Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің 1995 жылғы 28 маусымдағы N 161 бұйрығымен бекiтiлген "Заңды тұлғаларға табыс салығын бюджетке төлеу мен есептеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының N 33 Нұсқаулығына өз

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс министрінің 2001 жылғы 3 қаңтардағы N 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 ақпанда N 1388 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------
               Мемлекеттік кіріс министрінің
           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы



      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      61. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1995 жылғы 28 маусымдағы N 161 бұйрығымен бекiтiлген "Заңды тұлғалардың табыс салығын бюджетке есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының N 33 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кiрiс министрiнiң 2001 жылғы 3 қаңтардағы N 3 V011388_ бұйрығы. -----------------------------------------------------

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z990492_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 492-1 Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қоса Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің 1995 жылғы 28 маусымдағы N 161 бұйрығымен бекiтiлген "Заңды тұлғаларға табыс салығын бюджетке төлеу мен есептеу тәртiбi туралы" V950078_ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының N 33 Нұсқаулығына берiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Әдiстеме департаментiне (Үсенова Н.Д.):

     көрсетiлген өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлiгiмен келiсiлсiн;
     келiсiлген өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуден өтуге жiберiлсiн.
     3. Осы бұйрықтың орындалуына жауапкершiлiк Мемлекеттiк кiрiс 
вице-Министрi К.А. Нұрпейiсовке жүктелсiн.
     4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан 10 күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
     Министр
     
     Келiсiлдi                           Бекітілді
     Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасының
     Қаржы министрі                      Мемлекеттік кіріс Министрінің
     19.01.2001 ж.                       03.01.2001 ж. N 3 бұйрығымен      
                                         
                "Заңды тұлғалардан бюджетке табыс салығын
            есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 33 Нұсқаулыққа
                өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
     I бөлiмде:
     1 тармақта:


      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Заңды тұлға өздерiнiң филиалдары, өкiлдiктерi мен басқа да оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi үшiн табыс салығын Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе осы Нұсқаулықтың 6 қосымшасына сәйкес облыстардың бюджеттерiне төлеудi жүзеге асырады";

     алтыншы абзацта:
     "оның бөлiмшелерi" деген сөздерден кейiн "жеке балансы және банк шоты 
болған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Бұл ретте, тұрған 
орны бойынша оның функцияларының бөлiгiн орындайтын тұрақты жұмыс орындары 
жабдықталған заңды тұлғаның кез-келген аумақтық оқшауланған құрылымдық 
бөлiмшесi заңды тұлғаның өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшесi деп 
ұғынылады. Егер ол бiр айдан артық мерзiмге құрылған болса, жұмыс орны 
тұрақты деп есептеледi."
     II бөлiмде:
     4-тармақ алынып тасталсын;
     5-тармақтағы "(4-тармақта көрсетiлгендей)" деген сөз алынып тасталсын;
     6-тармақта:
     үшiншi абзацта "олардың құнын түзетудi инфляцияға қоса есептегенде" 
деген сөздер алынып тасталсын;
     он үшiншi абзацта:


      "материалдық қорды бағалаудан, дайын өнiмдерден және инфляция деңгейiнен тыс белгіленген басты құралдардан, материалды емес активтер мен басқа мүлiктерден түскен кiрiстер;" деген сөздер алынып тасталсын;
      "құнынан тыс баланстағы негiзгi қаражат" деген сөздер "қосымша топтағы құн балансынан тыс тiркелген активтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ұтыстар;" деген сөзден кейiн "кәсiпкерлiк қызметте қолданылмаған, объектiлердi пайдалану кезiнде алынған шығыстардан кiрiстердің артуы" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әлеуметтiк саладағы объектiлердi пайдаланудан түскен кiрiстер, әлеуметтiк сала бойынша шығарылған шығынды жабуға жатады. Бұл ретте, шығыннан кiрiстердің артуы жылдық жиынтық кiрiстi арттырады.";

      7-тармақтың бесiншi абзацындағы "тауарларға (жұмыстарға, қызмет

көрсетуге)" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ еңбек төлем қорын есептеу 
бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
     8-тармақтағы соңғы абзац алынып тасталсын;
     9-тармақ алынып тасталсын;
     
     14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


      "14. Салық мақсатында тiркелген активтерге салық төлеушiнің бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн және кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер жатады.
      Негiзгi құралдарға салық мақсатында құны 40 айлық есептi көрсеткiштен асатын және қызмет ету мерзiмi бiр жылдан артық материалдық активтер жатады.
      Материалды емес активтерге кәсiпкерлiк қызметiнде ұзақ мерзiмдi кезеңде (бiр жылдан артық) заңды (құрылтайшылар мен қатысушылардың шығынын қоса есептегенде) және жеке тұлғалар пайдаланылатын материалды емес объектілер жатады.
      Тiркелген активтердiң құнына салық төлеушi шегерiмге құқығы бар шығындардан өзге, оларды сатып алу, өндiру, салу, монтаждау және орнату жөнiндегi шығындар, сондай-ақ олардың құнын өсiретiн басқа да шығындар енгiзiледi.
      Тiркелген активтердің құны салық заңдарымен белгiлеген тәртiппен және шарттармен амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерiмге жатқызылады.
      Салық салу мақсатында тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу мен есепке алу, жөндеуге жұмсалған шығыстар мен басқа да шегерiмдер тәртiбi осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында белгіленген.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Осы қосымша топқа кiретiн негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеуге жұмсаған шығыстар бойынша әрбiр қосымша топқа қатысты шегерiм жасауға рұқсат етiледi.
      Әрбiр қосымша топ бойынша негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеуге жұмсалған шығыстар сомасы тиiстi қосымша топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансының 15 процентi мөлшерiнде шегерiледi. Аталған шектен асатын сома қосымша топтың құн балансын арттырады.
      Егер салық төлеушi өзге есеп кезеңiн (ай, тоқсан) қолданса, онда жөндеуге жұмсалған шығыстар тиiстi есеп беру жылының соңындағы қосымша топтың құн балансымен айқындалады.
      Мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттен алынған субсидиялар есебiнен жөндеуге жұмсалған шығыстар шегерiмге жатпайды және топтың құн балансын көбейтпейдi.
      Егер, тiркелген активтердің есебi салық салу мақсатында әрбiр объектi бойынша жүргiзiлген жағдайда, осы тармақпен белгiленген шектен тыс жөндеуге жұмсалатын шығыстар жөндеуге жұмсалған тиiстi негiзгi құрал жабдықтардың құнын арттыруға жатқызылады.
      Ағынды жалдау жағдайындағы кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын негiзгi құралдардың жөндеу шығындарына жалға алушының жүргiзген сомалары аталған негiзгi құралдар жалға алушының қосымша тобының баланстық құндағы шегерiмiне есептелмейтiн болғандықтан, жалға алушыдан шегеруге жатпайды. Жалға берушi жалға алушыларға олардың жалға берген негiзгi құралдарын жөндеу жөнiндегi шығындарын өтеген жағдайда, осы шығындар жалға берушiден жалпы белгiленген тәртiппен шегерiлуге жатады.";

      16-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "осы Нұсқаулықтың 2 қосымшасында белгiленген 2 топтың негiзгi құралдары" деген сөздер "25 процент көлемiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы тармақпен белгiленген тәртiп сондай-ақ салық төлеушінің табиғи ресурстарды геологиялық зерттеу, әзiрлеу немесе пайдалану құқығын алуға байланысты шеккен материалдық емес активтер шығындарына, сондай-ақ мемлекеттің келiсiм-шарттық аумақтарда жүргiзген тарихи шығындарының орнын толтыруда жер қойнауын пайдаланушылардың бюджетке нақты төлеген сомаларына қолданылады.";
      төртiншi-бесiншi абзацтар алынып тасталсын;

      17-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
      "Өнiмдердi (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге - Қазақстан Республикасының резиденттерiне, сондай-ақ қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асырушы және кiрiс есептелген сәттен бастап екi жыл iшiнде қанағаттандырылмаған резидент емес заңды тұлғаларға өткiзу нәтижесiнде туындаған күмәндi талаптар шегерiмге жатады.";
      мынадай мазмұндағы екiншi-тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Салық төлеушi күмәндi талаптарды салықтық мақсаттарда өнiмдердi (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу нәтижесiнде туындаған шегерiмдерге, талаптарға жатқызған кезде, күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызу сәтiнде заңды тұлғалар арасында құрылған салыстыру актiлерiмен, заңды тұлғаның тауарлық-материалдық қорларды нақты алуын растайтын, тауарлық-материалдық қорларды алуға шот-фактураларда, шот-хабарламаларда, сенiм хаттарда белгiленген тәртiпте рәсiмделген тиiстi құжаттармен расталуы керек. Күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызудың осы тәртiбi халықпен есептесу кезiндегi коммуналдық қызметтер бойынша туындаған талаптарға таратылмайды.
      Жоғарыда аталған құжаттардан өзге (салыстыру актiсiнен басқа) борышкер-заңды тұлғаны тарату кезiнде осы заңды тұлғаның таратылуын тiркеу, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi жою және оны мемлекеттiк Тiркеуден шығару туралы әдiлет органдары бұйрығының көшiрмесiн қосымша ұсыну қажет.
      Борышкер-салық төлеушi банкрот деп танылған жағдайда жоғарыда аталған барлық құжаттарға (салыстыру актiсiнен басқа) қосымша оны банкрот деп тану туралы сот шешiмiнің көшiрмесiн ұсыну қажет.
      Осы борышкерлiк қарыз заңды тұлғаның бухгалтерлiк есебiндегi - сатып алушылармен және 1997 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiстемелерi департаментiнiң N 72 бұйрығымен бекiтiлген тапсырыс берушiлермен есеп айырысуды есепке алу жөнiндегi жаршыдағы тiркелiмде көрсетiлуi керек.
      Бұл ретте, күмәндi деп танылған немесе күмәндi қарыздар бойынша өндiрiп алу, және (немесе) резерв құру үшiн нақты емес борышкерлiк берешектердi бухгалтерлiк шығынға жатқызу салық салу мақсатында есепке алынбайды.
      МЫСАЛ: Б заңды тұлғасының А заңды тұлғасы алдындағы 1998 жылғы 1 наурызда есептелген өтелмеген берешегi 120,0 мың теңге құрайды (соның iшiнде ҚҚС 20,0 мың теңге). Аталған заңды тұлғалар арасында жасалған шартта Б заңды тұлғасының берешектердi өтеу мерзiмi 1998 жылдың 01 желтоқсаны деп белгiленген.
      А заңды тұлғасының қаржылық есеп берудi құру кезiнде Б заңды тұлғасының 1999 жылдың қорытындылары бойынша борышкерлiк берешегi (талабы) бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ережелерге сәйкес үмiтсiз деп танылды және осы сомаға күмәндi берешектер бойынша резерв құрылды.
      Салық салу мақсатында А заңды тұлғасы 100,0 мың теңге (ҚҚС-сыз) көлемiндегi аталған борышкерлiк берешектi шегерiмге тек қана кiрiс есептелген сәттен бастап екi жыл аяқталуы бойынша, яғни, 2000 жылға Декларация құру кезiнде жатқызуға құқылы.";
      соңғы абзац алынып тасталсын;

      19-тармақта:
      "бекiтiлген әдiстер" деген сөздерден кейiнгi бiрiншi абзац

"тауарлық-материалдық қорлардың өз құнының бағасы:" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     екiншi-бесiншi абзацтар алынып тасталсын;
     22-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
     "Осы тармақтың жоғарыда көрсетiлген ережелерi уәкiлеттi орган 
белгiлейтiн негiзгi құрал жабдықтардың құнын арттыру индексiн қолданумен 
есептелген қайта бағалау сомаларынан астам негiзгi құрал жабдықтарды дұрыс 
бағалау нәтижесiнде есептелген амортизациялық аударымдар шегерiмдерiне 
жатқызылған есеп беру кезеңiнде алынған залалдарға қолданылмайды";
     III бөлiмде:
     
     38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "38. "Қазақстандық көздерден алынатын кiрiстер" деп мыналар ұғынылады:


      1) осындай кiрiстің қайдан төленетініне қарамастан, Қазақстан Республикасында тауарларды өндiруден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден түскен кiрiс;
      2) кәсiпкерлiк қызметтен түскен кiрiс:
      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекемелерден алынатын кiрiс;
      егер, мәмiленi ресiмдеу немесе келiсiм-шарт жасасу кезiнде тауар Қазақстан Республикасының аумағында болса, тауарды Қазақстан Республикасында сатудан туындаған кiрiс;
      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен және осындай немесе осыған ұқсас сипаты бар кәсiпкерлiк қызметтен туындайтын кiрiс;
      егер ол, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекеменiң шегерiмi сияқты есептелсе, басқарушылық, қаржылық және сақтандыру қызметiнен түсетiн кiрiс;
      барлық жұмыстардың (қызметтердiң) түрiн iске асырудан, сондай-ақ егер ол Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекемеге және (немесе) Қазақстан Республикасының резидентiне шегерiлiм сияқты есептелсе, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге жасалған келiсiм-шарттар бойынша және тауарлардың жеткiзiлуiне жасалған сыртқы сауда келiсiм-шарттары бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн айып пұл санкцияларынан алынатын кiрiс;
      3) инфляциялық түзетудi есепке алып ашық акционерлiк қоғамдардың бағалы қағаздарын сату кезiнде құнның өсуiнен түскен кiрiстерден басқа, резидент-заңды тұлғадан және осындай заңды тұлғаның қатысу үлесiн сатудан түсетiн дивидендтер нысанындағы кiрiс;
      4) резиденттерден болмаса, егер осы тұлғаның берешегi оның тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар тұлғадан сыйақы (мүдде) нысанында алынған кiрiс;
      5) Қазақстан Республикасындағы құқығын немесе мүлiктi сату пайдалану немесе пайдалану құқығын беру кезiнде туындаған роялти нысанындағы кiрiс;
      6) осындай мүлiкке қатысу үлесiн сатудан түскен кiрiстi қоса алғанда, Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын кiрiс;
      7) резидентке Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлiктерiн сатудан түскен өзге де кiрiстер;
      8) Қазақстан Республикасындағы тәуекелдiктi сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетiн сақтандыру төлемдерi нысанындағы кiрiс;
      9) халықаралық байланыс немесе Қазақстан Республикасы мен басқа да

мемлекеттер арасындағы тасымалдау саласында телекоммуникациялық немесе 
көлiктiк қызмет көрсетулерден түскен кiрiс;
     10) Қазақстан Республикасындағы қызметi негiзiнде туындайтын, алдыңғы 
тармақшаларда қамтылмаған басқа да кiрiстер";
     43-тармақтың бiрiншi абзацындағы бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда 
жазылсын:
     "Егер шетелдiк заңды тұлғаның жарғылық капиталының 10 процентiнен 
астамы тiкелей немесе жанама түрде резидентке тиесiлi болса немесе ол өз 
кезегiнде елде жеңiлдiкпен салық салу арқылы кiрiс келтiретiн осы заңды 
тұлғаның дауысқа ие акциясының 10 процентiнен астамын алса, заңды тұлға 
кiрiсiнің резидентке тиесiлi осы бөлiгi оның салық салынатын кiрiсiне 
енгiзiледi";
     IV бөлiмде:
     
     мынадай мазмұндағы 44-1 тармағымен толықтырылсын:
     "44-1. Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi уәкiлеттi 
органы белгiлеген негiзгi құрал жабдықтардың құнын арттыру индексiн 
қолданумен есептелген қайта бағалау сомасынан астам бухгалтерлiк есеппен 
алынған негiзгi құрал жабдықтарды бағалау сомалары 15 проценттiк ставка 
бойынша салық салуға жатады.";
     46-тармақта:
     бiрiншi абзацтағы:
     "және осы салықты төлем көздерiнен ұстағанын растайтын құжаттар 
болған кезде, одан әрi салық салуға жатпайды" деген сөздер алынып 
тасталсын;
     мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
     "Төлем көзiнен осы салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған 
кезде, ұсталған салық сомасы, салық төлеушiге салық жылы iшiнде есептелген 
табыс салығының есебiне кiредi.".
     V бөлiмде:
     
     50-тармақта:
     екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:


      "- акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзуден, сондай-ақ сауда-делдалдық қызметтен түскен кiрiстердi қоспағанда, Ауғаныстан соғысы ардагерлерiнің Қазақ республикалық ұйымы (кәсiпорындарсыз). Сауда-делдалдық қызметтен түскен кiрiстер деп сату-сатып алу және қызмет көрсетулер операциясынан түскен кірiс ұғынылады;";
      он сегiзiншi абзацтағы "жаңа технологиялық жабдықтар" және "осы жабдықтардың" деген сөздер тиiсiнше "негiзгi құралдарды" және "оларды" деген сөздермен алмастырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi-жетiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы мүгедектерi ерiктi қоғамының, Асырауында балалары бар мүгедек аналардың республикалық қоғамының ("Бибi-Ана"), Қазақ зағиптар қоғамының, Ақыл-есi мен дене бiтiмi кемiс балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және оларды еңбекпен оңалту орталығының, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамының, Қазақстан Республикасы "Чернобыль" одағының, сондай-ақ олардың өндiрiстiк ұйымдарының кiрiстерi (акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзуден, сондай-ақ сауда-делдалдық қызметтен түскен кiрiстердi қоспағанда), егер осындай ұйымдар мынадай шарттарға сәйкес келсе:
      - мүгедектер осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының 51 проценттен кем емесiн құраса;
      - мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу қоры жалпы еңбекке ақы төлеу қорының 51 проценттен кем емесiн құраса;
      - осы тармақшаның үшiншi абзацында аталған қоғамдардың (Одақтың, Орталықтың) меншiгi болып табылса және толығымен солардың қаражаты есебiнен құрылған болса;
      - алынған кiрiстер оларды құрған қоғамдардың (Одақтың, Орталықтың) жарғылық мақсаттарын iске асыруға жұмсалады";

      58-тармақта:
      үшiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, патент беру патент беру заңды тұлға құрылған сәттен бастап ай бойы жүзеге асырылатын күнтiзбелiк жыл iшiнде құрылған заңды тұлғалардан басқа, бiртұтас салық жылы үшiн күнтiзбелiк жылдың екiншi айының 1-шi күнiне дейiн жүзеге асырылады.";

      61-тармақтың бiрiншi және үшiншi абзацтардағы "ұзақ мерзiмдi активтердi" және "ұзақ мерзiмдi активтi" деген сөздер тиiсiнше "тiркелген активтердi" және "тiркелген активтi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      62-тармақта:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңның 5-бабына сәйкес өзiндiк құн салықтық мақсаттарда өзiне тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алуға, өндiруге және сатуға байланысты шығындарды қосады. Бұл ретте, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алуға, өндiруге және сатуға байланысты шығындар мыналарды қосады:"
      мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "- жылдық жиынтық кiрiс алуға байланысты басқа да шығындар";

      63-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Салық төлеушi негiзгi құралдарды бағалаудан түскен табыс салығы бойынша осы Нұсқаулықтың 5В қосымшасында белгiленген нысан бойынша негiзгi құралдарды бағалау жүргiзген айдан кейiнгi айдың 15-не дейiн есеп ұсынуға мiндеттi.
      Негiзгi құралдарды бағалаудан түскен табыс салығын төлеу бағалау жүргiзiлген сәттен бастап келесi ай iшiнде жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi белгiлеген негiзгi құрал жабдықтардың құнын арттыру индексiн қолданумен есептелген қайта бағалау сомасынан астам негiзгi құрал жабдықтарды бағалаудан түскен сома салық төлеушiнiң жиынтық жылдық кiрiсiне енгiзiлуге жатпайды";

      мынадай мазмұндағы 67-1-тармақпен толықтырылсын:
      "67-1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекемелер, және (немесе) Қазақстан Республикасының резиденттерi салық жылы үшiн төленбеген, қазақстандық көздерден алған кiрiстерiн шегерiмге жатқызған кезде жылдық жиынтық кiрiсi және жүргiзiлген шегерiмдер туралы декларация берген күннен бастап 10 күннiң аяқталуы бойынша Заңның 50-бабы 1-тармағына сәйкес төлем көзiнен ұсталған салықты аударуға мiндеттi, бiрақ, есеп беру жылынан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмеуi керек.".
      Төлем көзiнен ұсталатын салықты ұстап қалғаны және бюджетке аударғаны үшiн жауапкершiлiк кiрiс төлеушi тұлғаға жүктеледi. Салық сомасын ұстамаған кезде, кiрiс төлеушi тұлға бюджетке ұсталмаған салық және соларға байланысты айыппұлдар мен өсiмақылар сомаларын енгiзуге мiндеттi";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "79. Салық декларациясын заңдармен белгiленген мерзiмнiң өтуi бойынша 180-нен артық күн iшiнде ұсынылмаған жағдайдан басқа, салық декларациясын ұсынбаған заңды тұлғаға декларация негiзiнде төленуге тиiстi бiрақ, төленбеген салық сомасының 10 проценттiк көлемiнде айып салынады.
      Заңдармен белгiленген мерзiмнiң аяқталуы бойынша 180 күннен артық күн iшiнде салық декларациясын ұсынбаған заңды тұлғаға декларация негiзiнде төленуге тиiстi бiрақ, төленбеген салық сомасының 50 проценттiк көлемiнде айып салынады.
      Салық қызметi органдарына салық декларациясын және табыс салығын есептеуге және төлеуге байланысты басқа да құжаттарды бермеген жағдайда, салық қызметiнің органдары салық төлеушілердің банктердегi олардың банктiк шоттары және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы өзге де ұйымдар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқылы.";

      79а және 80-тармақтар алынып тасталсын;

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "81. Салық салу базасын төмендету немесе салық кезеңiнің қорытындысы нәтижесiнде салық сомаларын төлемеу немесе толық төлемеу төленбеген салық сомаларының 50 процентi көлемiнде айыппұл салуға алып келедi";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "82. Кiрiстер мен шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке алу ережелерiн бұзғаны үшiн, егер, осы әрекет бiр есеп беру кезеңiнде жасалса, он айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл салынады.
      Егер аталған әрекет бiр есеп беру кезеңiнен артық кезде жасалса

немесе кiрiстердi төмендетуге әкелсе, жиырма бес айлық есептi көрсеткiш 
көлемiнде айыппұл салынады.
     Кiрiстер мен шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке алу 
ережелерiн бұзу деп алғашқы құжаттардың, бухгалтерлiк есептің 
тiркелiмдерiнің болмауы, бухгалтерлiк есептің және активтер мен салық 
төлеушiлер мiндеттемелерiнің қаржылық есеп беру шоттарында өз уақытынсыз 
немесе дұрыс емес жүйелілiгiнiң көрсетілмеуi ұғынылады.".
     Осы Нұсқаулықтың N 1 қосымшасында:
     100 нысан мынадай редакцияда жазылсын:
     
     
     100 нысан
     
     ________ жылғы жиынтық жылдық табыс және жүргізiлген шешiмдер туралы
                                Декларация
     
     Атауы _______________            СТТН ____________________
     Мекен-жайы______________         Банкi______________________
     Ауданы ________________          Банк _____________________         
     Қала/облысы ___________          есепшоты _________________
              
     Декларация __  кезектi __ бастапқы  __ жойылатын
                
     41-бап, ұзақ мерзiмдi контрактiлер __  __
----------------------------------------------------------------------
               Көрсеткіштер                   Код       Төлеушінің
                                                    мәліметтері бойынша
----------------------------------------------------------------------
                      1                        2           3
----------------------------------------------------------------------
           ЖЫЛДЫҚ ЖИЫНТЫҚ ТАБЫС
----------------------------------------------------------------------     
 1    Өнiмдер (жұмыстар, көрсетiлген
      қызметтер) сату кiрiстері                1
 2    Оларды инфляцияға түзетiлген құны
      ескерiлген үйлер, ғимараттар, сондай-ақ
      амортизацияға жатпайтын қаражаттарды
      сату кезiнде құны өскен кiрiстер         2
 3    Сыйақы (мүдде) түріндегi кiрiс           3
 3-1  Күмәндi мiндеттемелер бойынша кiрiстер   3-1
 4    Дивидендтер                              4
 5    Ұтыстар                                  5
 6    Тегiн алынған мүлiк пен ақша             6
 7    Мүлiктi жалға беру кiрiсi                7
 8    Роялти                                   8
 9    Заңды тұлғалар алған субсидиялар,
      мемлекеттiк бюджеттен алынған
      субсидиялардан басқа                     9
 10   Кәсіпкерлiк қызметiн шектеуге немесе
      кәсіпорнын жабуға келiскенi үшiн
      кiрiстер                                 10
 11   Банк және сақтандыру ұйымдары
      резервтiк қорларының мөлшерiн
      төмендету кiрiстерi                      11
 12   Есептен шығару кiрiстерi                 12
 13   20-6 баптың 1-тармағына және 47-бапқа
      сәйкес кiрiстер                          13
 14   44-бапқа сәйкес өтелетiн шегерiмдер      14
 14-1 138-1-бапқа сәйкес бағаны түзету
      кiрiстерi                                14-1
 14-2 Айыппұлдар, өсiмдер, тұрақсыздық
      төлемдерi және санкциялардың басқа
      түрлерi бойынша кiрiстер                 14-2
 14-3 Кәсiпкерлiк қызметте қолданбайтын
      объектілердi пайдаланғанда алынған
      кiрiстердiң шығыстардан асуы             14-3
 15   Басқа да кiрiстер                        15
 16   Жылдық жиынтық кiрiс, 1-15 жолдардағы
      сома                                     16
 17   Жылдық жиынтық табысқа түзету            17
      1) Дивидендтер                           17-1
      2) заңды тұлға алған және оның
      кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты
      бағамның оң айырмасы                     17-2
      3) ашық акционерлiк қоғамдардың
      бағалы қағаздарын сату кезiнде
      инфляция түзетуi ескерiлген құн өсiмi
      кiрiстерi                                17-3
      4) зейнетақымен қамсыздандыру туралы
      заңдарға сәйкес алынған және жеке
      зейнетақы шоттарына аударылған
      инвестициялық кiрiстер                   17-4
      5) эмитент оларды бағалы қағаздар
      рыногында бастапқы орналастырудан
      алған өз акцияларының құнының
      бастапқы құнынан ауысуы                  17-5
 18   Түзетiлгеннен кейiнгi жылдық жиынтық
      табыс (16-17 жолдар)                     18
     
                   ШЕГЕРIМДЕР
     
 19   Сатылған өнiмдер (жұмыстар, көрсетiлген
      қызметтер) бойынша шығындар              19
 20   Алынған кредиттер (займдар) үшiн
      сыйақы (мүдде)                           20
 21   Күмәндi талаптар                         21
 22   Резервтiк қорларға аударымдар            22
 23   Ғылыми зерттеу, жобалық және
      тәжiрибелiк конструкторлық жұмыстарға
      шыққан шығындар                          23
 24   Амортизациялық аударымдар және
      тiркелген активтер бойынша басқа да
      шегерiмдер                               24
      а) негiзгi құралдардың амортизациялық
      аударымдары                              24а
      б) соның iшiнде:
      қоса бағалау сомасынан                   24б
      в) 20-4-баптың 3-тармағына сәйкес
      есептелген амортизациялық аударымдар     24в
      г) қосымша топтың барлық тiркелген
      активтерiнің шығуы кезiнде қосымша
      топтың құн балансының көлемi             24г
      д) 20-6-бабының 3-тармағына сәйкес
      тiркелген активтердің қалдық құны        24д
      е) материалдық емес активтердің
      амортизациялық аударымдары               24е
 25   Жөндеуге шығатын шығындар                25
 26   Сақтандыру төлемдерi бойынша
      шығындар                                 26
 27   Әлеуметтiк төлемдерге арналған
      шығыстар                                 27 
 28   Геологиялық зерттеуге және табиғи
      ресурстарды өндiрудің дайындық
      жұмыстарына арналған шығыстар            28
 29   Салықтар, айыппұлдар мен өтеу
      шығыстары                                29
      а) 25-баптың 1-тармағына сәйкес
      төленген салықтар                        29а
      б) бюджетке енгiзiлуге тиiстiлерiнен
      басқа айыппұлдар мен өсiмдердi қоса
      алғанда, төленген тұрақсыздық
      айыппұлдары                              29б
      в) мемлекеттiк әлеуметтiк саланы ұстау
      шығыстары                                29в
      г) 25-баптың 4-тармағына сәйкес жер
      қойнауын пайдаланушылар шығыстары        29г
 30   26-баптың 1-тармағына сәйкес            
      құрылыстар сатудан шыққан шығыстар       30
 31   Барлық-шегерiмдер, 19-30 жолдардағы
      сома                                     31
 32   Салық салынатын кiрiс (18-31 жолдар)
      (залал)                                  32
 32-1 20-8 баптың 4-тармағына сәйкес
      тасымалдауға жарамайтын шығындар         32-1
 32-2 Тасымалдануға жататын шығындар (32-
      32-1 жолдар)                             32-2
 33   27-бапқа сәйкес кейiнге қалдырылған
      кәсiпкерлiк қызмет залалдары             33
 34   34-бапқа сәйкес салық салудан
      босатылған кiрiстер                      34
      1) төтенше жағдайлар бойынша
      мақсатына сай пайдаланылған iзгілік көмек
      2) мүгедектер еңбекақысы бойынша
      шығыстардың екi еселенген сома, сондай-ақ 
      әлеуметтiк салықтың мүгедектерге қатысты
      сомасынан 50 процентi
      3) мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша 
      сыйақы (мүдде)
      4) коммерциялық емес ұйымдарға
      қайырымдылық жарналары
      5) Астана қаласындағы құрылысқа
      жұмсалған және пайдаланылған қаражат
      6) банктердің қайырымдылық
      қорларына тегiн аударымдары
      7) мемлекеттiк (ұлттық) лотерея
      өткiзуден алынған кiрiс
      8) ерiктi зейнетақы жарналарының сомасы
      9) негiзгi құралдардың лизингi бойынша
      алынған сыйақы (мүдде)
      10) 34-баптың 8-тармағына сәйкес салық
      салынатын кiрiстiң босатылатын өсiмi
      11) __________________________ *
 35   Кейiнге қалдырылатын залалдар мен
      берiлетiн жеңiлдiктер ескерiлген салық
      салынатын кiрiс (32-33-34 жолдар)        35
 36   Есептелген салық сомасы                  36
 36а  Таза кiрiстегi салық сомасы (4 ж., 14-1
      қосымша)                                 36а
 36б  20-8-баптың 3-тармағына сәйкес негiзгi
      қаражаттарды бағалауға дейiнгi салық
      сомасы (4а ж., 14-1 қосымша)             36б
 36в  Есептелген барлық салық (36+36а+36б ж.)  36в
 37   Барлық жүргiзiлген аванстық төлемдер     
      мен есептемелер                          37
 38   Асыра төленген сома (37 ж.-36в)          38
 39   Барлық төленетiн салық (36в-37 жолдар)   39
 40   Айыппұл санкциялары                      40
 41   Барлық салықтар мен айыппұл санкциялары  41
 42   Алдағы төлемдер есебiне асыра төленген   
      сома                                     42
 43   Қайтарылатын асыра төленген сома         43
     
     Ескерту: ҚР МКМ айқындаған декларация тиiстi қосымшаларымен
              ұсынылады.
     
            Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі
     
     Бiз осы декларацияда берiлген мәлiметтердiң толықтығына және          
     ақиқаттығына Заң алдында жауап тартамыз.
     
     Жетекшi _____________                 ________________
              (аты-жөнi)                        (қолы)
     Бас бухгалтер _______________         ________________
                   (аты-жөнi)                   (қолы)
     Күні ________________________
     
     Декларацияны құрау жөнiндегi
     қызмет көрсеткен аудитор _____________      _______________
                            (аты-жөнi, СТН-ы)        (қолы)
     МО
        
                            Салық органы
     
     Салық комитетiнiң
     бастығы _____________
             (күнi, қолы)
     
     Салық төлеушiлермен жұмыс
     жөнiндегi бөлiмнің бастығы _____________
                                (күнi, қолы)
     
     * - 34-бап 1-тармақтың 1, 1-1, 2, 3, 4, 6, 6-1, 7, 9, 10              
         тармақшаларына сәйкес кiрiстерi салық салудан босатылған 
         ұйымдар толтырады.
     
     100 нысандағы 1 қосымшада:
     атауындағы "түзетудi ескере отырып, олардың инфляция құнын" деген 
сөздер алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:


      "Ескерту: 1-бөлiмде, сондай-ақ өндiрiсте үш жылдан артық

пайдаланылған технологиялық жабдықтарды сатудан алынған сома, бұрын 
шегерiмге жатқызылған амортизациялаудан қалған құн немесе сома 
көрсетiледi."
     100 нысанға берiлген 2 қосымшада:
     қосылма мынадай редакцияда жазылсын:
     "*Сыйақыны (мүддесiн) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алған 
жағдайда бөлек қосымша толтырылады.
     Г бағаны бойынша ұсталған салық сомасын қоса алғанда, сыйақы 
(мүддесiн) сомасы көрсетiледi.
     Г бағанының 11 жолындағы сома Декларацияның 3 жолына ауыстырылсын.
     Д бағанының 11 жолындағы сома 14-1 қосымшадағы 1 бөлiмнiң 6г жолына 
ауыстырылсын".
     100 нысанға берiлген 3 қосымшада:
     қосылма мынадай редакцияда жазылсын:
     "*Дивидендтердi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алған жағдайда 
бөлек қосымша толтырылады.


      Г бағаны бойынша растайтын құжаттары болған кезде ұсталған

салықтардан басқа Қазақстан Республикасында есептелген дивидендтер сомасы 
көрсетiледi. Дивидендтердi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алған 
кезде Г бағанында ұсталған салық сомаларын қоса алғандағы дивидендтердiң 
есептелген сомалары көрсетiледi.
     Г бағанының 11 жолындағы сома Декларацияның 4 жолына ауыстырылсын.
     Егер дивидендтер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алынса, онда 
шетелде төленген және Д бағанында көрiнiс тапқан салықтар 14-1 қосымшадағы 
1 бөлiмнің 6в жолына ауыстырылады";
     100 нысанға берілген 6 қосымшада:
     5 жол алынып тасталсын;
     7 жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қорытынды (1 жол - 2 жол) + 3 пен 6 аралығындағы жолдардың сомалары";
     10 жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Сатылған өнiмдер (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жөнiндегi шығындар 
(7 жол - 8 жол - 9 жол) (декларацияның 19 жолына ауыстырылсын)".
     100 нысанға берілген 7 қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Алынған несиелер (займдар) үшiн сыйақы (мүдде)".
     
     100 нысанға берілген 8а қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
                           
                                                          100 нысан
                                                          8а қосымша
     Салық төлеушінің атауы
     СТН
            1995 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген несиелер бойынша        
                  резервті (провизияларды) қалыптастыру есебі
----------------------------------------------------------------------     
Жіктелуіне сәйкес   Салық жылының       Салық салу       Шегерілетін
несие тобы          соңындағы өтелмеген мақсаттарындағы     сома
                    несиелік берешек    резервтер мөлшері 
----------------------------------------------------------------------     
       А                   Б                     В           Г     
----------------------------------------------------------------------     
Несиелер:
1. Күмәнді:
- стандарт емес                                  X           X
- қанағаттанарлықсыз                             X           X    
- жоғары қатерлі
2. Үмітсіз
Жиынтығы
----------------------------------------------------------------------    
     100 нысанға берілген 8б қосымшасына мынандай редакцияда жазылсын:
     
                                                          100 нысан
                                                          8б қосымша
     Салық төлеушінің атауы
     СТН
     
           1995 жылдың 1 қаңтарынан кейін берілген несиелер бойынша        
                 резервті (провизияларды) қалыптастыру есебі
----------------------------------------------------------------------     
Жіктелуіне сәйкес !Салық жылының      !Салық салу мақсатында   !Шегері.
несие тобы        !соңындағы өтелмеген!резервтеу!Провизияның   !летін
                  !несиелік берешек   ! мөлшері !қажетті сомасы!сома
                  !                   !         !              !(Г-Д)
----------------------------------------------------------------------     
       А                   Б                В           Г          Е
----------------------------------------------------------------------     
Несиелер:
1. Күмәнді:
- субстандартты                             X           X          X
- қанағаттанарлықсыз                        X           X          X
- жоғары қатерлі
2. Үмітсіз
Жиынтығы
----------------------------------------------------------------------     
     
     100 нысанға берілген 9 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
     
     Кесімді активтер бойынша амортизациялық аударымдар, жөндеуге шығыс    
                            және басқа да шегерімдер
                                                          100 нысан
                                                          9 қосымша
     Салық төлеушінің атауы
     СТН
     
     І-бөлім - негізгі қаражаттар
------------------------------------------------------------------------
Рет Топ Шағын топ Кесімді активтер  Салық    20-8-бап.   20-8-бабының 3-
 N   N      N     бойынша аморти.   жылының  тың 2-тар.  тармағына сәй.
                  зациялық аударым. басына   мағына      кес айқындалған
                  дар нормасы (%)   шағын    сәйкес са.  кесімді актив.
                  ________________  топтың   лық жылы.   терді бағалауға  
                  Шек. Қол.  Жаңа   құндық   ның басын.  дейінгі сома     
                  ті   да.   негіз. балансы  дағы кесім. 
                       ныла. гі қа.          ді актив.   
                       тын   ражат.          терді қайта 
                             тар             бағалау     
                             бойын.          сомасы      
                             ша ау.                      
                             дарым.
                             дардың
                             қосым.
                             ша нор.
                             масы  
------------------------------------------------------------------------
     
          
     Таблицаның жалғасы
------------------------------------------------------------------------
Түскен кесімді           Шағын   Салық    Есепті салық      20-4-бап.
 активтердің             топтың  жылы.     жылындағы        тың 3-тар.
   сомасы                бұрын.  ның     амортизациялық     мағына
_______________          ғы не.  соңы.      аударымдар      сәйкес
Бар.!Оның ішінде,        гізгі   на ша.  __________________ жаңа не.  
лығы!олар бойынша        қара.   ғын     Бар.  Оның ішінде, гізгі қа.
    !қосымша амортиза.   жатта.  топ.    лығы  бағалауға    ражаттар 
    !циялық аударымдар   рының   тың           дейінгі со.  бойынша 
    !есептелетін жаңа    құны    құндық  ExA1  сомадан      амортиза. 
    !негізгі қаражат.            балансы       B1xA1        циялық ау.
    !тарды пайдалануға           Б+В+В1+                    дарымдар
    !енгізу                      Г-Д                        Г1хА2
---------------------------------------------------------------------- --  
   
     Таблицаның жалғасы
--------------------------------
Негізгі Шегерім. Ша.  Түзе.
қара.   ге жата. ғын. тулер. 
жаттар. тын ал.  топ. ді ес.
ды жөн. ғашқы    тың  керіп 
деуге   құнынан  бар. салық
нақты   5% кем   лық  жылы.  
шығыс.  қалдық   кес. ның со.
тар     құны     імді ңына
________         акт. шағын
Ша.  Шағ.        ивт. топтың
ғын  ын          ері. құндық
топ. топ.        нің  балан.
тың  тың         шығ. сы Е-Ж
құн. құн.        уы   -З+К   
дық  дық         кез. -Л-М 
ба.  ба.         інде
лан. лан         шеге.
сына сына        рімге
15%  ұлға.       жататын
шек. юға         шағын
терін            топтың
дегі             құндық
шеге.            балансы 
рімдер  
--------------------------------
---------------------------------------------------------------------- -- 
   !  !  !А !А1 !А2 !Б !В !В1 !Г !Г1 !Д !Е* !Ж !Ж1 !З ! И! К! Л! М !Н     
---------------------------------------------------------------------- -- 
      Үй-жайлар, ғимараттар (осы шағын топтың барлық үй-жайларын,          
     ғимараттарын атап көрсетіңдер, қажеттілік жағдайында қосымша __       
                          ведомостын қоса көрсетіңіз)
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
 І топ бойынша қосымша --------------------------------------------------  
  ведомостан сома ---------------------------------------------------- -- 
 І топ бойынша жиынтық --------------------------------------------------  
   
-------------------------------------------------------------------------  
   !  !  !А !А1 !А2 !Б !В !В1 !Г !Г1 !Д !Е* !Ж !Ж1 !З ! И! К! Л! М !Н     
---------------------------------------------------------------------- -- 
   Құрылыстар (осы шағын топтың барлық құрылыстарын атап көрсетіңдер,      
                    қажеттілік жағдайында қосымша __                       
                    ведомостын қоса көрсетіңіз)  
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
 ІІ топ бойынша қосымша -------------------------------------------------  
  ведомостан сома ---------------------------------------------------- -- 
-------------------------------------------------------------------------  
 ІІ топ бойынша     
   жиынтық
---------------------------------------------------------------------- -- 
   !  !  !А !А1 !А2 !Б !В !В1 !Г !Г1 !Д !Е* !Ж !Ж1 !З ! И! К! Л! М !Н     
---------------------------------------------------------------------- --
 Қалған топтар
 бойынша жиынтық 
---------------------------------------------------------------------- --
---------------------------------------------------------------------- -- 
   !  !  !А !А1 !А2 !Б !В !В1 !Г !Г1 !Д !Е* !Ж !Ж1 !З ! И! К! Л! М !Н     
---------------------------------------------------------------------- --
 Барлығы     
---------------------------------------------------------------------- -- 
     


      Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес амортизациялық аударымдар есептелетін сол негізгі қаражаттар бойынша осы қосымшаны ұсынады.
      Үй-жайлар, ғимараттар және құрылыстар бойынша амортизациялық

аударымдар әрбір объекті бойынша дербес айқындалады.
     "Барлығы" жолы бойынша осы қосымшада көрсетілген және салық төлеуші 
кәсіпкерлік қызметінде пайдаланатын негізгі қаражаттардың барлық шағын 
топтары бойынша бағандардың жиынтық сомасы айқындалады.
     *Егер Е бағанының (үй-жайлар, ғимараттар және құрылыстардан басқа) 
қандай-да бір шегінің теріс мәні бар болса, онда осы сома декларацияның 13 
жолына енгізіледі.
     
     
     ІІ-бөлім. IХ-тобы, 9-шағын топ - материалдық емес активтер
---------------------------------------------------------------------- -- 
Рет  Материал.  Материалдық емес  Салық   Келіп   Шыққан  Салық  Салық
 N   дық емес   активтер бойынша  жылы.   түскен  мате.   жылы.  жылы үшін
     активтер.  амортизациялық    ның ба. мате.   риал.   ның    амортиза.
     дің атауы  аударымдардың     сында.  риал.   дық     соңы.  циялық
                нормасы           ғы ша.  дық     емес    на ша. аударым. 
                ________________  ғын     емес    актив.  ғын    дар ЕхБ
                Шекті Қолданыла.  топтың  актив.  тердің  топтың 
                      тын         құндық  тердің  құны    құндық
                                  балансы құны            балансы
                                                          В+Г-Д
---------------------------------------------------------------------- -- 
       А         Б1        Б          В      Г       Д      Е       Ж     
---------------------------------------------------------------------- --  
---------------------------------------------------------------------- -- 
---------------------------------------------------------------------- -- 
---------------------------------------------------------------------- -- 
 1.
---------------------------------------------------------------------- --  
 2.
---------------------------------------------------------------------- --  
Барлығы
---------------------------------------------------------------------- --  
---------------------------------------------------------------------- -- 
---------------------------------------------------------------------- --  
    
     
     Таблицаның жалғасы
----------------------------------------------------
Қалдық құны -      Шағын топтың        Түзетулерді     
шегерімге жататын  барлық кесімді      ескеріп салық   
алғашқы құннан     активтері кезінде   жылының соңына
5% кем емес        шегерімге жататын   шағын топтың
                   шағын топтың құн.   құндық балансы
                   дық балансы         Е-Ж-З-И     
-----------------------------------------------------     
     З                  И                     К
-----------------------------------------------------          
    
     100 нысанға берілген 10 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
     
                                                          100 нысан
                                                          10 қосымша
     Салық төлеушінің атауы
     СТН
     
           Пайдалануға енгізген жаңа қосымша құралдардың құны
----------------------------------------------------------------------     
 N !Топ!Қо.!20-4-баптың 3-тармағына  !Пайдалануға!Пайдалануға !Жаңа негізгі
р/н! N !сым!сәйкес есептелетін қос.  !енгізілген !енгізілген  !құралдардың
   !   !ша !ымша амортизациялық ау.  !күні (айы, !жаңа негізгі!шыққан күні
   !   !топ!дарымдар бойынша жаңа    !жылы)      !құралдардың !
   !   ! N !негізгі құралдардың атауы!           !құны        !
----------------------------------------------------------------------     
               А                        Б          В           Г         
----------------------------------------------------------------------     
 1     
 2
 3
 4
 5
 6
 7     
----------------------------------------------------------------------    
                  Барлығы
----------------------------------------------------------------------     
В бағаны бойындағы сомалар қосымша топ бойынша 9 қосымшаның І бөліміндегі 
Г1 бағанына тиісті қосымша топтар бойынша көшірілсін
----------------------------------------------------------------------     
    
    100 нысанға берілген 11 қосымшадағы "Ж бағанындағы "Қорытынды" жолы 
бойындағы сома декларацияның 24ж жолына көшірілсін" деген сөздер алынып 
тасталсын.
     
     100 нысанға берілген 13 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
     
                                                          100 нысан
                                                          13 қосымша
     Салық төлеушінің атауы
     СТН
     
        Қазақстандық көздерден алынып, Қазақстан Республикасының
                 резидент еместеріне төленетін кірістер
----------------------------------------------------------------------     
 N !Рези.!Заңның   !Кіріске қазақ.!Кіріс төлемі!Ұстал.!Кірісті!Шегерімге
р/н!дент !33 бабына!стандық көздер!көздеріндегі!ған   !төлеу  !жатқызыл.
   !емес.!сәйкес   !ден есептелген!салық ставка!салық !күні   !ған күні
   !тің  !кірістің !сома          !сы          !сомасы!       !
   !атауы!түрі     !              !            !      !       !
----------------------------------------------------------------------     
      А        Б          В             Г         Д      Е       Ж
----------------------------------------------------------------------     
 1     
 2
 3
 4
 5
 6
 7     
----------------------------------------------------------------------    
  Қорытынды
----------------------------------------------------------------------     
     
     100 нысандағы 14-1 қосымшасында:
     
     
     1 бөлiмде. Салықты есептеу және жүргiзiлген төлемдер бойынша есеп 
айырысу":
     2а жолындағы "жалпы" деген сөз алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 
4-а жолымен толықтырылсын:
     "4а Негізгi құралдарды бағалау сомаларынан түсетiн салық сомасы (Осы 
Нұсқаулыққа берiлген 5в қосымшасының 7 жолынан)";
     5 жолдағы "(2 жол + 4 жол)" сөздерi мынадай "(2 жол + 4 жол + 4а 
жолы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
     мынадай мазмұндағы 6г жолымен толықтырылсын:
     "6г - сыйақы (мүдде) бойынша төлем көзiнен ұсталған салық";
     9а, 9б және 9в жолдары мынадай редакцияларда жазылсын:
     "9а - мерзiмi өтiп кеткен салық төлемдерi бойынша өсiмақылар. Заңның 
164-бабы.
     9б - декларацияны уақытында ұсынбағаны үшiн айыппұл. Заңның 
163-2-бабы.
     9в - салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша төленбеген немесе толық 
төленбеген салық үшiн, сондай-ақ салық кезеңiнде салық сомаларының көлемiн 
азайтқаны үшiн айыппұл. Заңның 163-4-бабы";
     "III бөлiм. Басқа да ақпарат:
     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қызметтiң негiзгi түрiн көрсетiңiздер:
----------------------------------------------------------------------     
 А     Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы
 B     Балық аулаушылық, балық өсiрушілiк
 С     Тау-кен өндiру өнеркәсiбi
 D     Өңдеу өнеркәсiбi
 E     Электроэнергияны, газды және суды өндiру және бөлу
 F     Құрылыс
 G     Сауда; автомобильдердi, тұрмыс бұйымдарын және жеке пайдаланудағы
       заттарды жөндеу
 H     Қонақ үйлер және мейрамханалар
 I     Қаржылық қызмет
 J     Көлiк және байланыс
 K     Жылжымайтын мүлiкпен операциялар жасау, жалға беру және             
       тұтынушыларға қызмет көрсетулер
 L     Мемлекеттiк басқарма
 M     Бiлiм беру
 N     Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қызмет көрсетулер
 O     Коммуналды, әлеуметтiк және жеке қызмет көрсетулер
 Р     Үй шаруашылығын жүргізу жөнiндегі қызмет көрсетулер
 Q     Бұрынғы аумақтық ұйымдардың қызметi
----------------------------------------------------------------------     
     
     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Статистикалық аумақтық органдардың
     деректерi бойынша (кәсiпорындар мен
     ұйымдардың жалпы жiктеушiсi) КҰЖЖ
     кодын көрсетіңiз __________________________
     
     мынадай мазмұндағы 2-1-тармағымен толықтырылсын:
     "2-1. Статистикалық аумақтық органдардың
     деректерi бойынша (экономикалық қызметтің
     жалпы жiктеушiсi) ЭҚЖЖ кодын
     көрсетіңiз ________________________________
     
     Заңды тұлғаның жылдық жиынтық кiрiсi және жүргiзiлген шегерiмдерi 
туралы Декларацияны толтыру жөнiндегi Нұсқауда:
     "49-бап - декларацияны ұсыну мерзiмдерi" тарауы мынадай мазмұндағы 
екiншi абзацпен толықтырылсын:


      "Заңмен белгіленген мерзiмнiң соңғы күнiнде сағат жиырма төртке дейiн поштаға, телеграфқа немесе басқа да байланыс мекемесiне тапсырылған салық декларациялары, мерзiмiнде берiлген деп есептеледi.";
      "Декларация беру орыны" тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Декларация салық төлеушi - заңды тұлғаның салықтық тiркелген орны бойынша салық органына ұсынылады. Салық төлеушiлер салық декларацияларын аумақтық салық органдарына: келу тәртiбiмен; тапсырыс хатымен хабарлай отырып пошта бойынша; белгiленген нысандарға сәйкес және белгiленген мерзiмдерден кешiктiрмей басшының және (немесе) заңды тұлғаның бас бухгалтерiнің электронды қолымен куәландырылған ақпараттардың компьютерлiк өңделуiне рұқсат етілетiн электронды түрде.";

      "143, 148-баптар - есептiк құжаттамаларды жасау және сақтау" тарауында:
      бiрiншi абзацтағы:
      "ұзақ мерзiмдi активтердi" деген сөз, "тiркелген активтердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Негiзгi қаражаттар бойынша лизингке алынған лизинг бойынша мәмiленi растайтын құжаттамалар, лизинг шартының әрекетi мерзiмi iшiнде сақталуы тиiс.";
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Есепке алу құжаттамалары электронды немесе магниттi иегерде сақталатын салық төлеушiлер салық қызметi органдарының талабы бойынша құжаттардың көшiрмелерiн барлық деректемелерi көрсетiлген қағаз тасығыштармен ұсынады.";
      "51-бап - табыс салығы бойынша аванстық төлемдер" бөлiмiндегi екiншi-төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
      "160-163-баптар - өсiм ақылар мен айыппұлдар" тарауында:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "163-164-баптар - өсiмақылар мен айыппұлдар";
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      Салық төлеушi Заңның 139-бабында белгiленген аумақтық салық органында есепке қою туралы өтiнiш беру мерзiмiн бұзса он айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл салуға әкеледi.
      үшiншi-бесiншi абзацтар алынып тасталсын:
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Салық төлеушi Заңның 139-2-бабында белгiленген кәсiпкерлiк қызметiнiң жекелеген түрлерiн аумақтық салық органдарында тiркеусiз жүзеге асыруы, осындай қызметтi жүзеге асырудың басы жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл салуға әкеледi.
      Салық төлеушi салық декларацияларын аумақтық салық органдарында есепке қою орны бойынша 180 күннен артық емес заңдармен белгiленген мерзiмде ұсынбауы төленбеген, бiрақ, осы декларация негiзiнде төленуге тиiстi салық сомасынан он процент көлемiнде айыппұл салуға әкеледi.
      Салық төлеушi салық декларациясын аумақтық салық органына заңдармен белгiленген мерзiмнің аяқталуы бойынша 180 күн iшiнде ұсынбаса, декларация беру төленбеген, бiрақ, осы декларация негiзiнде төленуге тиiстi салық сомасынан елу процент көлемiнде айыппұл салуға әкеледi.
      Салық төлеушi кiрiстер мен шығыстарды және салық салу объектілерiн есепке алу ережелерiн бұзса, егер бұл әрекеттер бiр есептiк салық кезеңi iшiнде жасалса, он айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл салуға әкеледi. Егер осы әрекеттер бiр есептiк салық кезеңiнен астам уақыт iшiнде жасалса немесе кiрiстi төмендетуге әкелсе, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл салуға әкеледi. Кiрiстер мен шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке алу объектілерiн бұзу деп осы баптың мақсаттары үшiн алғашқы құжаттардың, бухгалтерлiк есеп тiркеулерінің болмауы, активтердiң бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру шоттарында және салық төлеушiлердің мiндеттемелерiнде әрдайым өз уақытында немесе дұрыс көрсетiлмеуi ұғынылады.
      Салық салу базасының төмендеуi немесе салық кезеңiнің қортындысы бойынша салықты дұрыс есептемеу нәтижесiнде салық сомасын төлемеу немесе толық төлемеу салықтың төленбеген сомасынан 50 процент көлемiнде айыппұл салуға әкеледi.".
      "Жиынтық жылдық кiрiс" тарауында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Салық төлеушi - шетелдiк заңды тұлғаның (резидент еместің) жылдық жиынтық кiрiсi қазақстандық көздерден алынған кiрiстерден тұрады:
      1) осындай кiрiстiң төленетiн орнына қарамастан, Қазақстан Республикасында тауарларды өндiруден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетулерден түскен кiрiстер;
      2) кәсiпкерлiк қызметтен түскен кiрiстер:
      Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан тұрақты мекемеден алатын кiрiс;
      егер, тауар мәмiлелер ресiмдеу немесе келiсiм-шарттар жасасу сәтiнде Қазақстан Республикасының аумағында болса, тауарларды Қазақстан Республикасында сатудан пайда болатын кiрiс;
      Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызмет сияқты немесе соған ұқсас сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтен пайда болатын кiрiс;
      егер кiрiс Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан тұрақты мекемеге шегерiлетiн сияқты есептелсе, басқарушылық, қаржылық және сақтандыру қызметiнен алынатын кiрiс;
      барлық жұмыстардың (қызмет көрсетулердiң) түрлерiнен, сондай-ақ жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге жасалған шарттар бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн айып санкцияларынан және егер ол Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан тұрақты мекемеге және (немесе) Қазақстан Республикасының резидентiне шегерiлетiн сияқты есептелсе, тауарларды жеткiзуге жасалған сыртқы сауда шарттары бойынша алынатын кiрiс;
      3) резидент - заңды тұлғалардан түсетiн және инфляцияны есепке алып ашық акционерлiк қоғамдардың бағалы қағаздарын сату кезiнде құнының өсуiнен түсетiн кiрiстерден басқа, осындай заңды тұлғаның қатысу үлесiн сатудан түскен дивидендтер нысанындағы кiрiстер;
      4) резиденттерден болмаса, егер осы тұлғаның берешегi оның тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, тұрақты мекемесi немесе Қазақстан Республикасы аумағында мүлкi бар тұлғадан алынатын сыйақы (мүддесi) нысанындағы кiрiс;
      5) Қазақстан Республикасындағы құқықтарын немесе мүлiктерiн сату, пайдалану немесе пайдалану құқығын беру кезiнде пайда болатын роялти нысанындағы кiрiс;
      6) осындай мүлiктерге қатысу үлесiн сатудан түсетiн кiрiстердi қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлiктен алынатын кiрiс;
      7) Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлiктердi резиденттерге сатудан түскен басқа да кiрiстер;
      8) сақтандыру немесе Қазақстан Республикасындағы қауып-қатерлердi қайта сақтандыру келiсiм-шарттары бойынша төленетiн сақтандыру төлемдерi нысанындағы кiрiс;
      9) халықаралық байланыстарда телекоммуникациялық немесе көлiктiк қызмет көрсетулерден немесе Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттер арасындағы тасымалдаулардан түскен кiрiс;
      10) Қазақстан Республикасындағы қызмет негiзiнде пайда болатын, алдыңғы тармақшалармен қамтылмаған басқа да кiрiстер";
      5-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын кiрiстердi қоса алғанда, мыналарды қосатын кiрiстердiң барлық түрлерi заңды тұлғаның жылдық жиынтық кiрiсiне жатады:";
      2) тармақшадағы "олардың инфляцияға қойылатын құнын түзетудi есепке алып" деген сөз алынып тасталсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) Заңның 20-6-бабы 1-тармағына және 47-бабына сәйкес кiрiске қосылатын сомалар;";
      мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "16) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын объектiлердi пайдалану кезiнде алынатын шығыстардан кiрiстердiң артуы.";
      "2 жол. Тұрғын үйлердi, ғимараттарды, сондай-ақ олардың инфляцияға қойылатын құнын түзетудi есепке алып амортизациялауға жатпайтын активтердi сату кезiнде құнның өсуiнен түскен кiрiстер" тарауының атауындағы "олардың инфляцияға қойылатын құнын түзетудi есепке алып" деген сөздер алынып тасталсын;
      "1 қосымша. Тұрғын үйлердi, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтердi сату кезiнде құнның өсуiнен түскен кiрiс" тарауында:
      атауындағы "олардың инфляцияға қойылатын құнын түзетудi есепке алып" деген сөздер алынып тасталсын;
      мәтiндегi "амортизацияланбайтын негiзгi құралдарды", "амортизацияланбайтын негiзгi құралдар" деген сөздер "амортизациялауға жатпайтын активтердi", "амортизациялауға жатпайтын активтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "3 жол. Сыйақы (мүдде) нысанындағы кiрiс" тарауында:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы қосымшада салық төлеушiлердің Қазақстан Республикасында сияқты Қазақстан Республикасынан тыс та алған сыйақылары (мүддесi) көрсетiледi. Резидент - банктер мен жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiннен басқа Заңның 32 бабына сәйкес заңды тұлғаларға төленетiн сыйақы (мүдде) төлем көзiнен тиесiлi соманың 15 проценттiк ставкасы бойынша алынады. Ұсталған салық сомасы төлем көзiнен салық ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде, салық төлеушiге салық жылы үшiн есептелген табыс салығы есебiне жатады. Салық төлеушi сыйақыны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алатын кезде бөлек қосымша толтырады. Бұл ретте, Б бағаны бойынша сыйақы (мүдде) алынған ел көрсетiледi. Қазақстан Республикасынан тыс төленген есептелетiн сомалардың көлемi Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ставка бойынша осы кiрiске Қазақстан Республикасында есептелетiн сомадан аспауы керек."
      бесiншi-сегiзiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Г бағанында "Сома" ұсталған салық сомасын қоса алғанда, есептелген сыйақы (мүдде) сомасы көрсетiледi. Г бағаны бойындағы жол сомасы Декларацияның 3 жолына ауыстырылады.
      Д бағанында "Ұсталған салық" осы салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде салық төлеушiге төленуге (төленген) тиiстi сыйақы (мүдде) сомасынан ұсталған сома көрсетiледi.
      Бұл ретте, Д бағанының 11 жолы бойында көрсетiлген, Қазақстан Республикасында есептелген сыйақыдан (мүддеден) ұсталған салық сомасы 14-1 қосымшасының 1 тарауы 6в жолына ауыстырылады.
      Жол жетiспеген кезде қосымша ұқсас ведомость жасалады.";

      "3-1 жол. Күмәндi мiндеттемелер бойынша кiрiстер" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша, сондай-ақ еңбек ақы бойынша пайда болған және пайда болған сәттен бастап екi жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады және салық төлеушiнің жылдық жиынтық кiрiсiне қосуға жатады.
      Бұл ретте, салық төлеуші тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша пайда болған күмәндi мiндеттемелер бойынша, сондай-ақ мiндеттеме сомалары, несиегердiң атауы, мiндеттеменiң құрылған жылы және айы көрсетiлген еңбек ақы төлемдерi бойынша пайда болған мiндеттемелер бойынша өз бетiмен бөлек қосымша құрайды.";

      "3 қосымша. Дивидендтер" бөлiмiнде:
      бiрiншi абзацтағы:
      "5.4-бап" деген сөз "5.10-бапта "деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл ретте, Б бағаны бойынша дивиденд алынған ел көрсетiледi, Г бағаны бойынша ұсталған салық сомасын қоса алғанда, дивидендтердiң есептелген сомасы көрсетiледi.";
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, Қазақстан Республикасынан тыс төленген есептелетiн сомалардың көлемi Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ставка бойынша осы кiрiске Қазақстан Республикасында есептелетiн сомадан аспауы керек.";

      "11 жол. Банктiк және сақтандыру ұйымдарының резервтiк қорлары көлемiн төмендетуден түскен кiрiстер" бөлiмi мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Банктердiң кiрiсiне есептiк салық жылындағы күмәндi және үмiтсiз несиелер бойынша салық салу мақсатында құрылған провизия сомасы мен декларацияның 8а және 8б қосымшаларындағы деректерге сәйкес алдыңғы салық жылында шегерiмге жатқызылған провизия сомасы арасындағы терiс айырмашылық сияқты есептелген провизияның төмендетiлген сомасы қосылады.";

      "13 жол. 20-баптың 7-тармағына және 42-баптың 3-тармағына сәйкес кiрiс" тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "13 жол. 20-6-баптың және 47-баптың 1-тармағына сәйкес кiрiс
      Егер I және II топтағы активтерден басқа, шыққан тiркелген активтердiң құны салық жылының соңында қосымша топ құн балансынан асып кетсе, асып кеткен мөлшерi салық төлеушiнің жылдық жиынтық кiрiсiне қосылуға жатады және Декларацияның 13 жолы бойында көрсетiледi.
      Бұл ретте, осы қосымша топтың құн балансы салық жылының соңында нөлге тең болады. Декларацияның 13 жолын толтыру кезiнде 9 қосымшаның Е бағанындағы деректер пайдаланылады.
      Осы жол бойында, активтердi қайтарымсыз негiзде беру және (немесе) төмендетiлген құн бойынша сату кезiнде салық төлеушi алған терiс айырмашылық көрсетiледi. Бұл ретте, салық салу мақсатында айқындалған аталған активтердің төмендетiлген құны және қайтарымсыз берiлген активтердің өз құны бойынша активтердi сатудан түскен кiрiс арасында пайда болған айырмашылық терiс айырмашылық болып табылады.
      Бұл ретте, активтердің құны тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы бойынша бөлiнбестен есеп беру кезеңiне бiртұтас айқындалады.
      Активтердi экспорттық операциялар жөнiндегi төмендетiлген құн бойынша сату кезiнде сату бағасы мен салық салу мақсатында айқындалатын сатылған активтердің өз құны арасындағы айырмашылық сатушы тұлғаның кiрiсi болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 14-3 бөлiммен толықтырылсын:
      "14-3 жол. Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын объектiлердi пайдалану кезiнде алынған шығыстардың кiрiсiн арттыру.
      Осы жол бойында кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын, әлеуметтiк сала объектілерiн пайдалану кезiнде алынған шығыстар кiрiсiнiң артуы көрсетiледi";

      "15 жол. Басқа да кiрiстер" бөлiмiнде:
      бiрiншi абзацтағы "1-14" саны "1-14-3" сандарымен ауыстырылсын;
      екiншi-үшiншi абзацтар алынып тасталсын;
      төртiншi абзацтағы "20.10-бапта" деген сөзi "2000 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi қолданылған салық заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Салық төлеушi 15 жол бойына оларды пайдаланылған сәттен бастап үш жыл аяқталғанға дейiн есептiк салық жылында шығарылған жаңа негiзгi қаражаттар бойынша 20-4-баптың 3-тармағына сәйкес бұрын шегерiмге жатқызылған қосымша амортизациялау сомасы көрсетiледi.";
      "17 жол. 13-бапқа сәйкес жиынтық жылдық кiрiстi түзету" бөлiмiндегi соңғы абзац алынып тасталсын;

      "6 қосымша. Сатылған өнiмдер (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шығындар" бөлiмiнде:
      он жетiншi абзацтағы "топтың құн балансынан 10 процентке шектелген" деген сөздер "қосымша топтың құн балансынан 15 процентке шектелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он бiрiншi абзац алынып тасталсын;
      100 нысанға берiлген 6 қосымшаның осы бөлiмiнде келтiрiлген 6-дан бастап, 11 аралығындағы жолдардың нөмiрлерi соған сәйкес 5-10 деп есептелсiн;

      "20 жол. Алынған несиелер үшiн сыйақы (мүдде)" және "7 қосымша. Алынған несиелер үшiн сыйақы (мүдде)" бөлiмдерi атауларындағы "несиелер" деген сөз кейiн "(займдар)" деген сөзбен толықтырылсын;

      "21 жол. Күмәндi талаптар" бөлiмi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, өткен салық кезеңiндегi шегерiмге есептiк салық жылындағы күмәндi және үмiтсiз несиелер бойынша салық салу мақсатында құрылған провизия сомасы мен декларацияның 8а және 8б қосымшаларында айқындалған алдыңғы салық жылында шегерiмге жатқызылған провизия сомасы арасындағы оң айырмашылық сияқты есептелген провизия сомасы жатады.";

      "24 жол. Амортизациялық аударымдар және негiзгi құралдар бойынша шегерiмдер" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
      "24 жол. Амортизациялық аударымдар және тiркелген активтер бойынша шегерiмдер.
      24а)-е) жолдары 9 қосымша негiзiнде толтырылады. Осы қосымша басқару

және өткiзу саласындағы өнiмдердi (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндiруде 
тiкелей пайдаланылатын тiркелген активтер бойынша шегерiмге жатқызылған 
амортизациялық аударымдарды есептеуге арналған.
     24а жолында 9 қосымшаның I бөлiмiнің Ж бағанындағы "Барлығы" жолы 
бойындағы сома көрсетiледi.
     24б жолында 9 қосымшаның I бөлiмiнің Ж1 бағанындағы "Барлығы" жолы 
бойындағы сома көрсетiледi.
     24в жолында 9 қосымшаның I бөлiмiнiң З бағанындағы "Барлығы" жолы 
бойындағы сома көрсетiледi.
     24г жолында 9 қосымшаның I бөлiмiнiң М бағанындағы "Барлығы" жолы 
бойындағы сома көрсетiледi.
     24д жолында 9 қосымшаның I бөлiмiнiң Л бағанындағы "Барлығы" жолы 
бойындағы сома көрсетiледi.
     24е жолында 9 қосымшаның II бөлiмiнің Ж бағанындағы "Барлығы" жолы 
бойындағы сома көрсетiледi";


      "9 қосымша. Амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығындар және негiзгi құралдар бойынша басқа да шегерiмдер бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
      "9 қосымша. Амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығындар және тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер.
      Салық төлеушiлердiң бухгалтерлiк балансында есептелетiн және кәсіпкерлiк қызметiнде пайдаланылатын негiзгi қаражаттар және материалдық емес активтер тiркелген активтер болып табылады.
      Амортизациялық аударымдардың сомалары есеп беру кезеңi соңындағы қосымша топтың құн балансын және салық заңдарымен белгiленген нормаларды ескере отырып есептелген, тiркелген активтер бойынша шегерiлуге жатады. Тұрғын үйлер, ғимараттар және құрылыстар (бұдан әрi - құрылыстар) бойынша амортизация әрбiр құрылысқа бөлек есептеледi.
      Салық төлеушi амортизациялық аударымдарын әрбiр тiркелген активтерi бойынша бөлек есептеуге құқылы. Бұл ретте, қосымша топтың құн балансы салық төлеушiнің әрбiр тiркелген актив бойынша бөлек жүргiзiлетiн есеп деректерi негiзiнде айқындалады.
      Құны бұрын 2000 жылдың 1 қаңтарына дейiн қолданылған салық заңдарына сәйкес шегерiмге жатқызылған технологиялық жабдықтар және (немесе) жеке құрылыс объектiлерi салықтық мақсаттарда амортизациялық аударымға есептеу үшiн ескерiлмейдi.

      Негiзгi құралдар - I бөлiмiнде:
      "Топ N" бағанында 20-4-баптың 1-тармағына сәйкес салық салу мақсатында амортизациялық аударымды есептеу үшiн қосымша топтың нөмiрi көрсетiледi.
      "Қосымша топ N" бағанында 20-4-баптың 1-тармағына сәйкес салық төлеушiлердiң амортизациялық аударымдарын есептеу жүргiзiлетiн негiзгi құралдардың негiзгi тобы қосымша тобының амортизациялық нөмiрi көрсетiледi.
      А бағанында әрбiр қосымша топ бойынша амортизацияның шектi нормасы 20-4 баптың 1 тармағына сәйкес процентпен көрсетiледi.
      А1 бағанында әрбiр қосымша топ бойынша салық төлеушінің қолдануындағы амортизациялық нормалар процентпен бiрақ, А бағанында көрсетiлген шектен аспай көрсетiледi.
      А2 бағанында әрбiр қосымша топ бойынша жаңа негiзгi қаражаттар жөнiндегi қосымша амортизациялық нормалар 20-4 баптың 1 тармағына сәйкес көрсетiледi.
      Әрбiр салықтық қосымша топ жөнiндегi Б бағанында заңдармен белгiленген шегерiлiмге жатқызылу шегiнен астам және Заңның 20-6-бабына сәйкес түзетiлген, өткен жылы жүргiзiлген жөндеуге шыққан шығындар сомасына көбейтiлген, өткен салық жылында салық салу мақсатында есептелген, өткен салық жылының соңында қосымша топтың құн балансының амортизациялық аударымдарының сомасына азайтылған сияқты айқындалатын қосымша топтың құн балансының жыл басындағы көлемi көрсетiледi. Б бағанының тиiстi жолдарына өткен салық жылындағы 9 қосымшаның "Қосымша топтың салық жылы соңындағы түзетудi есепке алған құн балансы" бағанындағы тиiстi мәндер көшiрiледi.
      В бағанында салық төлеушiнің салық жылының басында уәкiлеттi орган белгiлеген негiзгi құралдардың құнын арттыру индексiн қолданып 20-8-баптың 2-тармағына сәйкес дербес есептеген негiзгi құралдарды қайта бағалау сомасы көрсетiледi.
      В1 бағанында салық төлеушiнің көрсетiлген негiзгi құралдарды 20-8-баптың 3-тармағына сәйкес негiзгi құралдардың құнын арттыру индексiн қолданып есептеген қайта бағалау сомасынан артық бағалауды дербес жүргiзу нәтижесiнде алынған негiзгi құралдарды бағалау сомасы көрсетiледi.
      Г бағанында қосымша топтар бөлiгiнде салық жылы iшiнде сатып алынған, тегiн алынған, сондай-ақ жарғылық қорға салым ретiнде түскен негiзгi-құралдардың құны көрсетiледi. Осы баған бойынша салық жылында топтың I және II құн балансына енгiзiлген аяқталған құрылыс объектiсiнің құны көрсетiледi.
      Г1 бағанында 20-4-баптың 3-тармағына сәйкес қосымша амортизациялық аударымдар есептелген жаңа негiзгi құралдардың есеп беру кезеңiнде пайдалануға енгiзiлген құны көрсетiледi.
      Д бағанында салық жылында негiзгi құралдарды сатудан алынған және/немесе алынуға тиiстi сома және жарғылық қорға салым ретiнде берiлген сатылған негiзгi құралдардың құны көрсетiледi. Бұл жолда сондай-ақ салық есебiне алу жөнiнде айқындалған негiзгi құралдардың тегiн берiлген, басқа да себептерi бойынша iстен шыққан қалдық құны көрсетiледi.
      Е бағанында 20-6 және 21-баптардың ережелерiне сәйкес түзету жүргiзiлмеген салық жылының соңындағы қосымша топтардың құн балансының көлемi айқындалады. Бұл ретте, салық жылының басындағы қосымша топтардың құн балансының мөлшерi салық жылы басындағы қайта бағалау мөлшерiнің, сондай-ақ негiзгi құралдардың қосымша топтан (Бтобы + Втобы + В1тобы + Гтобы - Дтобы) шығарылған сомасы шегерілген негiзгi құралдардың түскен құнының мөлшерiне негiзгi құралдарды бағалау сомасы жыл басындағы қосымша топтың құн балансының сомасы сияқты айқындалады.
      Ж бағанында салық заңдарына сәйкес есептi салық жылындағы амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетiледi (ЕхтобыА1тобы).
      Ж1 бағанында Нұсқаулықтың N 2 қосымшасы III-бөлiмiнiң 19-тармағымен белгiленген тәртiпте айқындалатын бағалау сомасының амортизациялық аударымдар сомасы көрсетіледi (В1х тобыА1тобы).
      З бағанында бiрiншi салық жылында пайдалануға енгiзiлген жаңа машиналар және жабдықтар бойынша амортизациялық аударымдардың қосымша есептелген сомасы көрсетіледi. Бұл ретте, 20-4-баптың 3-тармағына сәйкес оларды пайдаланудың үш жылдық кезеңi аяқталғанға дейiн сатқан жағдайда, қосымша нормалар бойынша есептелген амортизациялық аударым сомасы есеп беру кезеңiнде шегерiмнен алынып тастауға жатады (Г1 х А1 ).
      Негiзгi құрал-жабдықтардың әрбiр қосымша тобы бойынша негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеуге (күрделi, орташа, ағымдағы, келесi күрделi жөндеуге енгiзу) шыққан нақты шығыстар сомасы 21-бапқа сәйкес салық жылының аяғындағы құн балансынан 15 процент шегiндегi шегерiмдерге жатады. Бұл ретте, шегерiлiм осы қосымша топқа кiретiн негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеуге шығыстар бойынша әрбiр қосымша топтарға қатысты жiберiледi. Ағымдағы жалға алынған негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеуге жалгер шығарған шығыстар сомасы ағымдағы жалға берiлген негiзгi құрал-жабдықтар жал берушінің қосымша топтарының құн балансына қосылғанмен шегерiмге жатпайды. Жалгердің жалдаған негiзгi құрал-жабдықтарын жөндеуге жұмсаған шығынын жал берушi өтеген жағдайда, осы шығыстар жалға берушiден белгiленген тәртiпте шегерiмге жатқызылады.
      Жоғарыда аталған шектен асатын негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеуге салық төлеушi жұмсалған нақты шығыстар сомасы негiзгi құрал-жабдықтардың қосымша топтарының құн балансын арттырады.
      Кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн қосымша топтардың пайдаланылатын негiзгi құралдарын жөндеуге салық төлеуші жұмсаған барлық нақты шығыстар сомасы И және К бағандарында" көрсетiледi.
      Л бағанында оның бастапқы және шегерiлiмге жататын құнының кем дегенде 5 %-тiн құрайтын салық жылының соңындағы негiзгi құралдардың қалдық құны көрсетiледi.
      М бағанында, егер салық жылының соңында осы қосымша топтардың барлық тiркелген активтерi өткiзiлсе немесе таратылса, М бағанында көрсетiлген сомаға тең салық жылының соңындағы қосымша топтың құн балансы көрсетiледi.
      Материалдық емес активтер IХ топ, 9 қосымша топ II бөлiмiнде:
      А бағанында кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын материалдық емес активтердiң атауы көрсетiледi.
      Б бағанында 20-4-бапқа сәйкес амортизацияның шектi нормасы процентпен көрсетiледi.
      Б1 бағанында салық төлеушiнiң қолдануындағы амортизациялық нормалар материалдық емес активтер бойынша, бiрақ Б бағанында көрсетiлген шектен аспайтын процентпен көрсетiледi.
      В бағанында алдыңғы салық жылында есептелген және Заңның 20-6-бабына сәйкес түзетiлген амортизациялық аударым сомасына азайтылған алдыңғы салық жылының соңындағы қосымша топ балансының құны сияқты айқындалатын жыл басындағы материалдық емес активтердiң қосымша топтың баланс құнының мөлшерi көрсетiледi.
      Г бағанында салық жылы iшiнде сатып алынған, қайтарымсыз берiлген, сондай-ақ жарғылық қорға салым ретiнде берiлген материалдық емес активтердің құны көрсетiледi.
      Д бағанында салық жылы iшiнде материалдық емес активтердi сатудан (шығарудан) алынған және/немесе алынуға тиiс сома және жарғылық қорға материалдық емес салым ретiнде берiлген материалдық емес активтердің сату құны көрсетiледi. Осы жолда сондай-ақ салық есебi бойынша айқындалған қайтарымсыз берiлген, басқа да себептер бойынша шығып қалған материалдық емес активтердiң қалдық құны көрсетiледi.
      Е бағанында 20-6-баптың ережелерiне сәйкес салық жылының соңында түзету жүргiзiлмеген материалдық емес активтердің қосымша топ балансы құнының мөлшерi айқындалады. Бұл ретте, салық жылы соңындағы материалдық емес активтердiң қосымша топ балансының құны қосымша топ материалдық емес активтерiнің шығу құны шегерілген түскен материалдық емес активтер құнының мөлшеріне салық жылының басындағы қосымша топ баланс құнының мөлшерi сомасы сияқты айқындалады (В тобы +Г тобы - Д тобы).
      Ж бағанында салық заңдарына сәйкес есептiк салық жылындағы амортизациялық аударым сомасы айқындалады (ЕхтобыБ1тобы).
      З бағанында оның бастапқы және шегерiлiмге жататын құнының кем дегенде 5 %-тiн құрайтын салық жылының соңындағы материалдық емес активтердің қалдық құны көрсетiледi.
      И бағанында егер, салық жылының соңында қосымша топтардың барлық материалдық емес активтерi өткiзiлсе немесе таратылса, Е бағанында көрсетiлген сомаға тең салық жылының соңындағы қосымша топтың баланс құны көрсетiледi.";
      10 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10 қосымша. Пайдалануға енгiзiлген жаңа негiзгi құралдардың құны
      А бағанында 20-4-баптың 3-тармағына сәйкес қосымша амортизациялық аударымдар есептелетiн пайдалануға енгiзiлген жаңа негiзгi құралдардың атауы көрсетiледi.
      Б бағанында жаңа негiзгi құралдардың пайдалануға енгiзiлген айы және жылы көрсетiледi.
      В бағанында енгiзiлген жаңа негiзгi құралдардың құны (қосымша топтар бойынша берiлген бағанның сомалары тиiстi қосымша топ бойынша 9 қосымшаның I бөлiмi Г1 тобына көшiріледi) көрсетіледi.
      Г бағанында 20-4-баптың 3-тармағына сәйкес қосымша амортизациялау есептелген негiзгi құралдардың шығарылған күнi көрсетiледi.
      Ескерту. Пайдалануға енгiзiлген жаңа машиналар мен жабдықтар бойынша артылған нормалар жөнiнде амортизациялық, аударымдарды қосымша есептеу кезінде, соңғы жылдардағы декларацияның қосымшасына салық төлеушi жаңа негiзгi құралдарды салық төлеушi кәсiпкерлiк қызметте үш жылдан кем емес пайдаланып отырғанын растауға мiндеттi.

      "26-1 жол. Әлеуметтiк төлемдерге шығыстар" бөлiмiнің атауындағы "26-1 жол" деген сөз "27 жол" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "27 жол. Геологиялық оқытуға және табиғи ресурстарды өндiруге дайындық жұмыстарына шығатын шығыстар" бөлiмiнде: атауында "27 жол" деген сөз "28 жол" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бөлiм мәтiнiндегi "2 топтың негiзгi құралдары (25 %)" деген сөздер "25 процент мөлшерiнде" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "28 жол. Материалды емес активтердiң амортизациялық аударымдары" бөлiм алынып тасталсын;
      "13 қосымша. Материалды емес активтердің амортизациялық аударымдары" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
      "13 қосымша. Қазақстан Республикасының резидент еместерiне төленетiн қазақстандық көзден алынатын кiрiстер.
      А бағанында салық төлеушiлерден қазақстандық көзден кiрiс түсiретiн Қазақстан Республикасының резидент емесiнің атауы көрсетiледi.
      Б бағанында 33-бапқа сәйкес қазақстандық көзден алынатын кiрiс түрi көрсетiледi.
      В бағанында салық төлеушiнің Қазақстан Республикасының резидент емесiнің қазақстандық көздерден алатын кiрiсiне аударған сомасы көрсетiледi.
      Г бағанында 33-бапқа сәйкес төлем көзiнен ұсталатын табыс салығының ставкасы көрсетiледi.
      Д бағанында төлем көзiнен ұсталатын табыс салығының сомасы көрсетiледi.
      Е бағанында кiрiстің қазақстандық көзден төленетiн күнi көрсетiледi.
      Ж бағанында есептелген, бiрақ қазақстандық көзден төленбеген шегерiмдерге жатқызу күнi көрсетiледi.";

      мынадай мазмұндағы 32-1 және 32-2 бөлiмдермен толықтырылсын:
      "32-1 жол. 20-8 баптың 4-тармағына сәйкес көшiруге жатпайтын залал.
      Осы жол бойынша заңды тұлғаның 20-8-баптың 2-тармағында көрсетiлген сомалардан артық негiзгі құралдарды қайта бағалау нәтижесiнде есептелген амортизациялық аударымдар шегерiмiне жатқызу нәтижесiнде салық жылы iшiнде алған залал сомасы көрсетiледi. Бұл ретте, егер декларацияның 32 жолы бойынша көрсетiлген сома 24б жолы бойында көрсетiлген сомадан артық болса, онда 32-1 жолы бойына 24б жолы бойындағы көрсетiлген сома көрсетiледi. Егер 24б жолы бойында көрсетiлген сома 32 жол бойындағы көрсетiлген сомадан артық немесе тең болған жағдайда, онда 32-1 жолы бойына 32 жол бойындағы көрсетiлген сома көрсетiледi.

      "32-2 жол. Көшiруге тиiстi залал.
      Осы жол бойынша көшiруге жатпайтын (32 жолдан алынған 32-1 жолы) залал сомасына кемiген есептi жыл қорытындысы бойынша алынған залал сомасы ретiнде айқындалған салық заңдарына сәйкес келесi салық кезеңiнде көшiруге жататын залал сомасы көрсетiледi.(ТМ);

      "33 жол. 27-бапқа сәйкес көшiрiлген кәсіпкерлiк қызметтен пайда болған залалдар" бөлiмi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жоғарыда аталған ереже 20-8-баптың 2-тармағында аталған сомадан артық негiзгi құралдарды қайта бағалау нәтижесiнде есептелген амортизациялық аударымдар шегерiмiне жатқызу нәтижесiнде есептiк салық жылы iшiнде алынған залалдарға қолданылмайды.";

      "34 жол. Заңның 34-бабына сәйкес салық салудан босатылған кiрiстер" бөлiмiнде:
      11) тармақшада:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      акцизделетiн тауарларды өндiру мен сатудан, сондай-ақ сауда-делдалдық қызметтен түскен кiрiстерден басқа, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерiнің қазақ республикалық ұйымы (кәсiпорынсыз);
      мынадай мазмұндағы үшiншi-жетiншi абзацтармен толықтырылсын:
      - Қазақстан Республикасының мүгедектерiнің ерiктi қоғамы, "Бибi-Ана" асырауында баласы бар мүгедек әйелдердің республикалық қоғамы, Қазақ құлағы естiмейтiндер қоғамы, Ақылой және физикалық дамуы бұзылған балалар және жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбек қатарына қосу орталығы, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест Қоғамы, Қазақстан Республикасының "Чернобыль" Одағы, сондай-ақ олардың өндiрiстiк ұйымдары (акцизделетiн тауарларды өндiру мен сатудан, сондай-ақ сауда-делдалдық қызметтен түскен кiрiстерден басқа), егер мұндай ұйымдар мынадай жағдайларға сәйкес келсе:
      - мүгедектер мұндай өндiрiстiк ұйымдардың жалпы жұмысшылары санының кем дегенде 51 процентiн құраса;
      - мүгедектер еңбегiн төлеу қоры жалпы еңбекақы қорының кем дегенде 51 процентiн құраса;
      - осы тармақшада аталған қоғамдар (Одақ, Орталық) меншiк болып табылса және толықтай солардың қаражаттары есебiнен құрылса;
      - алынған кiрiстер оларды құрған қоғамның (Одақтың, Орталықтың) жарғылық мақсатын iске асыруға бағытталса.";
      "14-1 қосымша. I-Бөлiм. Салық және жүргiзiлген төлемдердi есептеу бойынша есеп айырысу" бөлiмiнде:
      жиырма үшiншi абзацтағы "Заңның 160, 161, 162, 163, 164-баптарымен" деген сөздер "Заңның 163-163-7 және 164-баптарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "4-а жолы бойына 20-8-баптың 3-тармағына сәйкес есептелген негiзгi құралдарды бағалаудан түскен салық сомасы көрсетiледi. Бұл ретте, негiзгi құралдарды бағалаудан түскен салық сомасы 5в қосымшаның 7 жолынан осы нұсқаулыққа көшiрiледi.";
      мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "6г жолында Қазақстан Республикасында есептелген сыйақы (мүдде) сомаларынан ұсталған салық сомасы көрсетiледi.";
      "14-1 қосымша. IІІ-Бөлiм. Басқа да ақпарат" бөлiмiнде:
      бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1 жол. Осы аумақтық органның статистикасы бойынша экономикалық қызметтiң жалпы жiктеуішіне сәйкес кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру түрлерiн белгілеңiз.
      2 жол. Аумақтық органның статистикасы бойынша КМЖЖ-нің (кәсiпорындар мен мекемелердiң жалпы жiктеуішінің) кодын көрсетiңiз.";
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "2-1 жол. Аумақтық органның статистикасы бойынша ЭҚЖЖ-нiң (экономикалық қызметтiң жалпы жiктеуішінің) кодын көрсетіңiз.".

      N 33 Нұсқаудың 2 қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын:
                                      "Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлiгi Бас салық инспекциясының 1995 жылғы 28 маусымдағы N 33 Нұсқауына 2 қосымша


                 САЛЫҚТЫҚ МАҚСАТТА ТIРКЕЛГЕН АКТИВТЕРДI
                    ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ АМОРТИЗАЦИЯЛЫҚ
                      АУДАРЫМДАР ЕСЕПТЕУ ТӘРТIБI

                           1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
      1. Шегерiмге жатқызылуға тиiс амортизациялық аударымдарды есептеуге арналған объектілер тiркелген активтер болып табылады.
      Тiркелген активтер - салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансына ескерiлетiн және кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылатын негiзгi құралдар және материалдық емес активтер.
      2. Негiзгi құрал-жабдықтар - сатып алынған кездегi құны кем дегенде 40 айлық есеп көрсеткiштi құрайтын, қызмет мерзiмi бiр жылдан артық материалды активтер.
      3. Заңды (құрылтайшылар мен қатысушылардың шығындарын қоса алғанда) және жеке тұлғаларды кәсiпкерлiк қызметте ұзақ мерзiмдi (бiр жылдан артық) кезең iшiнде пайдаланылатын материалды емес объектiлерге шығарған шығындары материалды емес активтерге жатады.

     Материалды емес активтердi амортизациялауға қатысты құнға, егер салық 
төлеушiнiң кiрiсiне салынатын салық есебi кезiнде шегерiлiп қойған болса, 
оларды сатып алу немесе өндiру жөнiндегi шығыстар қосылмайды.
     4. Тiркелген активтер құны осы қосымшада белгiленген тәртiпте және 
жағдайларда амортизациялық аударымдарды есептеумен шегерiмге жатады.
     5. Амортизациялық аударымдар мынадай негiзгi құрал-жабдықтар бойынша 
есептеледi:
     1) тұрғын-үйлер;
     2) ғимараттар;
     3) таратушы құрылғылар;
     4) жұмыс және күш машиналары мен жабдықтары;
     5) мәлiметтердi өңдеу жөнiндегi компьютерлiк, периферийлiк құрылғылар 
мен жабдықтар;
     6) көлiк құралдары;
     7) аспаптар;
     8) өлшеу және реттеу приборы мен құрылғылар, лабораториялық 
жабдықтар, өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандар және керек-жарақтар;
     9) жұмыс малы;
     10) көп жылдық көшеттер;
     11) алдыңғы тармақшаларда аталмаған басқа да негiзгi 
құрал-жабдықтардың түрлерi.
     Көп жылдық көшеттер және жұмыс малы бойынша, егер аталған активтердi 
кәсiпкерлiк қызметте салық төлеушiлер пайдаланған жағдайда амортизациялық 
аударымдар есептеледi.
     6. Амортизациялық аударымдар мынадай негiзгi құрал-жабдықтар бойынша 
есептелмейдi:
     1) жер;
     2) кiтапханалық қор;
     3) азық-түлiктiк мал;
     4) мұражай құндылықтары;
     5) архитектура және өнер ескерткiштерi;
     6) автомобиль жолдары, жалпы пайдаланатын жаяу соқпақтар, гүлзарлар, 
саябақтар;
     7) аяқталмаған күрделi құрылыстар;
     8) фильм қорына жататын объектiлер;
     9) сценалық-қойылым құралдары;
     10) хайуанаттар бағындағы жануарлар әлемiнiң экспонаттары және басқа 
да ұқсас мекемелер;
     11) оларды пайдалануға берген сәтке дейiн қоймаларда орнатуға 
монтаждауда олардың толықтай тоқтауы жағдайы кезiнде уақытша тоқтата тұру, 
қайта құру және техникалық қайта жарақтану болып табылатын объектiлер.
     7. Амортизациялық аударымдар мынадай материалдық емес активтердiң 
түрлерi бойынша есептеледi:
     1) лицензиялық келiсiмдер;
     2) сауда маркiлерi және тауарлық таңбалар;
     3) патенттер;
     4) бағдарламалық қамтамасыз ету;
     5) табиғи ресурстарды, жердi пайдалану құқығы;
     6) өнеркәсiптiк үлгiлер;
     7) ұйымдастыру шығындары.


      8. Амортизациялық активтердi өндiруге (сатып алуға) нақты шығындар жұмсалмағандықтан, олар амортизациялауға жатпайды.
      9. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар айқындауға арналған есептi кезең салық жылы болып табылады.
      Бұл ретте, салық төлеушi салық жылы шегiнде өзгелей есептi кезеңдi (айды, тоқсанды) белгiлеуге және ай сайын немесе тоқсан сайын амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы.
      Салық төлеушi пайдаланатын амортизациялық аударымдар есептеуге арналған кезең, сондай-ақ пайдаланылатын амортизация нормалары салық жылы iшiнде өзгертуге жатпайды.
      Амортизациялық аударымдарды есептеу үшiн тiркелген активтер амортизациялық қосымша топтар бойынша таратылуға жатады.
      Әрбiр қосымша топтар бойынша амортизациялық аударымдар осы Қосымшамен белгiленген тәртiпте қосымша топтың құн балансына амортизация нормаларын қолдану жолымен есептеледi. Салық төлеушi таратылған немесе қайта құрылған жағдайда, амортизациялық аударымдар салық жылындағы қызметiнiң кезеңiнде түзетiледi.

               2. 2000 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАҒЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША
                    АМОРТИЗАЦИЯЛЫҚ ҚОСЫМША ТОПТАРДЫҢ ҚҰН
                      БАЛАНСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТIБI

      10. 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша негiзгi құралдардың қосымша топтарының құн баланстарын қалыптастыру үшiн 2000 жылғы 1 қаңтарда енгiзілген амортизациялық қосымша топтардағы ерте қолданысқа енген амортизациялық топтарға негiзгi құралдарды аударуды салық төлеушi жүргiзуi қажет.
      1999 жылғы декларацияның 13 қосымшада көрсетiлген материалдық емес активтер бойынша топтың құн балансының көлемi көшiріледi және 2000 жылдың 1 қаңтарындағы 9 топтың 2 қосымша тобы құн балансының көлемi болып табылады.
      Негiзгi құралдарды аудару салық төлеушiнiң таңдауы бойынша ықшамдалған және бөлек тәсiлмен жүргiзiледi.

      Ықшамдалған әдiс:
      1) (тұрғын үйлерден, ғимараттардан және құрылыстардан басқа) 1999 жылғы декларацияның 9 қосымшасында көрсетiлген топтың баланстық құнына салық салу мақсатында ескерiлген бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi бойынша кәсіпкерлiк қызметте пайдаланылатын барлық негiзгi құралдардың 2000 жылдың қаңтарындағы күйi бойынша қалдық құны бойынша айқындау;
      2) осы қосымшаның III-бөлiмiнің 8-тармағында келтiрiлген қосымша топтар бойынша аталған негiзгi құралдарды бөлу және осы бухгалтерлiк есеп бойынша әрбiр қосымша топтар бөлiгiндегі негiзгi құралдардың қалдық құнын айқындау. Бұл ретте, барлық қосымша топтардың қалдық құны 1) тармақшада айқындалған барлық негiзгi құралдардың қалдық құнына тең болуы керек.
      3) барлық негiзгi құралдардың қалдық құнына қосымша топ негiзгi құралдарының қалдық құнының үлес салмағын айқындау: 2) тармақша бойынша айқындалған негiзгi құралдардың қалдық құнын 1) тармақшаға сәйкес айқындалған негiзгi құралдардың жалпы қалдық құнына бөлу;
      4) 1999 жылғы декларацияның 9 қосымшаның мәлiметтерi бойынша 7 топтан (тұрғын-үйлер, ғимараттар және құрылыстар) басқа, топтың құн балансының жалпы көлемiн айқындау: декларацияның 9 қосымшасындағы М бағаны бойындағы 1-ден 6-ға дейiнгi жолдардағы сома;
      5) 2000 жылдың 1 қаңтарындағы күйi бойынша әрбiр қосымша топтың құн балансының көлемiн 4) тармақшаға сәйкес айқындалған (тұрғын-үйлерден, ғимараттардан және құрылыстардан басқа) топтың құн балансының жалпы көлемiне 3) тармақшаға сәйкес айқындалған тиiстi топтың үлес салмағына оларды көбейту жолымен айқындау;
      6) "тұрғын-үйлер, ғимараттар, құрылыстар" 7 тобы бойынша 1999 жылғы декларацияның 9 қосымшасындағы деректер негiзiнде 2000 жылғы 1 қаңтардағы I қосымша топ пен II топтардың құн балансын қалыптастыру қажет.
      Мысал. 1) Тұрғын үйлер, ғимараттар және құрылыстарды есептемегенде, барлық негiзгi құралдардың қалдық құны 2000 жылдың 1 қаңтарындағы күйi бойынша заңды тұлғаның бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша 3370,0 мың теңге, ал декларацияның 9 қосымшасындағы мәлiметтер бойынша "тұрғын-үйлер, ғимараттар, құрылыстар" 7 тобынан басқа топтардың топтық құн балансының

көлемi - 2800,0 мың теңге құрады.
     2) Аталған негiзгi құралдар осы қосымшаның 3 бөлiмiнiң 8-тармағында 
келтiрілген қосымша топтар бойынша таратуға жатады:
     5 қосымша тобы (ұялы байланыс жабдықтары)
     7 қосымша тобы (автомобильдер)
     8 қосымша тобы (компьютерлер)
     9 қосымша тобы (офис жиhазы).
     3) Бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша әрбiр қосымша топтың бөлiктегi 
негiзгi құралдардың қалдық құнын айқындау қажет:
     5 қосымша тобы - 1710,0 мың теңге,
     7 қосымша тобы - 780,0 мың теңге,
     8 қосымша тобы - 483,0 мың теңге,
     9 қосымша тобы - 397,0 мың теңге.
     Жиынтығы: 3370,0 мың теңге.
     4) Негiзгi құралдардың жалпы құнында әрбiр қосымша топтың үлес 
салмағы:
     5 қосымша тобы - 50,74 %
     7 қосымша тобы - 23,15 %
     8 қосымша тобы - 14,33 %
     9 қосымша тобы - 11,78 %
     Жиынтығы: 100 % құрайды.
     5) Әрбiр қосымша топтың 2000 жылдың 1 қаңтарына жаңа құн балансының 
есеп айырысуы декларацияның 9 қосымшасында айқындалған және 1) тармақшада 
көрсетiлген барлық топтың баланстық құнының көлемiне 4) тармақшаға сәйкес 
айқындалған үлес салмағын қолдану жолымен жүргiзiледi:
     5 қосымша тобы - 2800,0 мың теңге* 50,74 % = 1420,7 мың теңге
     7 қосымша тобы - 2800,0 мың теңге* 23,15 % = 648,2 мың теңге
     8 қосымша тобы - 2800,0 мың теңге* 14,33 % = 401,2 мың теңге
     9 қосымша тобы - 2800,0 мың теңге* 11,78 % = 329,9 мың теңге
     Жиынтығы: 2800,0 мың теңге


      6) "Тұрғын үй, құрылыс" және "Ғимарат" тобы қосымша топтарының құндық балансын айқындау үшiн 7 топ бойынша декларацияның 9 қосымшасы М бағанында көрсетiлген сомаларды осы қосымшаның 3 бөлiмi 8-тармағында келтiрілген I-II топтың қосымша топтарына бөлу қажет.
      7 топ бойынша есепте болған 1999 жылғы декларацияның 9 қосымшасындағы мәлiметтер қайта қалыптастырылған қосымша топқа көшiрiледi:
      1 қосымша топ (ғимарат, гараж) - 1700,0 мың теңге
      2 қосымша топ (жылыжай) - 450,0 мың теңге.

                                Бөлек әдiс:
      Аталған әдiс жеке-жеке әрбiр негiзгi құралдың қосымша топтарының қалдық құнын анықтау үшiн қолданылады. Бұл ретте, салық төлеушi әрбiр жылға бөлек негiзгi құралдардың қалдық құнына есеп айырысу жүргізуге құқылы.
      Белгiленген уақытта айқындалған негiзгi құралдың (тұрғын үйлер, ғимараттар және құрылыстарды есептемегенде) қалдық құны мынадай формула бойынша айқындалады:
      s=S(1-0,01n)t, мұндағы
      s - белгiленген уақытта айқындалған негiзгi құралдың қалдық құны;
      S - олардың қалдық құны анықталған сәтке дейiн қосымша топтардың құрамына енгiзiлген күннен бастап жүргiзiлген қайта бағалау есебiмен қосымша топтың құн балансына негiзгi құралдың қосылғаны бойынша құны;
      n - амортизациялық аударымдардың қолданылып жүрген нормасы;
      t - топтың құн балансына негiзгi құралды енгiзген сәттен бастап өткен есептi кезеңдер саны.
      Олардың қалдық құнын анықтаған сәтке дейiн олардың қосымша топтар құрамына енген күннен бастап негiзгi құралдарға жөндеу және (немесе) қайта бағалау жүргiзiлген жағдайда, анықталған уақытта негізгі құралдың қалдық құны мынадай тәртіпте айқындалады:
      1) қолданылып жүрген топтың құн балансының қалдық құнынан 10 % асатын жөндеу жөнiндегi шығыстар сомасына және (немесе) қайта бағалау сомасына осы активтің құнының өскен сәтке дейiнгi топқа сәйкес құн балансына негiзгi қаражаттар енгiзiлген сәттен басталған кезеңге арналған формулаға сәйкес негiзгi құралдың қалдық құнын айқындау;
      2) топтың құн балансының жалпы сомасындағы осы активтің үлес салмағын ескере отырып негiзгi құралдың өсетiн құнын жөндеуге шығатын шығыстар сомасын және (немесе) қайта бағалау сомасын анықтау;
      3) формулаға сәйкес жөндеуге шығатын шығыстар сомасы және (немесе) қайта бағалау сомасы есебiмен анықталған уақытта тiркелген активтің қалдық құнын анықтау және осы Нұсқауға 2 қосымшаның ІIІ-бөлiмiнің 8-тармағына сәйкес негiзгi құралдың қосымша топтарын құру.
      Мысал: Кәсiпкерлiк қызметте қолданылатын негiзгi құрал (электр двигателi) 1500,0 мың теңге баға бойынша 1997 жылы ақпанда сатып алынды. 1998 жылы электр двигателi жататын топтардың негiзгi құралына жөндеу жүргiзiлдi.
      1) топтың құн балансының қалдық құны 10 %-ке көтерiлетiн жөндеу бойынша шығыстар сомасына осы активтiң құнының өскен сәтке дейiнгi топқа сәйкес құн балансына аталған актив енгiзiлген сәттен басталған кезеңге арналған формулаға негiзгi құралдың қалдық құнын анықтау қажет;
      V топтан 8 процент норма бойынша 1997 жылға амортизациялық аударымдар сомасы 120,0 мың теңгенi (1500,0 х 8%) құрады, олай болса, 1998 жылғы 1 қаңтардағы электр двигателiнiң қалдық құны 1380,0 мың теңгенi (1500,0-120,0) құрады.
      1998 жылы электр двигателi жататын топтардың негiзгi құралдарына жөндеу жүргiзілдi. Топтың құн балансы 1998 жылдың аяғында 7800,0 мың теңге, ал топтың негiзгi құралдарын жөндеуге шығыстар сомасы 1998 жылы - 1800,0 мың теңге құрады. Осылайша, топтың өсетiн құн балансын жөндеуге шығыстар сомасы 1020,0 мың теңге (1800,0 - 7800,0 х 10%) құрады.
      Электр двигателiнiң қалдық құны 1999 жылғы 1 қаңтарда:
                            1
      s =1380,0 х(1-0,01 х 8 ) = 1380,0 х 0,92 = 1269,6 мың теңгенi немесе
      s = 1380,0-(1380,0 х 8%) = 1380,0-110,4 = 1269,6 мың теңгенi құраса, онда 1998 жылдың аяғында топтың құн балансындағы электр двигательдiң құнының үлес салмағы 16,28%-ке (1269,6/7800 х 100%) тең.
      2)электр двигателiнiң өсетiн құнын жөндеуге шығыстар сомасы 166,1 мың теңге (1020,0 х 16,28 %) құрады.
      1999 жылғы 1 қаңтарға электр двигателiнiң қалдық құны оның өсетiн құнын жөндеуге шығыстар сомасының есебiмен 1435,7 мың теңгенi (1269,6 мың теңге + 166,1 мың теңге) құрайды.
      3) амортизация нормасын ескере отырып 2000 жылғы 1 қаңтарға арналған электр двигателiнiң қалдық құны бiр жылда:
                             1
      s =1435,7 х (1-0,01 х 8 ) = 1435,7 х 0,92 = 1320,8 мың теңгенi немесе
      s = 1435,7-(1435,7 х 8%) = 1435,7-114,9 = 1320,8 мың теңгенi құрайды
      4) Негiзгi құралдардың қалдық құнын объектi бойынша анықтау негiзiнде амортизацияланатын қосымша топтардың 2000 жылғы 1 қаңтардағы құн балансын қалыптастыру қажет ("Тұрғын-үй, құрылыс" және "Ғимарат" топтарына жататын қосымша топтардан басқа).
      Негiзгi құралдар қосымша топтарының құн балансын 2000 жылдың 1 қаңтарындағы күйi бойынша қалыптастыру есебiн салық төлеушi өз бетiмен құрады және қосымша топтардың жоғарыда аталған құн балансын есептеу және айқындау тәртiбi бойынша деректердің барлық қажеттi және толық көлемi болуы керек. Есеп айырысуды салық төлеушi 2000 жылғы декларациямен бiрге салық органына беруi керек. Есеп айырысу салық төлеушiде талап арызының ескiруi мерзiмi iшiнде сақталуы тиiс.

                  3. ТIРКЕЛГЕН АКТИВТЕРДІҢ АМОРТИЗАЦИЯЛЫҚ
                       АУДАРЫМДАРЫН ЕСЕПТЕУДІҢ ТӘРТIБI

      11. Амортизациялық аударымдарды есептеу үшiн тiркелген активтер функционалды белгiсi бойынша бiрiккен амортизациялық қосымша топтар бойынша таратылуға жатады.
      12. Әрбiр қосымша топтар бойынша амортизациялық аударылымдар амортизация нормаларын қолдану жолымен, бiрақ есептi кезеңнiң аяғындағы қосымша топтардың құн балансына осы қосымшада белгiленген шектен жоғары емес есептеледi.
      Салық төлеушi таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда, амортизациялық аударымдар салық жылында қызмет кезеңiне түзетiледi.
      13. Тұрғын үйлер, құрылыстар және ғимараттар бойынша амортизациялық аударымдар әрбiр объектi бойынша бөлек айқындалады.
      14. Салық төлеушi амортизациялық аударымдарды әрбiр тiркелген активтер бойынша бөлек аударуға құқылы.
      Бұл ретте, қосымша топтардың құн балансы салық төлеушi салық төлеушi объектi бойынша өткiзетiн осы есепке алу негiзiнде айқындалады.
      15. Есептi кезең басында әрбiр амортизациялық қосымша топ бойынша қосымша топтардың құн балансы деп аталатын жиынтық сома айқындалады.
      Салық жылының соңына шағын топтың құн балансы былай айқындалады:
      бұрынғы салық жылында есептелген, амортизация сомасына кемiтiлген, бұрынғы салық жылының соңына топтың құн балансы ретiнде айқындалатын салық жылының басына топтың құндық балансы, сондай-ақ осы бөлiмнiң 13-15 және 26 тармақтарына сәйкес жүргiзiлген түзетулерi ескерiп
      қосу (алу)
      салық жылының басында жүргiзiлген кесiмдi активтердi қайта бағалау сомасы, сондай-ақ осы бөлiмнің 17-20 тармақтарына сәйкес айқындалған оған дейiнгi бағалау сомасы
      қосу
      осы бөлiмнiң 7-тармағына сәйкес айқындалған құн бойынша кесiмдi активтердің есептi кезеңiнде кеткен
      16. Келiп түсетiн кесiмдi активтер топтардың құндық балансында көрсетiледi:
      1) жарғылық капиталға салым ретiнде сатып алу, тегiн алу және алу кезiнде - оларды сатып алу, шығару, құрылыс, монтаждау және орнату бойынша шығыстарды енгiзетiн құн бойынша, сондай-ақ олар бойынша салық төлеушiнiң шегерiмге құқығы бар шығыстардан басқа олардың құнын ұлғайтатын басқа да шығыстар;
      2) оларды толық тоқтату жағдайы кезiнде консервация, қайта жөндеу және техникалық қайта жарақтандыруда орналасқан негізгi қаражаттарды пайдалануға енгізу кезiнде - осы қосымшаның II-бөлiмiндегi
а) тармақшасында көрсетiлген формулаға сәйкес айқындалатын қалдық құны бойынша.
      17. Шығарылатын кесiмдi активтер топтардың құндық балансында

көрсетiледi:
     1) сату, тегiн беру кезiнде, жарғылық капиталға салым ретiнде беру 
кезiнде - сату құны бойынша;
     2) оларды толық тоқтату жағдайы кезiнде есептен шығару, жоғалту, жою, 
жырту, жоғалту, консервацияға, қайта жөндеу және техникалық қайта 
жарақтандыруға беру кезiнде - осы қосымшаның II-бөлiмiндегi а) 
тармақшасында көрсетiлген формулаға сәйкес айқындалатын қалдық құны 
бойынша.
     18. Амортизацияға жататын кесiмдi активтер амортизацияның мынадай 
шектi нормаларымен топтар бойынша таралады:
-------------------------------------------------------------------------
Топтард  Тiркелген активтердiң   Негiзгi құралдар   Жаңа негiзгi құралдар
ың       атауы                   бойынша                   бойынша
қосымша                          амортизацияның        амортизацияның      
топтард                          шектi                қосымша нормасы (%)
ың N                             нормасы (%)
-------------------------------------------------------------------------
 І       Үй-жайлар, құрылыстар
 1       Yй-жайлар, құрылыстар        8
 ІІ      Ғимараттар
 1       Мұнай және газ               20
         скважиналары
 2       Мұнайгаз қоймасы             10
 3       Кеме жүретiн, су             10
         каналдары
 4       Көпiрлер                     7
 5       Бөгеттер, плотиналар         7
 6       Өзен және су жағасы          7
         ғимараттары
 7       Кәсiпорындардың              8
         темiр жол жолдары      
 8       Жағалауды күшейту,           7
         жағалауды қорғау
         ғимараттары
 9       Резервуарлар,                8
         цистерналар, бактер
         және басқа да ыдыстар
 10      Шаруашылық iшiлiк            7
         және шаруашылық
         аралық суғару желiсi
 11      Жабық коллекторлық-          7
         дренаждық желi
 12      Ұшу-қону алаңы,              8
         жолдар, әуе кемелерiнiң
         тұратын орны
 13      Парктер мен                  8
         зоопарктердiң
         ғимараттары
 14      Спорт-сауықтыру          
         ғимараттары
 15      Жылыжайлар мен               10  
         парниктер
 16      Басқа да ғимараттар          7
 ІІІ     Беру құрылғылары 
 1       Электр беру және             10
         байланыс құралдары мен
         желілерi
 2       Ішкi газ құбырлары мен       8
         тұрба құбырлары
 3       Су құбыры, канализация       7
         және жылу желілерi
 ІV      Күш машиналары мен
         жабдық
 1       Жылутехникалық               15                   15 
         жабдық 
 2       Тұрба жабдығы және           15                   15 
         газтұрба қондырғылары
 3       Электродвигательдер
         мен дизель-генераторлар      10                   10
 4       Кешендi құрылғылар           8
 5       Басқа да күш                 7
         машиналары мен
         жабдықтары (жедел
         көлiктен басқа)
 V       Қызметтiң түрлерi
         бойынша жұмыс
         машиналары мен
         жабдықтары (жедел
         көлiктен басқа)
 1       Қара, түстi                  20                   20
         металлургия машиналары
         мен жабдықтары
 2       Химия өнеркәсiбiнiң          20                   20
         машиналары мен
         жабдықтары
 3       Мұнай айыру және             20                   20
         мұнайхимия өнеркәсiбiнiң
         машиналары және
         жабдықтары
 4       Мұнайгаз өндіру              15                   15
         машиналары және
         жабдықтары
 5       Жүк көтерiмділiгi 40         25                   25
         тоннадан және одан
         карьерлiк
         автосамосвалдарды қоса
         алғанда, тау-кен руда
         өнеркәсiбiнiң
         машиналары және
         жабдықтары
 6       Электрондық өнеркәсiп        20                   20 
         жабдықтары
 7       Құрылыс материалдарын        20                   20 
         шығару жөнiндегi
         машиналар және
         жабдықтар
 8       Қағаз өңдеу, целлюлоза-      20                   20
         қағаз өнеркәсiбiнiң
         машиналары және
         жабдықтары
 9       Полиграфия өнеркәсiбiнiң     15                   15 
         машиналары және
         жабдықтары
 10      Жеңіл өнеркәсiп              20                   20  
         машиналары және
         жабдықтары
 11      Тамақ, балық, ет және        20                   20  
         сүт өнеркәсiбiнiң
         машиналары және
         жабдықтары
 12      Сауда және қоғамдық          15                   15  
         тамақтану машиналары
         және жабдықтары
 13      Көлiк, машина және           20                   20   
         тетiктер шығару үшiн
         жабдықтар
 14      Ауыл шаруашылығы            20                   20  
         тракторлары,
         машиналары және
         жабдықтары
 15      Құю өндiрiсi үшiн            20                   20   
         машиналар және
         жабдықтар, абразивтiк
         және алмаз өндiрiсiнiң
         жабдықтары
 16      Коммутациялар мен беру       25
         мәліметтерінің сандық
         электрондық
         жабдықтары, сандық
         жүйелердiң, берудiң
         жабдықтары,
         байланыстың сандық
         өлшеу техникасы
 17      Спутниктiк, ұялы             15
         байланыс, радиотелефон,
         пейджинг және
         транкинг байланыс
         жабдықтары
 18      Беру жүйесi                  10
         коммутацияларының
         ұқсас жабдықтары
 19      Киностудиялардың             8
         арнайы жабдығы,
         медициналық және
         микробиологиялық
         өнеркәсіп жабдықтары
 20      Басқа салалардың             10
         машиналары және
         жабдықтары
 VI      Басқа да машиналар
         және жабдық (жылдам
         көлiктен басқа)
 1       Өнеркәсiптiк                 20                   20  
         тракторлар
 2       Металкесушi жабдық           15                   15  
 3       Компрессорлық                15                   15  
         машиналар және жабдық
 4       Ұсталық-престеу              15                   15  
         жабдықтары
 5       Насостар                     20                   20  
 6       Көтеру-көлiк, тиеу-          15                   15  
         түсiру машиналары және
         жабдықтары, жер-
         карьерлiк және жол-
         құрылыс жұмыстары
         үшiн машиналар және
         жабдықтар
 7       Ұсақтап-үгiту, свай          20                   20      
         жұмыстары үшін
         машиналар және
         жабдықтар, сұрыптау,
         байыту жабдықтары
 8       Суасты техникалық            20                   20  
         жұмыстары үшін
         машиналар және
         жабдықтар
 9       Электрпiсiру және кесу       10                   10
         үшiн машиналар және
         жабдықтар
 10      Технологиялық                8                    8
         процестердің барлық
         түрлерi үшiн ыдыстар
 11      Басқа да машиналар мен       10
         жабдық
 VII     Жедел көлiк                  
 1       Теміржолдың                  15                   15  
         жылжымалы құрамы
 2       Теңiз, өзен флоты, балық     10
         кәсiпшілiгiнiң флоты
 3       Автомобиль көлiгiнiң         10
         жылжымалы құрамы,
         өндiрiстiк көлiк (жеңіл
         автомобилдер мен
         таксиден басқа)
 4       Жеңіл автомобилдер мен       7 
         такси
 5       Магистралдық                 15                   15  
         тұрбақұбыры
 6       Коммуналдық көлiк            10                   10 
 7       Әуе көлiгi                   15                   15  
 8       Басқа да көлік құралдары     7
 VIIІ    Компьютерлiк,                     
         перифериялық
         құрылғылар және
         мәлiметтердi өңдеу
         жөніндегi жабдық
 1       Компьютерлер                 30
 2       Перифериялық                 20
         құрылғылар және
         мәлiметтердi өңдеу
         жөнiндегi жабдықтар
 IX      Басқа топтарға    
         енгiзiлмеген кесiмдi
         активтер
 1       Көп жылғы отырғызулар        8   
 2       Материалдық емес             15 
         активтер 
 3       Офистiк жиhаз                10
 4       Инструменттер,               8
         өндiрiстiк және
         шаруашылық мүкәммалы
         мен оған жататындар
 5       Көшiру-көбейту               15 
         техникасы
 6       Өлшеу және реттеу            10
         приборларымен
         құрылғылары,
         лабораториялық жабдық
 7       Басқалары                    7
------------------------------------------------------------------------   
     Егер есептi кезең болып табылатын айдағы (тоқсандағы) жағдайда 
амортизациялық аударымдардың нормасы мынадай формула бойынша айқындалады:
     n = (1 - ( 1 - 0,01 N) 1/t ) х 100, онда
     n - амортизацияның ай сайынғы (тоқсан сайынғы) нормасы;
     N - амортизацияның жылдық нормасы;
     t - салық жылындағы есептi кезеңдер саны.


      19. Салық төлеушi пайдалануға енгiзiлген машиналар мен жабдықтар бойынша бiрiншi салық жылында қосымша аталған кесiмдi активтердi кәсiпкерлiк қызметiнде үш жылдан кем емес пайдалану жағдайында жоғары нормалар бойынша амортизациялық аударымдарды есептеуге құқылы.
      Үш жылғы кезең аяқталғанға дейiн оларды сату жағдайында жүргiзiлген шегерiм есептi кезеңде шегерiмдердің азаюы есебiнен өтеледi.
      Осы норманы салық салу және капиталдық салуларды қаржыландыруға босатылған қаражаттарды пайдалану мақсатында айқындалған таза кiрiс бар кезде табиғи монополистер қолданады.
      20. Кесiмдi активтердiң қалдық құны уақыттың белгiлi сәтiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
      s = S (1 - 0,01 n)t онда
      s - уақыттың белгiлi сәтiнде айқындалған кесiмдi активтің қалдық құны;
      S - осы баптың 2-тармағының ережелерiн ескерiп шағын топтың құндық балансына енгiзiлген кесiмдi актив бойынша құн;
      n - амортизациялық аударымдардың қолданылатын нормасы;
      t - шағын топтың құндық балансына кесiмдi активтi енгiзу сәтiнен өткен есептi кезеңдер саны.
      21. Егер негiзгi қаражаттардың сол немесе өзге шағын топтың құрамына енгiзiлген күнiнен бастап олардың қалдық құны олардың қайта есептеуi жүргiзілсе, онда негізгі қаражаттың қалдық құны белгiлi уақыт сәтiнде мынадай тәртiпте айқындалады:
      1) қайта есептеудi жүргiзу сәтiне дейiн тиiстi шағын топтың құндық балансына негiзгi қаражатты енгiзу сәтiнен бастап кезең үшiн формулаға сәйкес негiзгi қаражаттың қалдық құнын айқындау;
      2) салық мақсатында қолданылатын негiзгi қаражаттардың ұлғаю индексiне негiзгi қаражаттың қалдық құны а) тармақшасына сәйкес есептелген көбейту жолымен негiзгi қаражатты қайта есептеу сомасына айқындау;
      3) формулаға сәйкес белгiлi уақыт сәтiне белгiленген негiзгi қаражаттың қалдық құнына айқындау.
      22. Егер шыққан кесiмдi активтердің құны салық жылының соңындағы шағын топтың құндық балансынан асатын болса, асу шегi салық төлеушiнiң жылдық жиынтық кiрiсiне енгiзiлуге жатады. Бұл орайда, салық жылының соңындағы осы шағын топтың құндық балансы нөлге тең болады.
      23. Шағын топтың барлық кесiмдi активтер шыққан кезде есептi кезеңнiң соңындағы осы шағын топтың құндық балансы шегерiмге жатады.
      24. Егер осы бөлiмнің 11-тармағына сәйкес айқындалған кесiмдi активтің қалдық құны оның алғашқы құнынан 5 проценттен кем еместi құрайтын болса, салық төлеушi осындай кесiмдi активтің қалдық құнын шегерiмге жатқызуға құқылы.
      25. Ағымдағы жал жағдайында берiлген (алынған) кесiмдi активтердің құны жалға алушының топ құндық балансында ескерiледi.
      Лизингке (лизинг бойынша) берiлген (алынған) кесiмдi активтердiң құны лизинг алушының топ баланс құнында ескерiледi.
      Бұл орайда, лизинг берушіде тиiстi шағын топтың құндық балансы лизингке берiлген кесiмдi активтер құнына азайтылуы тиiс.
      26. Салық төлеушi бухгалтерлiк есепте оны жүзеге асыру жағдайында салық салу мақсатында негiзгi қаражаттарды қайта есептеудi дербес жүргiзуге құқылы.
      Бұл орайда, салық салу мақсатында қолданылатын негiзгi қаражаттардың құндық ұлғаю индекстерi бухгалтерлiк есепте тиiстi негiзгi қаражаттарды қайта бағалауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылған коэффициенттерден аспауы тиiс.
      27. Уәкiлеттi орган белгiлеген негiзгi қаражаттардың құндық ұлғаю индекстерiн қолданумен есептелген сомалар шегiндегi негiзгi қаражаттарды қайта бағалау салық жылының басынан жүргiзiледi.
      Негiзгi қаражаттардың құндық ұлғаю индексi салық жылының басынан шағын топтың құндық балансына қолданылады.
      Негiзгi қаражаттардың құндық ұлғаю индекстерi негiзгi қаражаттардың кейбiр объектiлерi бойынша қайта бағалауды жүзеге асыру кезiнде тиiстi негiзгi қаражаттардың қалдық құнына қолданылады.
      28. Осы қосымшадағы 18-тармақта көрсетiлген сомалардан жоғары жүргiзiлген қайта бағалау салық төлеушiнiң қарауы бойынша салық жылының iшiнде бiрдей жүзеге асырылады.
      Бұл орайда, уәкiлеттi орган белгiлейтiн негiзгi қаражаттардың құндық ұлғаю индекстерiн қолданумен есептелген қайта бағалау сомасынан жоғары бухгалтерлiк есепте алынған негiзгi қаражаттарды қайта бағалауға дейiнгi сома 15% ставка бойынша бағалауға дейiнгiден табыс салығын салуға жатады. Бағалауға дейiнгi сома олардың баланстық құны мен негiзгi қаражаттардың құндық ұлғаю индекстерiн қолданумен есептелген негiзгi қаражаттардың құны, арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Бағалауға дейiнгiден табыс салығын төлеу бағалауға дейiнгi өткiзу сәтiнен бастап келесi ай iшiнде жүргiзiледi.
      Бұл ретте, негiзгi құралдарды осы қосымшаның 18-тармағында көрсетiлген сомадан жоғары қайта бағалау нәтижесiнде есептелген амортизациялық аударымдарды шегерiмдерге жатқызу нәтижесiнде салық жылы iшiндегi салық төлеушiнiң залалдары салық салу мақсатында ескерiлмейдi яғни, оларды болашақ кезеңде салық салынатын кiрiс есебiнен жою үшiн көшiрiлуге жатпайды.
      29. Табиғи монополистердің негiзгi қаражаттарын қайта есептеу табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша жүргiзiледi.
      30. Терiс бағамдық айырма сомасына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (үкiметтiк) кепiлiмен қамтамасыз етiлген шетел валютасындағы несие қаражаттарына жүзеге асырылған ғимарат, құрылыс құнының қайта бағалау сомасы салық төлеушiнің жылдық жиынтық кiрiсiне енгiзiлмейдi.
      31. Кесiмдi активтердi сатып алуға алынған кредиттер (несиелер) үшiн сыйақы (мүдде) құрылыс жүргiзу кезеңiне алынған кредиттер (несиелер) үшiн сыйақыдан (мүддеден) басқа Заңның 16-бабында белгiленген тәртiпте шегерiмге жатады.
      32. Лизингке алынған мүлiк үшiн сыйақы (мүдде) осы мүлiктің құнының ұлғаюына жатады.
      33. Өз құрылысын жүргiзу кезеңiнде алынған кредиттер (несиелер) үшiн сыйақы (мүдде) құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi және амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерiмге жатқызуға жатады.
      Құрылыс аяқталғаннан кейiн төленетiн кредиттер (несиелер) үшiн алынған сыйақы (мүдде) Заңның 16-бабына сәйкес шегерiмге жатады.
      34. Шегерiм осы шағын топқа кiретiн негiзгi қаражаттарды жөндеуге шығыстар бойынша әрбiр шағын топқа қатысты жiберiледi.
      35. Әрбiр шағын топ бойынша негiзгi қаражаттарды жөндеуге шығыстар сомасы салық жылының соңына шағын топтың құндық балансына 15 процент шегiнде шегерiледi.
      Егер салық төлеушi өзге есептi кезеңдi (ай, тоқсан) қолданатын болса, онда жөндеуге шығыстар есептi кезеңнің соңына шағын топтың құндық балансына айқындалады.
      36. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алынған субсидиялар есебiнен жөндеуге шығыстар шегерiмдерге жатпайды және шағын топтың құндық балансын ұлғайтпайды.
      37. Егер салық салу мақсатында кесiмдi активтер есебi объектiлер бойынша дербес жүргiзiлетiн жағдайда Заңның 21-бабының 2-тармағымен белгiленгеннен жоғары жөндеуге шығыстар шектерi жөндеуге шығыстар жүргiзiлген олар бойынша тиiстi негiзгi қаражаттардың құнын ұлғайтуға

жатады."
     "Заңды тұлғаның табыс салығы бойынша алдын-ала есеп" N 33 
Нұсқаулығына 5б Қосымшасында:
     мынадай мазмұндағы 6-1 жолымен толықтырылсын:
     "6-1 сыйақы (мүдде) бойынша төлем көзiнен ұсталған салық есебi";
     ескерту мынадай мазмұндағы 6-1-тармағымен толықтырылсын:
     "6-1 жолы. 6-1 жолы бойынша төлем көзiнен осы салықты ұстап қалуды 
растайтын құжаттар болған кезде төлем көзiнің сыйақыдан (мүддеден) ұстаған 
салық сомасы көрсетiледi".
     
     33 Нұсқаулық мынадай мазмұндағы 5в қосымшасымен толықтырылсын:
     
                                              "Қазақстан Республикасы
                                                 Қаржы министрлiгi
                                              Бас салық инспекциясының
                                               1995 жылғы 28 шiлдедегi
                                            N 33 Нұсқаулығына 5в қосымша"
     
     СТН _____________                 _______________________
                                         (қаласы, ауданы)
                                       бойынша Салық комитетi
     Мекен-Жай ____________            _______________________
                                           (беру мерзiмi)
     Телефон ______________            _______________________
                                          (нақты берілдi)
     Банк, банк шоттары _____________
     
               Негізгi қаражаттарды бағалауға дейiнгi
                  сомадан табыс салығының есебi
----------------------------------------------------------------------     
          Көрсеткiштер                                Жол   Сома,
                                                      N     мың теңге
----------------------------------------------------------------------     
    I. Бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi бойынша негiзгi   
       құралдардың баланстық (қалдық) құны:           1 
    1) қайта бағалау жүргiзгенге дейiн                2
    2) қайта бағалау жүргiзгеннен кейiн               3
    II. Бағалауға дейiнгi сома - барлығы 
    (2 жол-1 жол),
    Оның iшiнде:
    1) негізгi қаражаттардың құнының ұлғаюы индексiн 
    қолданумен есептелген қайта бағалаудың 
    сомасынан жоғары                                  4
    2) негiзгi қаражаттардың құнының ұлғаюы индексiн
    қолданумен есептелген қайта бағалаудың сомасы 
    шегiнде                                           5
    III. Табыс салығының ставкасы                     6        15%
    IY. Төлеуге жататын негізгi қаражаттарды бағалауға 7
    дейiнгi сомадан табыс салығының сомасы 
    (5 жол х 6 жол)
    Y. Төлендi                                        8
    YI. Төленуге тиiс                                 9
----------------------------------------------------------------------     
     САЛЫҚ ТӨЛЕУШIНІҢ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛIГI
     Бiз осы есепте көрсетiлген деректердiң шындығы мен толықтығы үшiн заң 
алдында жауап беремiз.
     
     Басшы _____________                      ___________________
            (аты-жөнi)                               (қолы)
     
     Бас бухгалтер ___________                ___________________
                    (аты-жөнi)                       (қолы)
     
     Күні ______________
 
     Декларацияны құру бойынша
     қызмет көрсеткен аудитор ___________________    ______________
                               (аты-жөнi, СТН)            (қолы)
     
     МО
     
                              САЛЫҚ ОРГАНЫ
     Салық комитетiнiң
     бастығы ______________
             (қолы, күні)
     Салық төлеушiлермен жұмыс
     жөнiндегі бөлiм бастығы _______________
                               (қолы, күні)
     
     Осы Нұсқаулықтың 6 қосымшасында:
     бiрiншi ескерту алынып тасталсын;
     1-тармақта:
     бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:


      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 6-бабындағы 1-тармаққа сәйкес заңды тұлғалар өз филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - құрылымдық бөлiмшелер) үшiн табыс салығын олардың орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерге немесе Астана, Алматы қалаларының тиiстi қалалық бюджеттерiне не өз қарауы негiзiнде олардың орналасқан жерi бойынша тиiстi облыстық бюджеттерге төлеудi жүзеге асырады";
      он үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл орайда, бас ұйымның тiркеу орны бойынша салық органы басшысының қолы қойылған және мөрмен куәландырылған есеп айырысу көшiрмесi олардың орналасқан жерi бойынша тиiстi салық комитеттерiне немесе тиiстi есеп берулердi тапсыру үшiн салық заңдарымен белгiленген мерзiмдерде Астана,

Алматы қалалары бойынша тиiстi салық комитеттерiне, облыстық салық 
комитеттерiне беруге жатады (табыс салығының күтiлетiн сомасы туралы 
анықтама, жиынтық жылдық кiрiс және жүргiзілген шегерiмдер туралы 
алдын-ала есеп айырысулар және декларация).";
     сегiзiншi абзац алынып тасталсын. 
     Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.