Еңбекшілдер ауданындағы Қоғам орта мектебіне Ш. Қосшығұловтың атын беру туралы

Ақмола облыстық мәслихатының, облыс әкімінің 2000 жылғы 24 ақпанда N С-10 шешімі Ақмола облысының әділет басқармасында 2000 жылғы 24 шілдеде N 254 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының Z934200_ Заңына сәйкес, Қоғам ауылы тұрғындарының және Еңбекшілдер ауданының әкімі мен аудандық мәслихаттың ұсыныстарын, сондай-ақ облыстық ономастикалық комиссияның шешімін негізге ала отырып, облыстық мәслихат және облыс әкімі шешім етті:
      1. Еңбекшілдер ауданындағы Қоғам орта мектебіне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Шәймерден Қосшығұловтың аты берілсін.
     Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы 
     Облыс әкімі 
     Облыстық мәслихаттың хатшысы