның сырттай оқыту бөлiмiне оқуға түсушiлер ақылы негiзде жүзеге асырылады. 
      Академияға кәсiптiк орта бiлiмi немесе жоғарғы кәсiптiк бiлiмi бар азаматтар қабылданады, қысқартылған бiлiмдiк бағдарламасы бойынша екiншi жоғарғы бiлiм алуды ақылы негiзде жүргiзудi Академияның қабылдау комиссиясы сұхбаттасу түрiнде жүзеге асырады. Көрсетiлген санаттардың оқу iсiнiң жұмысын ресiмдеу Академияда жүргiзiледi.
      Оқуға түсушiлер келесi құжаттарды тапсырады: арыз, 086-У нысаналы медициналық анықтама, Академияның қабылдау комиссиясымен куәландырылған бiлiмi жөнiндегi құжаттың көшiрмесi, 3х4 көлемдi үш бейнесуретi.
      Құжаттарды қабылдау оқуға түсушiнiң жеке куәлiгiнiң негiзiнде iске асырылады.

2. Оқуға қабылдауды ұйымдастыру

      13. 15 шiлдеге дейiн талапкерлердiң жеке iстерiн қабылдау жүзеге асырылады.
      14. 21-22 шiлде айына талапкерлердiң келуi жоспарланды.
      15. 23-31 шiлде аралығында медицина, дене тәрбиесi және психологиялық көрсеткiштерi бойынша iрiктеу жүргiзiп Академияның қабылдау комиссиясы талапкерлер құрамын қалыптастырады.
      16. Қаржы полициясы академиясы базасында өткiзiлетiн, Қаржы полициясы академиясына түсетiн тұлғаларға 2 тамызда кешендi тест өткiзу жүргiзiледi.
      17. Қабылдау комиссиясының төрағасы - Академия бастығы оқуға түсушiнi тәртiп бұзғаны үшiн және басқа да мәтiндi себептер негiзiнде iрiктеушi органның өкiмiне қайтаруға құқылы.
      18. Сырттай оқыту бөлiмiне келiп түскен жеке iстердi қабылдау 30 тамызға дейiн жүзеге асырылады.

3. Тест өткiзу

      19. МБО және ТӨҰО әзiрлеген технология бойынша кешендi тест өткiзiледi.
      20. МБО және ТӨҰО бойынша кешендi тестi өткiзу нәтижелерiн дайындау кешендi тест өткiзу орынында атқарылады.
      21. Кешендi тесттен өтудiң нәтижелерi тест өткiзiлген күнi жарияланады.
      22. Тест аяқталғаннан кейiн дұрыс жауаптардың кодтары iлiнедi.
      23. Аймақтық комиссия тесттен өткiзiлгеннен кейiн үш тәулiк iшiнде кешендi тестер нәтижелерi бойынша әрбiр қатысушыға белгiленген үлгiде мемлекеттiк сертификат бередi.
      24. Тесттен өткiзу нәтижелерiмен келiспеушi азаматтың тест нәтижелерiн қайта қарауды талап етiп арыздануға құқығы бар.
      Аймақтық комиссияның төрағасы бекiткен, аймақтық комиссияға тестiң нәтижесi жарияланғаннан кейiн шағым арыз бiр тәулiк iшiнде ұсынылады және қаралады.

4. Академияға қабылдау

      25. Академияның тыңдаушылар қатарына қабылдау кешендi тест нәтижелерi, дене тәрбиесi дайындығының емтихан қорытындысы, медициналық және психологиялық көрсеткiштерi бойынша, сондай-ақ кадрларды даярлаудың территориалдық принциптерiн сақтай отырып Академияның мандаттық комиссиясының шешiмiмен қабылданады. 
      26. Қабылдау 3 тамызда өткiзiледi. 
      27. Мемлекеттiк сертификат ұпайларының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда оқуға алынуға құқық беретiн жеңiлдiктер - жетiмдер және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, қайтыс болған және қызмет бабымен мүгедек болған қаржы полициясы мен кеден қызметкерлерiнiң балалары, үздiк аттестаты немесе үздiк дипломы барлар. 
      28. "Алтын белгiсiмен" марапатталған азаматтар, орта бiлiм, бастапқы кәсiптiк және орта кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдардың түлектерi, Құқықтану және Кеден iсi мамандықтарына сәйкес пәндер бойынша ғылыми және халықаралық олимпиадалар (I, II, III дәрежедегi дипломдармен марапатталған) мен республикалық жеңiмпаздар Академияға түсу үшiн кешендi нысандағы тест тапсыру емтихандарын тапсырмай-ақ қабылданады. 
      29. Кешендi тесттен өтуде 40 ұпайдан кем жинаған талапкерлер Академия тыңдаушыларының қатарына қабылдануға жiберiлмейдi. 
      30. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешiмi Академия бастығының бұйрығымен ресiмделiнедi. Бұйрықтың көшiрмесi өндiрiстен қол үзiп оқуға қабылданғандардың жол сапарға шығуы, еңбек демалысы және сырттай оқуға түсушiлердiң басқа да жеңiлдiктер алуларына негiз бола алады. 
      31. Академияның тыңдаушылар қатарына қабылданбаған азаматтар iрiктеушi органдар өкiлеттiлiгiне жеке iстерiмен және қабылданбаған себептерi көрсетiлiп қайта жiберiледi.
      32. Академияға қабылдаудың қорытындысы бойынша келесi есеп берiм ұсынылады:
      1) Қаржы полициясы агенттiгiне бiр апта мерзiмi iшiнде: қабылдауды өткiзу және ұйымдастыру бойынша текстiк қорытынды қабылдау есебi, қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерi.
      2) Қазақстан Республикасы Ғылым және бiлiм министрлiгiне 10 күн мерзiм iшiнде:
      белгiленген нысандар және мерзiмдер бойынша ақпарат;
      қабылдауды өткiзу және ұйымдастыру бойынша мәтiндi қорытынды есеп;
      қабылдау туралы бұйрықтар көшiрмелерi.