Сақтандыру брокерiнiң қызметiн лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 92 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 25 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1520. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы№N 11 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы энергетикалық ұйымдарының 1994-2000 жылдары Орта Азия елдерінен алынған электр энергиясы үшін берешегін өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z952235_ 152-бабына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетикасы жүйесі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - "Қазақстанэнерго" ҰЭЖ РМК), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің ұсынысы бойынша Орталық Азия елдерінен 1994-2000 жылдары алынған электр энергиясы үшін сыртқы берешекті өтеуге қатысатын шаруашылық жүргізуші субъектілерге 2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құралған салықтар және айыппұл санкциялары жөнінде бюджетке төленуі тиіс берешекті төлеу

 

мерзімін 2001 жылдың аяғына дейін кейінге қалдыруды қамтамасыз етсін.

     2. "Қазақстанэнерго" ҰЭЖ РМК Қазақстан Республикасы энергетикалық

ұйымдарының 1994-2000 жылдары Орта Азия елдерінен алынған электр энергиясы

үшін берешегін өтеуін қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.