Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 14 мамырдағы N 590 бұйрығы.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 4 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1528. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 325, ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 386 бірлескен бұйрығымен (V032471).

      "Трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы N 136-ІІ Заңын   орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Трансферттік бағалар қолданылуы мүмкін мәмілеге мониторинг жүргізу құралына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін жауапты орындаушыларды ҚР МКМ-нің Электронды мониторинг департаменті (Е.Б. Мұқай) және кеден комитеті (М.О. Нүкенов) айқындасын.
      3. Электронды мониторинг департаменті (Е.Б. Мұқай) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр Қ.А. Нүрпейісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап әрекетке енгізіледі.

      Министр

     Келісілді      
     Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасының
     Қаржы министрі                    Мемлекеттік кіріс Министрінің
                                        2001 жылғы 14 мамырда N 590
     2001 жылғы 15 мамырда                  бұйрығымен бекітілген  

Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар
қолдану кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
тәртібі туралы нұсқаулық    

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрленген.
      2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын түсiнiктер мыналарды бiлдiредi:
      1) есептi ай - халықаралық iскерлiк операцияларды жүзеге асыру айы;
      2) есептi тоқсан - халықаралық iскерлiк операцияларды жүзеге асыру тоқсаны.
      3. Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау мынадай мәмiлелер бойынша:
      1) өзара тәуелдi немесе өзара байланысты тараптар арасында;
      2) тауар айырбас (баспа-бас) операциялары бойынша;
      3) қарсы бiртектi талапты есепке алу (талапқа жол беру кезiндегi есепке алуды қоса) жолымен жүзеге асырылатын мәмiлелер бойынша мiндеттемелердi орындау кезiнде;
      4) қаржы операцияларын жүзеге асыру кезiнде заңдары ақпаратты ашуды және берудi көздемейтiн шетел мемлекеттерiндегi тiркелген (тұратын) немесе банк шоттары бар не оффшорлық аймақты қоса, салық салудың жеңiлдетiлген режимi қолданылатын тiркеу (тұру) орны бойынша тұлғалармен мәмiлелердi жасау кезiнде;
      5) салықтар бойынша жеңiлдіктерi бар немесе салық заңдарымен белгiленген ставкадан өзгеше олар үшiн ставка белгiленген заңды тұлғалармен мәмілелер жасау кезiнде;
      6) мәмiлелердi жасау жылынан бұрынғы соңғы екi салық жылы үшiн салық декларацияларының мәлiметтерi бойынша шығындары бар заңды тұлғалармен мәмiлелердi жасау кезiнде жүзеге асырылады.
      Осы тармақтың 1)-6)-тармақшалары iс-әрекетiнiң күшiне түспейтiн халықаралық iскерлiк операциялары бойынша мемлекеттiк бақылау тауардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) рыноктық бағасынан сол немесе өзге жаққа 10 проценттен астамға мәмiле бағасының ауытқу фактiсi белгiленген жағдайда жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын және осы тармақтың 5) және 6) тармақшалары iс-әрекетiнiң күшiне түсетiн мәмiлелер бойынша мемлекеттiк бақылау халықаралық iскерлiк операцияларымен олардың өзара байланысы жағдайында жүзеге асырылады.
      4. Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауды (бұдан әрi - мемлекеттiк бақылау) Қазақстан Республикасының салық қызметi органдары мен кеден органдары жүзеге асырады.
      5. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру үшiн салық қызметi органдары мен кеден органдары трансферттiк бағалар қолданылуы мүмкiн мәмiлелердiң мониторингiн жүргiзедi.
      Олар бойынша мониторингке жататын мәмiлелердiң тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) тiзбесi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс Министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

2. Мемлекеттiк бақылау бойынша уәкiлеттi
органдардың құзыретiн шектеу

      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi және оның аумақтық салық органдары бақылаудың мынадай:
      1) осы нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетiлген мәмілелер мониторингiн жүргiзу;
      2) тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) рыноктық бағалар бойынша ақпараттық базаны жүргiзу;
      3) тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) бағалардың ауытқуы мәселелерi бойынша тексерiстердi жүргiзу;
      4) салық салу объектiлерiн түзетумен байланысты салықтар және басқа да мiндеттi төлемдер, айыппұлдар мен өсiмдер сомасын аудару және өндiрiп алу;
      5) трансферттiк бағаны қолдану кезiнде жасырылған, кiрiстерден кеден төлемдерiнiң сомасын аудару және өндiрiп алуды салық органдарының жүргiзуi үшiн трансферттiк бағақұрауды қолданудың белгiленген фактiлерi бойынша деректердi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне беру iс-шараларын жүзеге асырады.
      7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi және оның құрылымдық бөлiмшелерi бақылаудың мынадай:
      1) тауарлар бойынша кеден жүк декларацияларының электрондық база мәлiметтерiн жүргiзу;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша мәлiметтердi беру;
      3) өз құзыретi шегiнде трансферттiк бағақұрау мәселелерi бойынша және құжатты тексерiстерде салық органдарымен бiрге қатысу;
      4) кеден заңдарына сәйкес салық органдарының мәлiметтерi бойынша трансферттiк бағаны қолдану кезiнде төмендетiлген, кiрiстерден кеден төлемдерiнiң сомасын аудару және өндiрiп алу iс-шараларын жүзеге асырады.

3. Халықаралық iскерлiк операцияларындағы мәмiлелерде
мониторинг жүргiзу тәртiбi

      8. Мәмiлелер мониторингi - халықаралық iскерлiк операцияларына қатысушылар қолданатын тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) бағалар үшiн уәкілеттi органдардың сыртқы бақылауының жүйеленген нысаны.
      9. Мәмiлелер мониторингi кеден органдарының мәлiметтерi және уәкiлеттi органдарға халықаралық iскерлiк операцияларының қатынасушылары беретiн мәлiметтер негiзiнде өткiзiледi.
      10. Тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) рыноктық бағаны айқындау кезiнде уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленетiн тiзбедегi рыноктық бағалар бойынша ресми ақпарат көздерiн пайдаланады.
      11. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi ай сайын жүк кеден декларациялары мен мәмiлелер паспорттарының негiзiнде тауарлар бойынша экспорттық мәмiлелер жөнiндегі мәлiметтердi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне жiбередi.
      12. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс Министрiнiң бұйрығымен айқындалған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша Ресей Федерациясының Мемлекеттiк кеден комитетiмен және басқа елдердiң кеден қызметтерiмен тұрақты түрде ақпарат алмасуды жүзеге асырады. Ақпарат алмасу басқа елдердің кеден қызметтерiмен ақпарат алмасу туралы қолданылып жүрген келiсiм-шарттар шегiнде жүзеге асырылады.

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс
министрлiгiне деректердi беру тәртiбi

      13. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң Кеден комитетi:
      есептiден кейiнгi айдың 25 күнiне ай сайын осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне бередi;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң және аумақтық салық комитеттерiнiң сұрау салуы бойынша басқа елдердiң кеден қызметтерiмен ақпаратты алмасу туралы қолданылып жүрген келiсiм-шарттар шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты бередi;
      осы Нұсқаулықпен айқындалған тиiстi тауарлық топтардың бөлшегiнде Қазақстан Республикасынан экспортталған тауардың кеден құны және Қазақстан Республикасынан олардың аумағына импортталған тауарлардың кеден құны бойынша шетелдiк мемлекеттердiң кеден қызметтерi берген ақпараттың арасындағы айырмашылық мәнiне салыстырмалы талдау жүргiзедi. Тоқсан сайынғы есеп түрiндегi ақпарат есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25 күнiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне берiледi.
      14. Халықаралық iскерлiк операцияларына қатынасушылар тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) бағаларын қалыптастыруға әсер ететiн жағдайларды растайтын қолданылатын бағаның экономикалық негiздемесiн және құжаттарды уәкiлеттi органдарға уақытында беруге құқығы бар.

5. Рыноктық бағадан бағаның ауытқу фактiсi белгiленген
жағдайлардағы кiрiстердi (шығыстарды) түзету

      15. Рыноктық бағадан мәмiле бағаның ауытқу фактiсi белгiленген кезде салық органдары салық салу объектiлерiн түзетедi.
      Салық салу объектiлерiн түзету негiзiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес егер осы мәмiлелер мен басқа да салық салу объектiлерiнен кiрiстер немесе шығыстар айыппұлдар мен өсiмдердi қоса рыноктық бағадан ескерiп айқындалса, осындай жолмен есептелген заңды тұлғалардың табыс салығы, қосылған құн салығы, акциз (акцизделген тауарлармен мәмiлелер жағдайында), жер қойнауын пайдаланушыларда роялти және үстеме пайдаға салық, кеден төлемдерiн аудару жүргiзiледi.
      16. Рыноктық бағадан мәмiле бағасының ауытқу есебi мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
      Ауытқу процентi = (Рм-Рк) *100%/Рм,
      онда Рм - рыноктық баға, Рк - мәмiленi жасау кезiнде қолданылатын баға.
      17. Кiрiстi (шығысты) түзету халықаралық iскерлiк операциясына қатысушының нақты кiрiсi (шығысы) мен есептiк кiрiсi (шығысы) арасындағы айырма сомаға жүргiзiледi. Есептiк кiрiс (шығыс) салыстырмалы экономикалық (коммерциялық) жағдайларда айқындалған тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) бiрлiгi үшiн рыноктық бағадан және заттай көрiнiстегi нақты мәмiле көлемiн көбейту жолымен айқындалады.
      1-мысал. А тауары 100 бiрлiк сандағы бiрлiк үшiн 100 АҚШ доллары бағасы бойынша экспортқа сатылған. Қаралатын кезеңде ұқсас (бiртектi) тауарға рыноктық баға 150 АҚШ долларын құрады. Рыноктық бағадан ауытқу ((150-100)/050)*100%=33,3% құрайды. Кiрiстi түзету 150*100 - 100*100 =5 000 АҚШ доллары сомасына жүргiзiледi.
      2-мысал. Новороссийск портындағы бидайды ауыстырып тиеу бойынша орташа өлшенген шығындар бидайдың тоннасына 5 АҚШ долларын құрады. Сол уақыт кезеңiндегi А компаниясының сол порттағы 18 000 мың тонна бидайды ауыстырып тиеуге шыққан шығыны 144 мың АҚШ долларын немесе бидайдың әр тоннасына 8 АҚШ долларын құрады. Шығындардағы ауытқулар ((8-5)/8)*100%=37,5% құрады. А компаниясындағы шығындарды түзету (8-5)*18 000=54 000 АҚШ доллары сомасына жүргiзiледi.
      18. Егер, халықаралық iскерлiк операцияларға қатысушылар халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты шығындардың дұрыстығын дәлелдеген жағдайда, қызмет көрсетулерге (жұмыстарға) шыққан шығындарды түзету жүргiзiлмейдi.
      Мысал. А компаниясы тоннасы 30 АҚШ долларын құрайтын 10 000 тонна бидайды 1 бағыт бойынша рынокқа дейiн тасымалдауға шығындар төледi. А компаниясының осы жүктi сақтандыру жөнiндегi шығыны 10 000 АҚШ долларын немесе бидайдың әр тоннасына 1 АҚШ долларын құрады. Б компаниясының осы көлемдегi бидайды рынокқа дейiн тасымалдауы, бiрақ басқа 2 бағыт бойынша бидайдың әр тоннасына 20 АҚШ долларын құрады, ал жүктi сақтандыру 13 000 АҚШ долларына немесе әр тоннасына 1,3 АҚШ долларына шықты. Б компаниясының жиынтық шығындары А компаниясының жиынтық шығындарынан тоннасына (31-21,3=9,7) 9,7 АҚШ долларына кем болғандықтан сақтандыру жөнiндегi Б компаниясының шығындары түзетiлмейдi.
      19. Бағалардың ауытқу көлемiн айқындау кезiнде рыноктық бағалардың мәмiлелерiн уәкiлеттi органдар мынадай шарттарды ескередi:
      1) жеткiзiлетiн тауарлардың (мысалы, тауар тобының көлемi), орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң саны;
      2) жеткiзiлетiн және сатып алынатын тауарлардың сапасы, орамасының, ыңғайлы қалыптасуының болуы немесе болмауы;
      3) мiндеттемелердi орындау мерзiмдерi;
      4) мәмiлелердiң осы түрiн қолдауға қолданылатын кәдiмгi төлем шарттары, сондай-ақ бағаларға әсер етуi мүмкiн өзге де шарттар;
      5) өзара бағынысты емес тұлғалар арасында мәмiле жасау кезiнде қолданылатын бағадан немесе үстеме бағадан алынатын кәдiмгi шегерiмдер. Көбiнесе, мыналарға:
      тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) тұтынушы сұраныстарының мезгiлдiк ауытқуларға;
      тауарлардың сапасын және өзге де тұтынушылық қасиеттерiн жоғалтуына;
      тауарлар сапасының және өзге де тұтынушылық қасиеттерiнің жоғалтуын iшiнара жақсарту немесе қалпына келтiруге;
      тауарлардың жарамдылық немесе сату мерзiмдерiнiң аяқталуына (аяқталу күнiнiң жақындауына);
      ұқсас емес жаңа тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) рынокқа жылжыту кезiнде, сондай-ақ тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жаңа рынокқа жылжыту кезiнде маркетингтiк саясатқа;
      оларды тұтынушылармен таныстыру мақсатында тауарлардың тәжiрибелi модельдерi мен үлгiлерiн сатуға байланысты шегерiмдер мен үстемелер ескерiледi.
      Мысал. Мұнай компаниясы құбыр желiсi бойынша экспортқа 100 мың баррель көлемiнде мұнай жеткiзiлiмiн жүргiздi. Компания осы мәмiледен баррелiне 20 АҚШ долларын немесе 2 млн. АҚШ доллары көлемiнде жалпы кiрiс алды. Осы құбыр желiсi бойынша жеткiзiлетiн мұнайдың рыноктық бағасы осы кезеңде ресми ақпараттық көздерге сәйкес баррелiне 25 АҚШ долларын құрады. Демек, компанияның жалпы есептiк кiрiсi 2,5 млн. АҚШ долларын құрайтын едi. Бағаның рынок бағасынан ауытқуы 20% құрады. Дегенмен, компанияның және құзыреттi органдардың берген қосымша мәлiметтерi ауытқудың осы мәмiленi қолданып төлеген шартқа байланысты болғанын көрсеттi. Осы компания осы құбыр желiсiне компания айдаған тығыздығы мен күкiртi бар мұнайды ескерiп мұнайдың соңғы бағасы айқындалатын осы құбыр желiсiндегi мұнай сапасындағы Банк жүйесiне қатысушы болып табылған болатын. Осы жағдай рынок бағасынан ауытқу деңгейi айқындау кезiнде есепке алынады.

6. Рынок бағасын айқындау тәсiлi

      20. Уәкiлеттi органдар рынок бағасын айқындау үшiн мынадай тәсiлдердi пайдалануы мүмкiн:
      1) бақыланбайтын бағаны салғастыру тәсiлi;
      2) "залал қосылған" тәсiлi;
      3) келесi сату бағасы тәсiлi.
      21. Бақыланбайтын бағаны салғастыру тәсiлi ұқсас (олар болмаған кезде - бiркелкi) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша мәмiлелер тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тиiстi рыногында болған кезде қолданылады және сатушыға байланысты емес сатып алушыға салғастыру шарттары кезiнде сатылған ұқсас (олар болмаған кезде - бiркелкi) тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бағасынан туындап рынок бағасын белгiлейдi. Осы тәсiлдi қолдану кезiнде тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) рыноктық бағасына тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) көлiктiк және осы көздерде аталған пункттерге дейiн жеткiзуге байланысты басқа да шығындарды ескерiп ресми ақпарат көздерiнде жарияланған ұқсас (бiркелкi) тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) бағасын пайдалануға болады. Бұл ретте, есеп айрысуды мынадай формула бойынша жүргiзуге болады:
                                Pm = Pw - /\

      онда, Рм - рынок бағасы, Рw - ресми деп танылған ақпарат көздерiнiң бағасы, /\ - тасымалдауға және тауарларды сатып алушыға жеткiзуге және сатуға байланысты басқа да шығындарға шығарылатын жиынтық құн болып табылатын шегерме ақы.
      Мысал. "А" кәсiпорны Новороссийскiнің ФОБ жеткiзушi базисiмен бiрге Италияға шикi мұнайды сатуды жүзеге асырады. Рынок бағасын айқындау үшiн ресми ақпарат көздерiндегi (мысалы, Platt s Global Alert) жариялымдар бойынша теңiз коносаментiне 5-7 күн қалғанға дейiн Вrеnt DTD орташа бағаламасын алады. Тиiстi кезең үшiн орташа Вrеnt DTD баррелiне 27,75 АҚШ долларын құрады. Егер мұнайдың сапасы мысалы, баррелiне 27,0 АҚШ долларын құрайтын Urals МЕD-ке сәйкес болса, онда баррелi 0,75 долларлық сапасы бойынша шегерме ақыны ескеру қажет (27,7527,0=0,75). Бұдан әрi, тиiстi кезең үшiн Новороссийскiден Италияға дейiн тасымалдау жөнiндегi шегерме ақы аталған көздерден айқындалады. Мысалы, тасымалдау жөнiндегi шегерме ақы 1,1 АҚШ долл./баррельге анықталған. Егер сауда агентiнiң (делдалдың) комиссиондығы 0,10-0,15 АҚШ долл./баррельге бағаланса, онда шегерме ақы мынадай болады:

                    /\=0,75+1,1+0,15=2,0долл./баррель,
                    сонда,
                    Рм=27,75-2,0=25,75 долл./баррель.

      Рынок бағасын белгiлеу мүмкiн емес елдерде (мысалы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы) жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатқан кезде, рынок бағасына импорттаушы елдердiң әкелетiн кедендiк жүк декларацияның мәлiметтерi бойынша алынады, болмаса, салғастырылған экономикалық жағдайларда осы рынокта халықаралық iскерлiк операцияларға өзге де қатысушылардың ұқсас (бiркелкi) тауарларын (жұмыстарын, қызмет көрсетулерiн) сатуда орташа бағамен есеп айырысады.
      Мысал. "А" кәсiпорны Х елiне данасы 10 АҚШ долларық баға бойынша 100 дана өнiм тиеп жiбередi. Осы рынокқа жiберiлiмдi сондай-ақ "В" кәсiпорны данасы 13 АҚШ долларлық баға бойынша 200 дана және "С" данасы 17 АҚШ долларлық баға бойынша 100 данада жасады. Орташа бағамен есеп айырысу былай жүргiзiледi Рор=Ерq/Еq=(10*100+13*200+17*100) / (100+200+100)=13,25 АҚШ долл./дана. "А" компаниясының кiрiсi 13,25*100-10*100=325 АҚШ долл. түзетіледі.
      22. Рынокта ұқсас (бiркелкi) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша мәмiлелер болмағандықтан, сондай-ақ тиiстi ақпарат көздерi болмағандықтан тиiстi бағаларды айқындау мүмкiн болмаған кезде, келесi сату тәсiлi немесе "залал қосылған" тәсілi қолданылады "Залал қосылған" тәсiлiнiң бағасы жеткiзушiнiң сатуға қосымша бағалауды қосуға байланысты залалдарының, өнiмдерiн (қызмет көрсетулерiн) бергенi үшiн жүргiзiлген сомасы ретiнде айқындалады. Шығындар нақты және сандық айқындалатын деректер негiзiнде расталуы керек. Әкетiлетiн тауарлардың құны қатысушылар берген бухгалтерлiк есептердiң деректерiнен туындайтын осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiруге және сатуға шығарған шығындардан және қызметтiң осы саласы үшiн қалыптасқан орташа рентабелдiк нормасын қамтамасыз ететiн пайдаға (үстеме бағаға) сай анықталады.
      Мысал: "А" компаниясы тоннасы үшiн 50 АҚШ доллары бағасы бойынша "А" компаниясымен байланысты және Ресей Федерациясында орналасқан "Б" зауытына 20,000 тонна шикiзат сатты. Осы шикiзатты Қазақстанда тек "А" компаниясы шығарады, ал Ресейде ешкiм шығармайды. Алайда, бар ақпарат бойынша бiртектi шикiзат шығаратын "С" түрiк компаниясының жалпы табысы осы өнiмдi өткiзу рыногына байланысты 20-дан 30 процент құрайды. Осы шикiзатты сату (тоннасы үшiн 45 АҚШ долларында) және шығару бойынша "А" компаниясының шығыстары және 25 процент көлемiнде рентабельдiлiк ескерiлiп, оның кiрiсi (45*1.25/50)*20,000=125,000 АҚШ доллары сомасына түзетiледi.

7. Халықаралық iскерлiк операцияға қатысушылар
мен уәкiлеттi органдар арасында өзара қатынастың және талқылаудың тәртiбi

      23. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мәмiлелердiң және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi берген мәлiметтердiң мониторингтегi деректерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi дұрыс есептеу туралы салықтық тексеруге трансферттiк бағаларды қолданумен байланысты мәселелердi қосу қажеттiлiгiн айқындайды.
      24. Тексеру нәтижелерi бойынша рыноктық бағалардан қолданылатын бағалардың ауытқуына қатысты ақпарат салық салынатын кiрiстi түзету туралы шешiмдi одан әрi қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне берiледi.
      25. Талқылау мәселелерi басталғаннан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi халықаралық iскерлiк операцияға қатысушыға тауар (жұмыс, қызмет көрсету) бағасының нарық бағасынан ауытқу фактiсi болуы туралы хабарлайтын ресми хат жiбередi. Қажет жағдайда сондай-ақ, қаралатын мәмiлеге қатысы бар қосымша құжаттар (үшiншi тұлғалармен келiсiм-шарттар және төлеу-есеп айырысу құжаттары, тараптардың құрылтайшы құжаттары, делдалдық, брокерлiк қызметi үшiн шоттар, бухгалтерлiк құжаттар, коносаменттер және басқа да қажеттi құжаттар) сұралады және оларды беру мерзiмi көрсетiледi.
      26. Егер мәмiленің шығындары және өзге де шарттары құндық негiзде айқындалған, құжатпен расталған және негiзделген жағдайда, кiрiстiң ауытқуын және түзетiлуiн есептеу кезiнде осы мәмiле бойынша берiлген фактiлер ескерiледi. Қарсы жағдайда, уәкiлеттi органдар осы фактiлердi қосымша тексеруi мүмкiн.
      27. Халықаралық iскерлiк операцияға қатысушы берген және жасырын болып табылатын немесе коммерциялық құпия құрайтын ақпараттарды уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғалары тек қана Заң шегiнде пайдаланады және үшiншi тұлғаға, соның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда, халықаралық iскерлiк операцияға қатысушының өзiнің рұқсатынсыз өзге де мемлекеттiк органдарға берiлуi мүмкiн емес. Коммерциялық құпия құрайтын немесе жасырын болып табылатын ақпаратты таратқаны үшiн лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершiлiкте болады.
      28. Ақпараттар негiзделмеген, расталмаған немесе берiлмеген жағдайда, сату бойынша қосымша шығындарды есепке алмай кiрiстердi түзету жүргiзіледi және Заңға сәйкес салықтарды, айыппұлдарды және өсiмдердi есептеу туралы акт жасалады және салық және кеден заңдарына сәйкес салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының актiсi бойынша есептелгенi туралы хабарлама жiбередi.
      29. Салық салынатын кiрiстi түзетуден туындайтын Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк бюджетiне салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын есептеу туралы шешiм халықаралық iскерлiк операцияларына қатысушылардан және құзыреттi органдардан барлық талап етiлетiн құжаттарды алу күнiне бастап бiр ай iшiнде қабылданады.
      30. Есептелген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлем сомаларын айыппұлдар мен өсiмақыларды қолданып өндiрiп алу, дауды шешу және сотта шағымдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

ҚР МКМ-нің
2001 жылғы 14 мамырдағы
N 590 бұйрығымен бекітілген
Халықаралық іскерлік операцияларда
трансферттік бағалар қолдану кезінде
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
тәртібі туралы нұсқаулыққа
1-қосымша

____________________________________________________________________
Кеден  ЖКД  ЖКД  Келісім- Келісім-  Жіберу. Сатып Қабыл.Жеткізу Ныса
орга.  нөмі.шық. шарт     шарттың   шінің   алушы.дап    шарты  налы
ны.    рі   қан  ұстау.   нөмірі    атауы   ның   алушы. (ИНК  беке.
ның         күні шы       және              атауы ның    ОТЕР  ті
атауы                     күні                    атауы   МС)
____________________________________________________________________
1      2    3    4        5         6        7     8      9    10 
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
Сауда.  Нысан.  ЖКД-   Шот-    Кеден.  Көлік. СЭҚ ТН  Тауар. Фактура
ласушы   алы    нан    фактура.дік     тің   бойынша   дың      лық
елі     елі   тауарға  ның,    режим   түрі   коды    көлемі  құны,S
               сипат.  коноса.                        (нетто,
               тама     менттің                        кг)    
                        N және
                         күні
____________________________________________________________________
11      12     13        14    15      16     17       18       19
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________